БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Фото: ytro.kz
Фото: ytro.kz

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып кеткен құжатты жария етті. Онда  Есентаевтар отбасындағы кикілжің туралы мәлімет жазылған.

 

"Соталды тергеу кезінде Баян және Бақытбек Есентаевтардың арасындағы жанжал отбасылық мәселелерге қатысты болғаны анықталды. Баян Есентаеваның ата-анасының айтуынша, оның күйеуі әйелін қызғанып, көзіне шөп салды деп күдіктенген. Бұл жағдайдан кейін Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған. Кейін "Лашын" тобына бейнебаян түсіру үшін Грузияға ұшып кетеді", - деп жазылған желі арқылы таралған құжатта. Бірақ,  Баян Есентаева Қазақстанға белгіленген уақыттан кешігіп, Грузиядан емес, Түркиядан ұшып келген.

"Ол  (Бақытбек Есентаев - NT) 6 маусым күні Алматы әуежайынан әйелін күткен. Алайда, продюсер сол күнгі рейстен түспеген. 10 маусым күні қатты мас күйінде ол әйелін әуежайдан туысымен бірге күтіп алады. Әйелін өзіне опасыздық жасады деп айыптаған Бақытбек Есентаев оны Байбұлақ ауылында тұратын  ата-анасына (Баянның) апармақ болады. Жол бойында екеуінің арасында жанжал туады. Бақытбек Есентаев туысына көлікті тоқтатып, шығуын сұрайды. Жанжал барысында ол әйелді соққыға жығып, көліктің есік тұсындағы қалтадан пышақты көріп, Баян Мақсатқызының іш тұсынан сұғып алады. Бұдан соң ол көліктен түсіп, туысына әйелін ауруханаға жеткізіп тастауды сұранған" деп жазылған  құжатта.  Бұл күдікті Бақытбек Есентаевтың құзырлы мекемедегілерге берген түсініктемесінен алынған жауап екен. Аталған құжаттан Баян Есентаеваның ата-анасының да түсініктемелері жазылған. Олардың айтуынша, соңғы кезде Есентаевтар әулетінде қызғаныштың салдарынан жиі ұрыс-керіс орын алған. Баянның анасы Гүлжамал Мұхитденова қызы Баянның күйеуінен ажыраспақ ойда болғанын растаған.

«NewTimes.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы аталған құжатқа қатысты Алматы облыстық ІІД-інен пікір алмақ болады. Алайда полицейлер құжаттың жалған не рас екеніне қатысты пікір білдірмеген. 

Еске сала кетейік, 10 маусым сағат 12.05 шамасында Баян Есентаева қансыраған күйінде Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алып, пышақталғанын растады. Оған жедел ота жасалды.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Райхан
0 Райхан 14.06.2016 11:44
Білмей алып болжам жасауға қандай қақыларың бар ((( . Осы мақаланы оқудың озі күнə. Өсек өмірдегі ең харам іс (( ертең тұрады. Больницадан шығады. Сосын бəрі белгелі болады. Əзір Алладан амандығын тілеп, тыныш жүрген абзал. Текке күнəға батпаңдар ағайын, болжам жасап арзан өсек таратпаңдар !
Жауап беру
Бакыржан
+2 Бакыржан 14.06.2016 18:15
Райхан,ал жаксы Баян турсын аман есен,сосын мен куйеуимнин козине шоп салдым деп айта салады деп ойлайсызба?катыннын кырык айласы бар,бирак бул жигиттин бир кателиги урмай сокпай котенинен бир теуип куып жиберу керек еди айелин кози жетип журсе.
Жауап беру
Райхан
-1 Райхан 14.06.2016 20:10
Сол орынга оздерынызды койып корыныздер.Тиыш журуге болмайды ма? Бул жерде. тек ангыме ,осек терудын кажеты не? Мазаламасаныздар жаксы игы ис болары анык.
Жауап беру
Баян
+7 Баян 15.06.2016 09:26
Какая Вам разница , изменяла она мужу или нет ! Главное чтобы выздоровела и сама решила свои семейные проблемы. В каждой избушке свои погремушки!
Жауап беру
біл
+1 біл 15.06.2016 18:14
Уахабиттер құтырады. Оқу Күнə деп қойып өзі оқып отыр. Миында рахион суы болса керек.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter