Сотталушылар дөңгелек өңдеумен айналыспақ
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
«Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі шағын және орта бизнестің арқасында қосымша жұмыс орындары ашылуда», деп хабарлады Қарағанды облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті.
«Осылайша, АК-159/7 өндірістік зона мекемесінде (қатаң режим, Қарағандыдан 60 шақырым жердегі Долинка ауылы) ірі габаритті шиналарды өңдейтін өндірістік бөлімше ашылды. Алғашқы кезеңде 10 сотталған азамат жұмысқа тұрғызылды, алдағы уақытта өндірісті кеңейтеміз», дейді Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі еңбекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Зәуре Бекмұхамбетова.
«Өндірісті құруға кеткен барлық шығынды кәсіпкер өз мойнына алғанын атап өткен жөн. Ол кран таразылар, ұсақтаушы машиналар, екі жолақ конвейер таспалары және түрлі резинотехникалық өнімдер шығаратын резина ұнтағын жасауға қажет құрал-жабдықтар алды», деп қосты З.Бекмұхамбетова.
- сотталушылар
- дөңгелек
- Қарағанды облысы