Бомбылап болған сияқты...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бомбылап болған сияқты...

ria.ru
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Сарбаздары Сириядағы міндетін орындап болғанын мәлімдеген Ресей президенті Путин 15 наурыздан бастап оларды еліне қайтаруды бұйырды. Жарты жылға созылған миссия кезінде орыс ұшақтары 9 мың рет әуеге көтерілген. 

АҚШ бастаған әскери альянстың ДАИШ-пен күресіне көңілі толмай жүрген Ресей тек әуеден соққы жасау мақсатында ұшақтарын былтыр Сирияға жіберген еді. Олардың Шам өлкесіндегі әскери миссиясының арты дауға ұласып та жатты. Халықаралық қауымдастық өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері орыс ұшақтарының әлеуметтік нысандар мен бейбіт тұрғындар мекендейтін аумақтарды бомбылағаны туралы бірнеше рет мәлімдеме де жасады. Жуырда «The Atlantic» порталына берген сұқбатында АҚШ президенті Барак Обама да Ресейдің Сирия жерінде шектен шығып бара жатқанын айтқан еді. 

Батыс сарапшылары Путиннің бұл әрекетін «нақты болмаса да болжанған жағдай» дейді. Өйткені, Ресей Сириядағы әскери базаларында техниканы ротациялау жасамады. Бұл дегеніңіз, ол әскери жарақтың мұнда көп тұрмайтынының бір белгісі еді. Одан бөлек, кей мамандар Ресей әскерінің Сириядан кетуі Башар Асадқа берілген белгі дейді. Соңғы кезде одақтасына сенген Асад оппозициямен аса мәміле жасауға құлық танытпай жүрген. Енді Женевадағы келіссөздердің басталу қарсаңында Башадтың бетін бері бұру бірінші кезекте мигрант мәселесінде миы аши бастаған батысқа керек. Қала берді, орыс әскері Сирияға кіргелі күрдтер мекендеген Түркияның оңтүстік-шығысынан тыныштық кетті. Егер осы шиеленістер тез арада шешімін таппаса Ресей мен Батыс тағы бір бақталастық батпағына батқалы тұр. 

Қоса кетейік, әзірге Ресей Шамдағы әскери контингентінің бір бөлігін ғана шығарып жатыр. Қалған сарбаздар Сирия аумағынан ДАИШ-ке соққы беруді жалғастыратын болады. Ал, Кремльдің бұл шешімі Сирияның ресми билігі мен оппозиция арасындағы Женевада өтіп жатқан келіссөздердің күн тәртібіне өзгерістер енгізді. Бес жылдан бері бітісуге көнбей келген Сирия билігі осы жолғы келіссөздер кезінде «жұмсақтық танытарына» көпшілік сенім артып отыр. Айтпақшы, осының алдында ғана Батыс Сирия оппозициясына Башар Асадтың биліктен кетуі туралы талапты күн тәртібінен алып тастауды ұсынған болатын.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter