Ақтөбе әкімі 86 жастағы қарт сатушыны көріп, риза болды
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа тұрғындар кабинетте былай тұрсын, енді базар ішінде де шағым айтуға көшті. Аймақ басшысы «Табыс» коммуналдық базар ішін аралап жүргенінде, келеңсіз жағдайдың куәсі болды. Бақылау таразысының қасында тұрған сатып алушылардың бірі Бердібек Машбекұлына ет сатушысының өзін бағадан жаңылыстырғанын айтып шағымданды. Әкім кінәлі сатушыға "Бұлай халықты алдайтын болсаңыз, сізге сауда жасауға рұқсат берілмейді!"деп қатаң ескерту жасады. Бұл туралы aktobenews.kz жазды.
Ал базарда тұрып, тары мен талқан, құрт сататын 86 жастағы Ханзада әжеге өңір басшысы риза болды. Әжейге қажет өнімді Әйтеке би ауданында тұратын келіндері дайындап, беріп жіберетін көрінеді.
— Бойымда күш-қуатым бар кезде осылай жұмыс жасап, оларға көмектескенімнің несі айып, — дейді Ханзада әжей.
Қарт ананың белсенділігіне риза болған облыс басшысы:
— Міне, қит етсе жұмыс жоқ деп шағымданатын жастарымыз үшін үлгі болар жан. Халыққа көрсетіңдер. Осындай адамдар туралы жазу керек, — деді кейуанаға ризашылығын білдірген өңір басшысы.
- Актөбе әкімі
- Бердібек Сапарбаев
- Бердибек Сапарбаев
- Корреспондент
- қызық ақпарат