Қарақат пен Қыдырәлінің Астанадағы концертіне жалған билеттер сатылған болып шықты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қарақат пен Қыдырәлінің Астанадағы концертіне жалған билеттер сатылған болып шықты

Фото: stan.kz

Қазақстандық  "АБК" және "Ұлытау Ұлы" тобының Елорда күніне орай Астанада өткен концертінің арты дауға айналды. Себебі думанды кешті тамашалауға келгендердің кейбірі билетке қатысты шу шығарды. Концертке келген адамдар қолдарындағы билет мүлде болмаған орынға немесе бір билет екінші рет сатылғанын көріп таң қалған. Бұл туралы Today.kz жазды. 

 

Ұйымдастырушылардың бірінің сөзінше, бұл жағдайдың себебі туралы әлі ештеме белгісіз, бірақ бұл жайттың мән-жайын өздері және концертті ұйымдастырып, билет таратуға көмектескен әкімдік өкілдері де анықтауда.

Ұйымдастырушылар мұндай қателіктер баспадан кетуі мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

"Бұл музыканттардың кінәсі емес, олар фантастикалық шоу жасады. Бірақ болған жайт туралы айтарым, мұндай ешкімге де қажет болмаған. Барлық сұрақтар билетті басып шығарып, сатқан адамдарға. Олар бұл жерге келмеген сияқты", - дейді концерт ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, "жалған" билеттермен келген адамдар да концертке кірді, бірақ оларды  фан-аумақта орналастырған.

Естеріңізге салсақ, бұл концерт  "АБК" тобының 20 жылдығы мен "Ұлытау Ұлы" ансабілінің 15 жылдығына арналды. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тумаған сиырдың уызына талас науқаны басталған сияқты...

ОҚО-ға жаңа әкім тағайындалғаны сол екен, енді біраз дөкей жылы орнынан қозғалып, басқа бір орындарға ауысып қалуы ықтимал. Ұзынқұлақтан естуімізше, басқа жаққа кетуі мүмкін кісілердің ішінде облыс әк...

Korrespondent.kz Саясат

Қорғанысқа көңіл бөлмесек, қорғансыздың күйін кешуіміз мүмкін

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Енді елімізді жерде жүріп те, аспанда ұшып та, тіпті, ғарыштан да қорғайтын боламыз. Жаңа ведомствоның атауы да атандай – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі минист...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Оқиғалар

Шымкенттің «трущобалары» Мумбайдың «трущобаларына» ұқсайды

Шымкенттің орталығы мен жаңа мөлтекаудандары жыл өткен сайын құлпырып, веложолдар салынып, тротуары мен жолдары қайта-қайта жөнделіп жатса да, шет аймақтарының халі кісі қызығарлықтай емес. Әсіресе, е...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Арыстанбектің абыройы неге сонша төгіле береді?

Арыстанбектен абырой кетті. «Киноға бөлінген ақшаны қымқырып қалды» деген айыптан ақталып үлгермей жатып оған тағы бір кінә тағылды. Бұл жолы ауыр айып. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры бо...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter