Өлген малдың етін қайда өткізеді?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Өлген малдың етін қайда өткізеді?

  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Соңғы кездері арзан шұжыққа қатысты әңгіме көбейіп кетті. «Арам өлген малдың етін «колбасный» цехтарға өткізеді екен» деген қауесет бар. Қайда, қашан жасалғаны көрсетілмеген арзан шұжықты бүгінде кез келген сауда нүктелерінен кездестіруге болады. Тіпті сыртына «халал» деп жазып қойғандары да бар. Осылайша халал атын жамылып, жұртты жаңылыстырып жүргендерге тоқтам салатын ешкім болмай тұр.

Сапасыз өнімге байланысты тұтынушылардың арыз-шағымдары да жиілеп кетті. Өзін Салтанат деп таныстырған бір келіншек сатып алған шұжығының ішінен құстың қауырсындары мен полиэтилен пакетінің қиқымдары шыққанын айтып, телеарналардың бірінде дабыл қақты. Естіген адамның жағасын ұстататын жағдайға байланысты журналистер аталмыш шұжықты өндірген кәсіпорын басшысынан да сұхбат алды. Ол бұл өз дұшпандарының жасап отырған қасақана әрекеті екенін айтып ақталды. Қалай айтқанда да, бұл – тереңірек зерттеп көруді керек ететін тақырып. Зерттегенде де, қоғамдық пікір бүйіріне «халал» деп быттитып жазып қойған «колбасалардың» шын мәнінде халал екеніне күмәнмен қарайды. Өйткені шұжық жасауға керекті шикізат – еттің бағасы базарда жанып тұр. Әр келісі кемінде 1200-1300 теңге тұрады. Ал, тек еттен тұратын шұжықтың арзан болғаны сонша, тіпті 600-700 теңгеге де табасыз. Міне, осыдан кейін «колбасный цехтар күнделікті етті қалай жеткізіп жүр?» деген күмәні басым ой туады.

Рас, осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғала қалса адам айтуға жиіркенетін жағдайлар да сөз болады. Таяуда бір танысым өзінің өліп қалған жылқысын әлдебіреулер келіп 60 мың теңгеге сатып алып кеткенін айтты. Өлген малды кім сатып алуы мүмкін? Көзбен көрмеген соң «Оны колбасный цехтарға өткізеді» деп кесіп айту да қиын. «Арам өлген малдың етін ит асырайтындар алатын шығар» дейін десең, оған көңіл шіркін онша сенгісі келмейді. Осыдан кейін сөрелерде самсап тұрған «колбасалардың» шын мәнінде «халал» екеніне күмәнданбай көріңіз. Осы тұста «Халал» сөзін қалай болса солай пайдаланып, құнын кетіріп жүрген жоқпыз ба?!» деген де ой келеді. Бұл мәселе бүгінде билік басындағыларды да алаңдата бастады. Бір кездері Қазақстан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов баспасөзге берген бір сұхбатында кейбір қоғамдық ұйымдар сертификатты ақшаға сатып жатқанын ашына айтқан-ды. Осыған орай Бас прокуратураға арнайы хат жіберген олар егер «халал» деген стандарт заңға қайшы екенін тиісті орган растап беретін болса, онда оларға шектеу қоятынын да жеткізген. Бірақ біз қағазбастылықпен бас қатырып жүргенде өлген малдың етінен жасалған «халал» өнімдер қаншама халықтың ағзасын былғап, ауруға шалдықтырып жүрмесе деңіз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter