Шымкентттік мұғалімдер сабақ уақытында оқушыларға қара жұмыс жасатып қойған
Шымкентте құрлыс жұмысы жүріп жатқан мектеп ғимаратында оқушыларжұмыс жасауға мәжбүр болған. Нақтырақ айтқанда, Абай ауданы прокуратурасымен жүргізілген іс шаралар нәтижесінде Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында орналасқан Хамза атындағы №53 орта мектебінде бала құқықтары бұзылып, олардың еңбек күшін заңсыз пайдалану деректері анықталды, деп жазады ОҚО проркуратурасының баспасөз қызметі.
600 орындық №53 орта мектебінің қайта құру жұмыстарын орындап жатқан «Югстройсервис-Н» ЖШС-іне жұмыс жобасы бойынша мектептің ескі ғимараттарын бұзу жұмыстары жүктелген.
Алайда, 05.2016 жылы сағат 17:30 шамасында, яғни сабақ уақытында осы мектептің мұғалімдері 7-ші сынып оқушыларына ғимараттан парталар мен орындықтарды мектептің басқа аумағына тасымалдау тапсырылып, олар мәжбүрлі еңбекке тартылған. Бұзылатын ғимаратта еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан, оқушылардың денсаулығына зақым келуі мүмкін екені, бұл жұмыстар мердігермен орындалуға жататыны мектеп басшылығымен ескерілмеген. Яғни, оқушыларды оқу процесінен бөліп, мәжбүрлі еңбекке тарту арқылы олардың заңмен қорғалатын құқықтары шектелген.
Көрсетілген заң бұзушылықтар мектеп басшылығымен балалардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың қалыпты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмауынан орын алған.
Аудан прокуратурасымен қалалық білім бөлімінің басшысына ұсыныс енгізіліп, мектеп директорына «қатаң сөгіс», мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары мен оқушыларға тапсырма берген мұғалімге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктер қолданылды.
- шымкент
- мектеп
- шымкенттік оқушылар
- оқушылар жұмыс істеп жүр
- Корреспондент
- қызық ақпарат