Жалақы есептеуді ешкім білмейді
- Бекжігіт МӘУЛЕНОВ
Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсіп, жаңаша жүйемен есептелетін болып еді. Осыған орай редакциямызға, әсіресе ұстаздар мен дәрігерлерден, көптеген сауалдар түсті. Баршаны қызықтыратыны – «жалақыны жаңаша есептеудің нақты бір шкаласы дейміз бе, формуласы ма немесе әдісі бар ма деген» сауал.
Былтыр білім минситрі Сәрінжіпов 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұстаздардың жалақысы 66% ға дейін өсетінін айтып еді. Жаңа жылдан бастап мұғалімдердің еңбек ақысын есептеуде алған білімі мен біліктілік санаты, жұмыс жағдайы және жүктемесі ескерілетінін жеткізген болатын. Оның үстіне, үстеме ақы төлеудің де жаңа жүйесі енгізілетінін хабарлаған. Министрдің сөзінен үстеме ақы түрі ынталаныратын және өтеме болып бөлітенінін білгенбіз. Кейін ұстаздардың айлығы 29 пайызға дейін өседі деген ақпар пайда болды. Бір анығы ұстаздардың жалақысын арттыруға ел қазынасынан 200 млрд теңге қаралған.
Бұл хабарға ерекше қуанған ұстаздардың сол жаңа жүйемен берілетін жалақыны қолына ұстар күн де алыс емес. Алған айлығының қай жүйемен есептелгенін біле жүрсін деп біз де ақпарат іздестірдік. Білім басқармасына да хабарластық. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен де байланыстық. Қос мекеме де жаңаша жалақы есептеу жүйесін түсіндіріп бере алмады. Министрліктің ресми сайтынан да айлықты есептеуге арналған нақты формула таппадық. Осыған қарағанда «алдымен айтып алып, артынан ойланамыз-ау» деген ой келді.
- жалақы
- Қазақстан
- Сәрінжіпов