Сорқұдықтың басында
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сорқұдықтың басында

Мақтаралдағы мазаратқа тағы да қауіп төнді

Мақтааралдағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналының ернеуі опырылып, жақын маңдағы мазаратқа қауіп төніп тұр. Ата-бабаларының сүйегін су шайып кетеді деп алаңдаған тұрғындар таяуда тағы да дабыл қақты. Тағы да дейтін себебіміз, осыдан екі-үш жыл бұрын да бұл мәселе дүйім жұрттың құлағын көтерген болатын. 

Біздің зауыттар жабылу үшін ашылатындай

Өндіріс орындарының ел экономикасы үшін маңызы зор. Ол дегеніңіз – бюджетке келіп құйылып жатқан салық, екіншіден – қарапайым халықтың еңбекпен қамтылуы. Қала берді, экспортқа шығып я болмаса еліміздің өз ішіндегі тұтынушы қызығын көрер сапалы әрі арзан отандық өнім. Сондықтан да, елімізде бір кәсіпорын ашылса, балаша қуанамыз.

Тұрғындардың ендігі тағдыры не болмақ?

Шымкент қаласына қарасты «Чапаевка» елді-мекеніндегі апатты жағдайда тұрған екі үйдің бүгінгі ахуалынан біршама адам хабардар. Қақаған қыста жер астындағы кәріз құбыры жарылып, салдарынан сол жердегі Лермонтов көшесі № 1-б үй мен Ташкент көшесі № 2-а үйдің қабырғаларына сызат түсіп, тіпті сасыған иістен ол маңда жүрудің өзі мұңға айналғаны жайлы кезінде мерзімді баспасөз беттерінде жазылып, жергілікті телеарналарда көрсетілді.

Экономиканы әртараптандырмай даму мүмкін емес

Тәуелсіздік алғалы – 25 жыл. Өз валютамыз бар, дербес экономикамыз қалыптасты. Дегенмен, сол 25 жыл ішінде әлемдік нарықта өз орнымызды ала алдық па? Неге әлі күнге дейін шетелдік тауарларды пайдаланамыз? Неге экономикамыз мұнайға тәуелді күйінше қалып қойды? Жауабы біреу – Қазақстан сол 25 жылда шикізат тәуелділігінен арылып, ел экономикасын әртараптандыра алмады. Сол себепті дағдарыс жағдайында экономиканың шикізаттық емес секторы дамып, бюджетке тиісінше табыс әкеледі деп күтудің жөні жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі таңдағы сыртқы қарызы – 155 млрд 57 млн долларды құрайды екен. Оның ішіндегі ең үлкен бөлігі – Нидерландыға тиесілі. Біз голландықтарға 43,13 млрд доллар қарызбыз. 

Ақбөкеннің неден қырылғаны әлі күнге айтылар емес

Былтырғы қой жылының көктемі қынадай қырылған ақбөкенімен есте қалды. Барша ақпарат құралдары дабыл қағып, мың жерден мәселе көтергенімізбен мәселенің басы ашық күйінде қалды. Сары даланың сәні болған ақбөкендердің неден қырылғанына байланысты нақтылы жауап болмады. 

Тұрғындар жаңа депутаттан үміт күтеді

Қазақта «жол азабын жүрген біледі» деген сөз әлімсақтан бар. Бірақ бүгінгі кейбір жолдардың азабы адамнан гөрі аяқкиімге көбірек түсіп тұр. Ата-бабалар жол азабы жайлы айтқанда күндік жерлерді жаяу-жалпылама, ат-көлігін арытып жеткеннен айтқан шығар. Ал, бүгінгі жол азабы аяқтан гөрі аяқкиімге көбірек түсіп тұр дейтініміз, бұрынғыдай айшылық алыс жерлерді апта-айлап жүру қалған, заман талабына сай автокөліктер арлы-берлі зырлап жатыр. Одан қалса жамбастап жатып, межелі жеріңе жетіп алатын поезд бар. Ал, тым алысқа сапарлайтын болсаңыз әуе қатынасының қызметіне жүгіне қоясыз. 

Тұла бойы бітеу жара

Егер біз білім саласын тұтас бір организм деп қарайтын болсақ, сол организмнің бойында денені солқылдатып, мазаны қашыратын бітеу жаралар бұғып жатыр. Және ол жаралардың өзегін ота жасап алып тастаудың орнына жеңіл-желпі ем-дом жасап, жылы жауып келеміз. Қанша жерден сырқыратып, жанымызды көзімізге көрсетіп жатса да сырт көзге сездіргіміз келмейді. Ең өкініштісі, болашағымыздың іргесін қалауға тиіс саланың «сырқаты» күн өткен сайын асқынып барады. 

Қулық пен сұмдық немесе Томат зауытын тақырға отырғызған кімдер?

«Кезінде көмек қолын созған таныстардың бәрі қазір мені жек көріп кетті. Сол зауытты «тірілтуге» солардың бірі қаржылай қарыз берді, енді бірі құрал-жабдықты қарызға жөндеп берді. Сол ақшаны әлі қайтарған жоқпын. Соттан да жеңіп шықтым. Бірақ, онымен оңалған шаруа жоқ. Жексұрын болып біттім». Редакциямызға келген Ғалымжан Шерімқұлов осылай деп шерін тарқатты. 

Бұрынғы ұн зауытының кебін кимесін

Қызылорда облысына қарасты Арал ауданының орталығында 2014 жылдың желтоқсанында көптен бері тоқтап тұрған ұн шығаратын кәсіпорын қайта іске қосылып, жергілікті жұртшылықты зор қуанышқа бөлеген болатын. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен салтанатты жағдайда ашылған бұл өндіріс орнының алға қойған жоспары ауқымды еді. Алайда, дендеп тұрған жұмыссыздықты азайтуға септесіп қана қоймай, халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етеді деп күтілген ұн зауыты араға бір жыл салмастан жұмысын қайта тоқтатты.

Көпқабатты үй тұрғындары көмір жағып отыр

Жаңадан шаңырақ көтерген әрбір жас отбасының алдынан кесе-көлденең шығатын күрмеулі мәселе – баспана десек, оны ешкім жоққа шығара алмаса керек. Әрине, жас жұбайларды жылы үймен қамтамасыз етіп, бар жағдайын жасап отырғандар да бар шығар, десек те басым бөлігі баспана мәселесін айналып өте алмайды. Нағыз бала сүйіп, ұрпақ өрбітер шағында шашына шаң қатып, пәтерден-пәтерге көшіп-қонып жүрген жастарда денсаулық қайдан болсын. Жай-күйі болмаған соң дені сау ұрпақ өрбіту де қиын. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter