«Домовой» туралы долбар
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Домовой» туралы долбар

Ел ішінде үй иесі, яғни «домовой» жайлы ара-тұра айтылып қалады. Көзбен көріп, қолмен түртіп көрмегенімізбен, көбіміз оның бар екеніне сенеміз. Және ол жайлы естімеген адам жоқ шығар. Шынында да «домовой» деген не? Ол қандай үйлерде болады? Және адамдарға зияны бар ма? Бұл енді қанша жылдан бері зерттеліп, бірақ нақты шешімі табылмаған жұмбақтың бірі. Ол жайлы айтылғанда адам бойын қорқыныш билейді. Көз алдыңа елестетіп көрші, жалғыз өзің отырған бөлменің есігі ақырын ашылып-жабылады. Әлдекім жүргендей болады. Бірақ көрінбейді. Көзге көрінбейтін нәрсеге сенбейін десең, басынан өткендер бар. Соның бірі – Бақберген. Енді осынау тылсымға толы тақырыпты соның сөзімен ары қарай баяндайық.

– Шымкенттің темір жол вокзалы маңында пәтер жалдап тұрдық. Студентпіз. «Шара-барадан» арзан пәтер табылғанына қуанып жүрміз. Екі бөлмелі пәтер біз төртеуміз үшін хан сарайындай еді. Алғашқы күні араласатын қыздарды шақырып, жаңа қонысымызды жудық. «Вечерден» кейін бәріміз түннің бір уағына дейін әңгіме айтып, отырған жерімізге жайғасып, жата қалдық. Ертеңіне сенбі күні Қазығұртта тұратын екі бөлмелесіміз ауылына қайтты да, біз шардаралық Біржан екеуміз пәтерде қалдық. Өткен түнгі ұйқының мазасы болмаған соң ертерек тамақтанып, жатып қалдық. Түннің бір уағында ас бөлмесінен әлдекімнің жүргенін байқадым. Жанымдағы диванда жатқан Біржан ешнәрсені сезер емес. Бөлмеде бөтен ешкім болмауы керек еді, ендеше түн ішінде ыдыс-аяқ сықырлатып жүрген кім болды екен? Қазығұрттың Шарапханасында тұратын Сәбиттің түннің бір уағында тұрып, тамақ жейтін әдеті бар еді. Бірақ ол әлгінде ғана жиналып, ауылына кетті емес пе? Енді кім? Амалсыз орнымнан тұрып, жарықты жақтым. Сықыр сап тыйылды. Асханаға баруға жүрегім дауаламады. Жарықты сөндіріп, жайыма жантая бергенім сол, асхана жақтан әлгі дыбыс тағы естілді. Көрпені бүркеніп, ұзақ жаттым. Ұйқы шайдай ашылған. Ойыма түрлі қорқыныш келді. Біржан оның ешқайсысын сезер емес. Сонымен не керек, сол күні түнімен ұйқы көрмедім. Таңертең асханадағы үстелге отырып, шай іштік. Болған жайды Біржанға айтып едім, әртүрлі әзілге айналдырып, өзімді келеке етті. Мазақ еткен оған жыным келіп, пәтерде түнде жалғыз қалдырғым келді. Бірақ біреудің баласын жын қағып кетсе, қайтемін деген оймен райымнан қайттым. Түнде әлгі дыбыс тағы қайталанды. Біреудің жүргенін кәдімгідей сеземін. Дүйсенбі күні түске дейін сабақта болып, түс қайтқанда пәтерге келсем, ауылға кеткен достар келіп, төрт көзіміз түгелденіп қалыпты. Біржан «домовой» жайлы долбардың шетін шығарып, тағы біраз әзілдеген болдық.

Күн еңкейіп, қас қарайғаннан есік алдына шығып кеттік. Бөлмеде Сәбиттің бір өзі қалған. Көп ұзамай мәйкішең сыртқа атып шыққан Сәбиттің түрі өрт сөндіргендей. Боп-боз. Әлденеден қорыққаны көрініп тұр. Сәлден соң тілге келген Сәбит «өлсем де квартираға кірмеймін» деді. Сөйтсек, диванда шалқалай жатып теледидар көріп жатқан ол ішкі бөлмеде әлдекімнің жүргенін байқапты. Қорыққаны сонша, көйлегін киуге де мұршасы болмай атып шыққан. Сол күні не керек, әр кім өзінің туысқандары мен достарын паналап кетті. Ертеңіне сабақ жайына қалды. Төртеуміз жиналып, пәтер иесін іздедік. Ол да сезгендей, пәтерақыны алдын ала алып қойған. Мән-жайды түсіндірген едік, таң қалмады. Демек, пәтерінде «домовой» ма, әлде басқа бір тылсым күш пе, бар екенін білетін сияқты. Сол күні не керек, пәтерақының жарты ақшасын әрең алып, ыдыс-аяғымыз бен киім-кешегімізді жинап, көшіп кеттік. Кейіннен сол үйдің тұсынан өткен сайын үшінші қабаттағы пәтеріміздің терезесін сырттай бақылап жүретін болдық. Одан кейін де бір-екі «квартиранттар» келіп, көп тұрақтамай көшіп кетіпті. Естуімізше, ол үйде адам өлген екен. Жалғызілікті кемпір ваннада отырып жан тапсырған. Оның қайтыс болғанын да көршілері кейіннен білген көрінеді.

Бұл біз айтып жүрген «домовой» ма, әлде өліп қалған орыс кемпірдің әруағы ма? Ол жағын нақтылап айтып беретін ешкім жоқ. Тылсымға толы дүниеде мұндай да жағдай болады екен.

Аман-Бек Ата

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter