Біз қаншамыз?
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
Көрші мемлекеттермен салыстырғанда бізде халықтың саны едәуір аз. Ал, халық санының аздығы – әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі сияқты проблемаларды алып келеді. Сондықтан да халық санын көбейту – қоғамның негізгі мәселелерінің бірі.
Бүгінде Қазақстан халқының саны көшіп кетушілердің көбейіп, ал көшіп келушілердің (негізінен, оралмандар) азаюының арқасында кеміп жатыр. Жыл басынан бері елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 23,9% азайды. Ал елден шет елдерге көшіп кетушілер 16,3 %-ға көбейген. Халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу тенденциясы тек Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында сақталып отыр. Еліміз және оның аймақтарында қала халқы санының өсуі баяулап, тіпті төмендегені байқалуда. Жалпы алғанда Қазақстан бойынша халық саны екі халық санағының арасында 8,85%-ға төмендесе, еліміздің өнеркәсібі дамыған аймақтарында қала халқының саны Алматы облысында – 13,3%-ға, Ақмола облысында 24,3%-ға азайды.
Біз бүгін назарларыңызға Қазақстандағы халықтың нақты санына қатысты көрсеткіштерді ұсынып отырмыз.
- халық
- мемлекет
- саны