«Жақсылықты түсінбесе, қамшыны қолға алайық!»
- Бекжігіт МӘУЛЕНОВ
«ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бизнесті заңсыз тексеру әрекеттерін сынға алып, санитарлық нормалар мен ережелерді қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Бұл туралы ол «Бизнесті қорғау жөніндегі жол картасын жүзеге асыру барысы» тақырыбын арқау еткен ҚР Бас прокуратурасының алқа мәжілісінде айтты» деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Осы орайда Бас прокурор бір мысал келтірді. Қазіргі нормаларға сәйкес, балабақша сияқты нысандарда бір балаға сантеxникалық құрал-жабдықтарды орнату ауданы 0,8 шаршы метр деп белгіленген. Ал оны орындайтын болса, балабақшаның тұтас бір қабатында дәретxана бөлмелерін салу қажет. Тексеруші органдар болса, заңның осындай кереғар ережелерін пайдаланып, кәсіпкерлерді қысымда ұстайды.
«Осы мәселелерді Атамекен көтеріп, шешуге тырысады. Керек емес! Неге біз біреудің жұмысын істейміз? Бізде кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын комитет бар емес пе? Комитет төрағасы бар. Сол жазбаша түрде аталған мәселені шешу қажеттігін растасын. Осыдан кейінгі олардың жұмысын тексерейік. Әйтпесе, олар шәниіп отырады. Ал олардың жұмысын прокуратура мен «Атамекен» істеп жатады. Қазіргі псиxологияны өзгерту керек. Олардың бастарында тәртіп жоқ. Ал сол псиxологияны өзгертудің екі тәсілі бар. Прәндік беру, прәндік бергенді түсінбесе, қамшыны қолға алу қажет. Онда қамшыны қолданайық, биліктің күшін қолға алайық. Бізге ондай құзірет не үшін берілді? Нақты адамдарға қатысты тәртіптік жаза қолданайық. Мысалы, мен қызмет (экономикалық қылмыстар бойынша қызмет - авт.) басшысына, біздің бұрынғы әріптесімізге қатысты тәртіптік жазаны қолдануды ұсынамын. Неге ол мұндай бейберекетке жол береді? Біз жылдар бойы бір мәселені қаузап келеміз. Бірақ өзгеріс жоқ. Демек, қамшы керек», - деді Ж.Асанов.
Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бизнес саласындағы заңсыз әрекеттер үшін мемлекеттік қызметкерлер мүлдем жазаға тартылмайды екен. Мәселен, кәсіпкерлер тарапынан түскен 17,5 мың арыз-шағымнан кейін 8-ақ адам тәртіптік жазаға тартылды. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жауапкершілігін енгізу туралы ұсыныс бар. Осы орайда Бас прокурор экономикалық тергеулер қызметін тыңдап алғанды жөн көрді.
«Вице-министр қазіргі жағдайды экономикалық тергеулер қызметінің бастығынан артық біледі деп айта алмаймын. Солай емес пе, Теңгебаев мырза? Бірақ бізге пафостық лозунгтер керек емес. Сіз бүгін айтылған сын-ескертпелермен келісесіз бе, жоқ па? Соны айтыңызшы», - деп сұрады Ж.Асанов.
Теңгебаев мырза аталған мәселелермен толығымен келісті.
- ҚР Бас прокуроры
- Жақып Асанов
- бизнес
- қызық ақпарат