Медицина саласы қарқынды дамып келеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Медицина саласы қарқынды дамып келеді

  • Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Жамбыл облысында соңғы бес жылда 71 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Ал биыл аймақ орталығы Тараз қаласында 300 науқасқа арналған көпбейінді қалалық аурухана қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, дәл осы жылы облысқа қарасты Меркі ауданы мен Қаратау қаласында жергілікті емханалар ашылады деп жоспарланып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов ҚР Орталық коммуникация қызметінің облыстық филиалаында өткен брифингте осылай деді. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ерекше атап өтерлігі, былтыр аймақта тұрғындардың өмір ұзақтығы орта есеппен 71 жастан асқан. 

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, былтыр облыста денсаулық сақтау саланысының қызметіне мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы артып, 41,434 млрд теңгені құраған. Оның 30,386 млрд теңгесі тегін медициналық қызмет бағытына бөлінген. 

Ал, жергілікті қазына есебінен былтыр 226 медициналық құрылғы сатып алыныпты. Оған 1244,6 млн теңге жұмсалған. «Ауылдық жерлерде жас мамандарды бекіту бағдарламасы әзірленген, жергілікті бюджеттен көтерме ақы төлеу үшін қаражат жыл сайын қарастырылады. Облысқа 5 жылдың ішінде 508 дәрігер келді, 399 маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналасты»,-деді басқарма басшысы Е.Масалимов. 

Бүгінде облыстағы ақ халаттылар саны біршама артқан. Мәселен, 2011 жылы Жамбылда 2486 дәрігер қызмет етсе, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметсе сүйенсек, олардың саны 2519-ға жеткен. Тек дәрігерлер емес, орта буынды медицина қызметкерлерінің де саны артып отыр. Осыдан бес жыл бұрын аймақта 8 909 орта буынды медицина саласының қызметкері еңбек етсе, биыл олардың қатары 9 109-ға жеткен. 

Облыстың бас дәрігері «өңірдегі медицина саласының дамуы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында» дейді. Дәл қазіргі таңда аймақта әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте диагностикалау және оны емдеу әдістерін аз уақытта жүргізу мақсатында жаңа техникалар алынған. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter