Түріктер мен күрдтердің қақтығысы кімге керек?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Түріктер мен күрдтердің қақтығысы кімге керек?

omskregion.info
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Наурыздың 13-і күні Түркияда болған жарлыстан 30 адам оқиға орнында қаза болды. Тағы жетеуі ауруханада жан тәсілім етті. Қазір емдеу мекемесінде 120-дан астам адам дәрігер бақылауында. Соның он алтысының жағдайы тым ауыр.

Түркия астанасы Анкараның дәл ортасындағы Қызылай алаңында іске асырылған лаңкестік әрекеттің салдары бұл. Адам көп жүретін уақытта бір әйел мен ер азамат жарылғыш зат толтырылған көлігін аялдамаға тоқтаған екі автобустың ортасында жарып жіберген. Дәл осы маңда үкіметтік ғимараттар мен шетелдік елшіліктер орналасқан. Бұл Османлылар жеріндегі соңғы бес айда орын алып отырған үшінші, отыз күннің ішінде болған екінші жарылыс. Елдің күштік құрылымдары бұл жарылысты осыдан тура ай бұрын дәл осы Қызылай маңындағы әскери жатақхана жанында болған оқиғамен салыстырып, көп ұқсастық көреді. Ол кездегі лаңкестердің әрекетінен 29 адам көз жұмған болатын. Жарылысты күрд көтерілісшілерінің «Күрдістан азаттығының қырандары» ұйымы өз мойнына алған еді. Түрік билігі бұл ұйымның Күрдістанның жұмысшы партиясымен байланысы барына сенімді. Ал, кей сарапшылар бұл жағдайды әсіресе Путинге тиімді екенін айтады. Өйткені Түркия өз шекарасын бұзған Ресейдің әскери ұшағын атып түсіргеннен кейін Путин «біз әлі оларға көрсетерміз» деп сес танытқаны баршаның есінде. Осыдан кейін Түркия шекарасының маңында күрд әскери жасақтарының белсенділігі артқан. 

Елдің Премьер-министрі Ахмет Давутоглу бұл терактіге «лаңкес» деп танылып, Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жүмысшы партиясының қатысын дәлелдейтін айғақтардың қолында бар екенін мәлімдеді. Жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Түркияның тәртіп сақшылары 11 адамды тұтқындады. Айта кетейік, Түркияда аталған ұйымға қарсы ел аумағында былтырғы жылдың 23 шілдесінен бері ауқымды операция жүріп жатыр. Елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр, Жизр секілді бірнеше қалаларда күрділік ұйымдармен қарулы қақтығыстар кейде қиян-кескі шайқасқа ұласып та қалады. 

newsukraine.com.ua

Жалпы түріктер мен күрділердің шекісуі Түркия Республикасы пайда болған алғашқы күндерден бүгінге дейін жалғасып келеді. 20-ғасырдың жиырмасыншы жылы Азия, Африка және Еуропаға жайылған Осман империясы ыдыраған тұста күрділер мекен еткен жерлер қазіргі Иран, Ирак, Сирия және Түркия Республикаларының аумағында қалып қойды. 1920 жылы Түркия мен Антанта әскери-саяси одақ арасында жасалған Севр келісімі бойынша Күрділер тәуелсіздік алуы тиіс болатын. Бірақ, соғыста жеңіліп, Еуропаның ығына жығылған сол кездегі Түрік билігіне ызаланған Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған әскерилер елде төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. 1923 жылы Түркия Республика деп жарияланды. Осы кезде Севр келісімінің күші жойылып, Осман Империясының ыдырауын заңды түрде растап, Түркияның шекараларын белгілейтін Лозанна келісімі жасалды. Бұл келісім Түркия үшін үлкен маңызға ие еді. Ол Антанта одағымен болған соғыста жеңілген Осман империясының капитуляциясын жоққа шығарып қана қоймады, Ататүрік билігі Еуропаның бақылауынан құтылды. Оған қоса, Лозанна келісіміне күрділерге тәуелсіздік беру туралы мәселе енген жоқ. Өйткені күрдтер мекен еткен таулы аумақтан мұнай табылғасын, Британия күрділердің ол қазба байлықты дербес игере алатынына күмән келтірді. Осыдан кейін, он жыл аралықта Түркиядағы күрдтер бірнеше рет бас көтергенімен нәтиже болмады.

 

1961 жылы Ирак күрдтерінің өз алдына мемлекет болуды көксеген көтерілісі бұрқ етті. Түрлі қарқынмен, ондаған жылдарға созылған бұл күрес 1978 жылы Күрдістанның Жұмысшы партиясының құрылуына түрткі болды. Осыдан бастап бұл саяси әрі әскери ұйым Түркия аумағындағы күрдтердің автономиясы үшін күресіп келеді. Бұл соғыс 1998 жылы партия жетекшісі Абдулла Оджалан тұтқындалғаннан кейін аздап саябырсығандай болып еді. Тіпті, екі мыңыншы жылдардың басында Түркияның оңтүстік-шығысында тыныштық орнаған болатын. Алайда, 2005-2006 жылдары күрд әскери жасақтары қайта жанданды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter