Танымал журналист Астана әкімін өтірікшіге теңеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Танымал журналист Астана әкімін өтірікшіге теңеді

Фото: kazgazeta.kz

Танымал журналист Дина Елгезек (Төлекова) Астана әкімі Әсет Иесекшевті ел алдында өтірікші деп сөгіп тастады. Бұған күні кеше астаналық миллионыншы тұрғынның дүниеге келуі себеп болған. Әрине, дүйім жұрттан "Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді" деп сүйіншілеткен биліктің бұл мәліметіне тек журналист емес, көптеген қазақстандықтар күмәнмен қараған болатын. Тіпті көбі мұндай статистиканы күлкіне айналдырған да еді. 

 

Журналист Дина Елгезек әлеуметтік желідегі парақшасында Исекешевтің бұған дейінгі қызметте отырған кезіндегі "өтіріктерін" жайып салды. 

"Телемост кезінде Президент кнопканы дыз еткізіп басады... Қалғандары айғайлап тұрып зауыттарды ашады... Жарты жылдан кейін әлгі зауытқа барсаңыз, ду айғайдың бу айғай екенін ұғасыз... Исекешов министр болғалы бұндайдың талайын көрдік... "Қазақстанда осыншама жұмыс орны ашылды, мынанша зауыт іске қосылды" деп телекөпір кезінде нөпірлетіп берілген ақпарды да Статистика агенттігінің мәліметімен тексеріп шығуға болады... Телекөпірдің көпіртіп берген біраз өтірігі анықталары сөзсіз..." деп жазды автор.

"Астанаға әкім болып келгені кеше еді... Исекешов екінші лауазымды қызметін тағы өтіріктен бастады... Астана қаласында миллионыншы тұрғын дүниеге келді деп елді бір шулатты... Ресми статистика бойынша, 880 мың адам тұрады... Өткен жылы қалалықтар саны 20 мыңға көбейген... Сонда деймін-ау, жарты жылда астаналықтар 120 мыңға қайдан көбейе қойған... Ол келген бір айда 120 мыңға үй қайда, күй қайда? Бала-бақша, мектеп, жұмыс, инфрақұрылым қайда??? Әлде Президенттің туған күні қарсаңында өтіріктен құралған сыйлықтарды таратып жатқан түрлері ме екен?! Мемлекет басшысының еркесі болса өзіне, бірақ,ел алдында бұл жолы өтірігі өтпеді!" деп ойын түйді журналист. 

Желі қолданушыларының көбі биліктің мұндай өтіріктеріне әбден құлақтары үйренгенін жеткізіп, бір-біріне басу айтқан. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тоқтар Серіковтің сахнадан кетуіне "қызтеке" әншілер себеп болыпты

"Көршінің қызы" деп ән салған Тоқтар Серіков сахнаға не үшін шықпай жүргенін жайып салды. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында әнші сахнадан көрінбей кетуінің негізгі себебін кәсіпкерлікті қ...

Korrespondent.kz Мәдениет

Танымал журналист Астана әкімін өтірікшіге теңеді

Танымал журналист Дина Елгезек (Төлекова) Астана әкімі Әсет Иесекшевті ел алдында өтірікші деп сөгіп тастады. Бұған күні кеше астаналық миллионыншы тұрғынның дүниеге келуі себеп болған. Әрине, дүйім ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар кабинетте былай тұрсын, енді базар ішінде де шағым айтуға көшті. Аймақ басшысы  «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайд...

Korrespondent.kz Қоғам

Алматыда белгісіз әйел дәретханада туып, сәбиін шұңқырға тастап жіберген

Алматы облысы Іле ауданы Ақши ауылындағы үйдің әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter