Оңтүстік Қазақстанда ішімдікке сылқия тойған ананың 8 айлық баласын бөтелкелесі көшеге тастап кетті (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Оңтүстік Қазақстанда ішімдікке сылқия тойған ананың 8 айлық баласын бөтелкелесі көшеге тастап кетті (видео)

Фото: i-r-p.ru

Күтпеген жайт 29 маусым күні кешкі уақытта орын алған. Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі мен полицейлер келіп жеткен. Оларды ішкілікке толйған ананың әрекетін көрген ер азамат шақыртқан. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

Ер кісі анасының кішкентай ғана сәбиге аса қатыгездік қылық танытқанын байқаған.

 

"Мен үйге қайтып бара жатқанмын. Баланың жылаған даусын естідім. Тоқтап, ары қарай не болар екен деп біраз кідіріп тұрдым. Ол үйде кішкентай сәбидің тұрмайтынын білемін. Біраз уақыттан соң масаң келіншек сыртқа шықты. Оның артынша шыққан әйел сәбиді тура жерге тастап кетті",-дейді куәгер. Сөйтіп анасына баланы беруді құп көрмеген ол дәрігерлер мен полицейлерді шақыртқан. Болжам бойынша, ішкілікке тойып алған ана сәбиімен құрбысының үйіне барған. Содан ішімдік таусылып қалады. Сәбилі ана тағы біреуін әкелу үшін сыртқа шыққан сәтте оның бөтелкелесі жылап жатқан балаға қамқорлық танытқысы келмей, көшеге шығарып жіберген.

Ақ халаттылар сәбиді тексеруден өткізді. 8 айлық бөбек  жеңіл жарақат алған. Денсаулығы мен өміріне келер қауіп жоқ. Көңіл көтермекші болған қос келіншекке айыппұл салынуы мүмкін. Ал сәбидің тағдырына қатысты шешімді арнайы мемекедегілер қабылдайтын болады.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Оңтүстік Қазақстанда ішімдікке сылқия тойған ананың 8 айлық баласын бөтелкелесі көшеге тастап кетті (видео)

Күтпеген жайт 29 маусым күні кешкі уақытта орын алған. Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі мен полицейлер келіп жеткен. Оларды ішкілікке толйған ананың әрекетін көрген ер азамат шақыртқан. Бұл туралы Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Рианнадан асып түскен қазақ баласы ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Алматылық Әлихан Бұлдыбаев Рианнаның орындауындағы хит әнді айтып, жұртты таң қалдырды. 12 жастағы Әлиханның студияда ән орындау сәті түсірілген видео желіде жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемқызметкерлердің компьютерлері 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды

Елордалық мемлекеттік қызметкерлердің жұмывсы қиындайын деп тұр. өйткені енді оларыдң жұмыс компьютерлері кешкі сағат 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды. Еліміздің Инвестиция және даму мини...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәскеу көшесін сыпыратындар арасында шымкенттіктер де бар

"Мен Мәскеуде жұмыс істеймін, мұндағы көшелер мен арықтар мәскеуліктердің пәтерлерінен де таза". Зура Исмаилова есімді әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында осындай ой бөліскен, деп жазады Заман...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter