Батыс әлемі Путинді неге жек көреді?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Батыс әлемі Путинді неге жек көреді?

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Ресей мен оның президенті Путин төңірегінде сөз қозғағанда батыс саясаткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының сөзінен жек көрушілік болмаса да салқын леп еседі. Соңғы кездері Ресейдің әлем алдындағы беделі төмендеп кетті. Ресей дегенде көңілге Пушкин мен Толстой емес Путин мен айналасындағылар алдымен оралатын жағдайға жетті.

Американдық беделді Pew әлеуметтік орталығы әлемнің 40 еліндегі 45 мыңнан астам адамнан сауалнама алған. Соның басым бөлігі Ресейдің соңғы кездегі жасап жатқан әрекетін құптамайтынын білдіріпті. Мұндай деректі Газета.ru порталы келтірген. Басылымның деректері бойынша Ресейге асқан сақтықпен қарайтын Польша мен Иордания екен. Қос елде де 80 % тұрғындар Мәскеудің саясатына теріс қабақ танытқан. АҚШ-тың өзінде 67% американдықтар Ресейді «жақтырмайды» екен. Қала берді қос елдің арасындағы қарым-қатынасты жақсарды деп санайтындар қатары соңғы жарты жылда азайған. Құрама Штаттарында Мәскеу саясатын жек көру Ресей Қырымды аннексиялаған соң өрши түскен. Еуропа елдерінде де Кремльге қырын қарайтындар 65-70% төңірегінде. Тек, Қытай, Вьетнам және Гана секілді ел тұрғындарының көпшілігінің Ресейге бүйрегі бұрады.

Батыстың Ресейді «жақтырмауы» жауапсыз емес. «Қоғамдық Пікір» қоры ақпан айында Ресейдің 53 субъектісіндегі 105 елдімекен тұрғындары арасында сауалнама жүргізген. Сұрау алынғандардың арасында «АҚШ пен Ресейдің арасы жақсарды» дейтіндердің қарасы артқан. Осындай пікірді сауалнамаға жауап бергендердің 13% ұстанады екен. 49% пайыз респонденттерге бәрібір екен де 34%-ы екі ел арасындағы ахуал нашарлаған деген пікірде. Ал, осы ұйымның ЕО мен Ресей қарым-қатынасына қатысты сауалнамасының қорытындысы мүлдем қызық. Ресейліктердің арасында Еуроодақпен қатынас нашарлап кетті деп санайтындар саны күрт өскен. Сұралғандардың 73% Мәскеу мен Еуроодақ қатынасы нашарлап кетті деген пікірде. Және орыс елдімекендеріне ел басшылығы Еуропаның жетекші елдерімен қарым-қатынасты жақсартуға тырыспайды дейтіндер көбірек екен. 

Сонымен, Батыстың Ресейді жақтырмауының ресми себептеріне тоқтала кетсек.

1) Ресей Қырымды заңсыз тартып алды. 

2) Орыс әскері мен танкілері Украина аумағындағы ахуалды күрделендіріп отыр.

3) Ресейде гомосексуалдарға деген көзқарас дұрыс емес.

Бұл Батыстық БАҚ-тарда жиі айтылатын сылтаулар. 

Ал, нақты себептеріне келсек, Еуропа Ресейдің энергоресурстарына тәуелді. Газ және мұнай құбырларының негізгі бөлігі ол жаққа Украина арқылы өтеді. Өзі де қуат көзі мен сұйық отынды Ресейден сатып алатын Киев экономикалық жеңілдіктерді жиі талап етеді. Тіпті, Еуропаға баратын құбырдан заңсыз газ алып та жүрді. Шығыстағы көршісі украиндық бауырының осы әрекетін дипломатиялық жолмен емес қарадүрсін тәсілмен тоқтатпақ болып, ол құбырларды жауып тастап отырды. Салдарынан Еуропаның бірқатар елдерінде энергетикалық дағдарыс орын алып, балама көздерді іздеуге мәжбүр болды. Бұл Еуроодақ елдерін АҚШ-қа жақындай түсуге итермеледі. 

Батыстың Ресейді жақтырмайтын тағы бір себебі экономикалық бәсекелестікте жатыр. Қазір минералды ресурстардың әлемдегі ең ірі тұтынушысы Қытай екенін мектеп оқушысы да біледі. Есесіне, АҚШ пен Еуропадағы тауар импортының басым бөлігі аспан асты елінен келеді. Қазба байлықты сатып, арзан тауар алу бағытында батыстың негізгі бәсекелесі Ресей. Тек бір ерекшелігі бар, Ресей Қытайға минералды ресурстарын сатқанымен ол жақтан тауар импортын шектеп отыруға тырысады. Ал, өндірісін өркендеткісі келетін Қытайға бұл тиімсіз. Сондықтан Бейжің Ресей мен Батыс арасындағы «клиентке таласты» өз пайдасына шешкісі келеді. 

Батыстың Ресейді жатырқайтын тағы бір себебі – Ресей әлемдегі бірқатар елдердің диктатуралық режимін қолдайды. Бұл «демократия принциптеріне» қайшы. Ондай елдің халқын «ерікті таңдау жасауға үйретіп» жүрген АҚШ пен Еуропаның беделді мемлекеттері Ресейдің саяси ықпалын бәсеңдеткісі келеді. Ал, оған көнгісі келмеген Кремльдегі жаңа «Наполеон» әлемді «жаулаудың» бір кездері Батыстың өзі қолданған тәсілдерді пайдалана бастады. Яғни, өз бидайын өзіне қуырып беріп жүр. Мұның кімге болса да ұнамасы анық. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter