Назарбаев: "Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Назарбаев: "Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек"

Фото: kapital.kz

Қазақстан Президенті индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы І жартыжылдықтағы жүзеге асырылу қорытындыларына арналған кеңеске қатысты.

 

Іс-шара алдында Елбасы тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің және фармацевтика өндірісінің халық тұтынатын тауарларымен танысып, «Қазақстанда жасалған» атты көрмені аралады. Мұнан соң жалпыұлттық телекөпір аясында Индустрияландыру картасының бірқатар жобалары іске қосылды. Бұдан бөлек, істеп тұрған өндірістердің жұмысы таныстырылды. Өз сөзінде Елбасы әрбір адамды жұмыспен қамту керектігін қадап айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы "қазақтар жалқау" деген анекдоттардан арылу қажеттігін де ескертті. 

"Әрбір азаматтың жұмысы болуы керек, отбасын асырайтын жағдайы болуы керек. Осы мәселеде біз көмектесуіміз керек. Мемлекеттің бере салатын қаражаты жоқ. Өзбектің бір мақалы бар: Жәй отырғанша, жәй жұмыс істеген артық. Осыны біз де үйренейік. Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек. Қазақстанда әрбір адам өзіне жұмыс тауып, отбасын асырауына барлық жағдай жасалған. Барлық жағдайды әкімдер мен министрлер жасауы керек", - деді ел Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Екібастұзда араққа тойып алған ару қызғаныштан құрбысын пышақтап тастады

Екібастұздағы Матросов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде әйел адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық белгілері анықталған. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны өлтірді ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Назарбаев: "Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек"

Қазақстан Президенті индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы І жартыжылдықтағы жүзеге асырылу қорытындыларына арналған кеңеске қатысты.

Korrespondent.kz Қоғам

Қырғыз Президенті: "Ұры министр болғанша, көше сыпырған артық"

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың "біреулер көше сыпырып жүр" деп айтқандарға қарата жауап қатты. атамбаев бүгін Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында орта мектеп түлектеріне алтын сертификатт...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстандағы ерекше есімдер қандай?

Қазақстандағы сирек есімдер қандай?  ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде Ромео, Царь, Эдельвейс, Теңіз, Саша Александр Людовик, Қошкелді, Кришна сияқты с...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter