«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?
  • Мақпал ТӨРЕБЕК

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? Кім не десе де, бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер аз емес. Өйткені, шыны керек, жағдай жасалмаған, көгілдір отын жоқ, кей ауылдарда тіпті ауыз суды сатып ішеді, жолы нашар, тағысын тағы кемшіліктері көп ауылдарға қалада білім алған жастардың дені барғысы келмейді. Сонымен, жеті жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен бет алысын байқамақ ниетпен біз облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаевқа сауалдарымызды жолдаған болатынбыз... 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы түрлі сала мамандарын қамтиды

Ауылды аймақтарды әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз етуді мақсат еткен бағдарлама қай салалар бойынша мамандарға мүмкіндік береді? Бұл тұрғыдан алғанда да бағдарламаның өзіндік талап пен шарттары бар. Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жұмыс іздеуші мамандар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы бойынша олардың қатарындағы агроөнеркәсіптік кешен мамандарына агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтар енгізілген.

Бағдарлама жастарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман ауылдық елдімекенге жұмысқа орналасқан жағдайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында тек қана 70 айлық есептік көрсеткішке тең сомада біржолғы көтерме жәрдемақы және қажеттілігіне қарай тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01 % мөлшерiндегі сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған маман ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. 

Егер сіз өз қызметіңізді ауылдық жерде 5 жылдық жұмыс өтеушілікпен әлеуметтік сала мекемелерінде (денсаулық, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт) бастаймын немесе жалғастырамын десеңіз, онда келесідей мемлекеттік әлеуметтік қолдауға ие боласыз:

– Көтерме жәрдемақы, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс еселік көрсеткіші немесе 105 840 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап);

– Бюджет несиесі, айлық есептік көрсеткіштің алты жүз отыз еселік көрсеткіші немесе 952 560 теңге (2011 ж. 1 қаңтардан бастап мамандарға тұрғын үй алатын 15 жылға арналған бюджеттік несие, сыйақы мөлшерлемесі жылына несие сомасының 0,01% көлемінде белгіленеді). Ауылдық жерде тұрғын үй алу үшін маманға аталған сома көлемінде баспана алу ұсынылады немесе маман өз есебінен қосымша шығын шығарады.

– Ауылдық елдімекендерге арналған республикалық бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік сала мекемесі маманының қызметтік айлығын кемі 25%-ға өсіру.

Маман ретінде аталған әлеуметтік қолдауларға ие болу үшін сіз ауданның (облыстық маңыздағы қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органына құжаттарыңызды тапсыруыңыз қажет.

Қандай құжаттар қажет?

Дипломыңызға көз жүгіртіңіз... Жоғарыда біз айтқан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты 8 саланың біріне құжатыңыз сәйкес келсе, төменде көрсетілген құжаттарды жинауға кірісуіңізге болады. Өйткені сізге мемлекет тарапынан бағдарлама аясында жоғарыда атап өткендей әлеуметтік қолдау шаралары, яғни қаржылай көмек көрсетіледі. Оны алу үшін алдын ала құжаттарыңызды рәсімдеуге тиіссіз. Олай болса, көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бөлінетін бюджеттік кредитті алу үшін жинақтайтын құжаттарыңыз төмендегідей:

- Өтiнiш;

- Жеке куәліктің көшiрмесi;

- Жаңа жұмыс орны (ауылдағы) бойынша кадр қызметін растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

- Бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

- Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер, тиісті елдімекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;

- Сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; 

- Неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

- Аталған ауылдық елдімекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.

Ал көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй салуға бюджеттік кредитті алған кезде жоғарыда аталған құжаттарға қосымша маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт, кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі, кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты, берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім қажет. Аталмыш рәсімделген құжаттарды жинақтаған соң, оны ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) уәкілетті орган комиссияның жұмыс органына ұсыну қажет. Сондай-ақ, құжаттар түпнұсқалармен бірге беріледі және оны көшірмемен салыстырғаннан кейін олар иесіне қайтарылады. Жұмысшы орган мамандардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, олардың растығын тексереді, қаржы құралдарына қажеттілікті есептейді және бес күн ішінде комиссия қарауына жібереді. Ал комиссия құжат түскеннен бастап, он күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдауды қарастыруды ұсынады. Ал аудан әкімдігі комиссия ұсынысы келіп түскеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде сізге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы қаулы қабылдайды. Қаулы қабылданғаннан кейін 7 күнтізбелік күн ішінде аудан әкімі, сіз және сенімді өкіл арасында мамандарға бекітілген формада әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну келісімі жасалады. Егер сіз жалған құжаттар берген болсаңыз, өтінішіңіз қабылданбайды. 

Келісім жасалғаннан кейін: жұмысшы орган жеті күнтізбелік күн ішінде сіздің жеке есеп шотыңызға көтерме жәрдемақыны аударады және сенімді өкіл (агент) Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген тәртіппен отыз жұмыс күні ішінде маманға тұрғын үй алуға несие ұсынады (несие бойынша маманның міндеттемелерін орындауда осы алған тұрғын үйі кепіл болады). Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда, Бәйдібек, Қызығұрт, Мақтарал, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара, Арыс, Кентау, Түркістан аудандық (қалалық) экономика және қаржы бөлімдері, сондай-ақ Ордабасы, Отырар, Сайрам аудандарының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері әкімші болып табылады.

Былтыр бағдарлама арқылы 303 маман баспаналы болды

Өткен жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 734 маманға 101,8 миллион теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы ұсынылған. Ал әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені саласы мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жеңілдетілген бюджеттік кредит түрінде 893,7 миллион теңге қаржы қарастырылып, нәтижесінде 303 маман баспаналы болыпты. Ал биыл ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарды әлеуметтік қолдау үшін мемлекет тарапынан 1 057,5 миллион теңге бөлініп, оның 954,5 миллион теңгесі мамандарды тұрғын үймен қамтуға бағытталып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Өйткені елді дағдарыс кезінде асырайтын — ауыл. Ал ауылда жұмыс болу үшін, ол қаланы асырай алу үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» — деген еді. Шынында да, өздеріне қажетті білімді игерген бүгінгі жастар оны ауылдың абыройы артуына қолданса, еліміздің болашағы жарқын, ал жастарымыздың еңбегі еш кетпес еді деген үміттеміз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Қызғалдақ
+1 Қызғалдақ 14.09.2016 21:46
Сәлеметсіздерме! Менің сурайын дегеним дипломмен ауылга багдарламасын мен алу ушин жолдасымнын атында жер болса кедерги болмайма?
Жауап беру
Ардак
-1 Ардак 20.09.2016 16:21
Сəлеметсіздерме. Куйеуім атында жер бар. Сол жерге уй салуға жәрдемақы ала алам ба.
Жауап беру
Ардак
-1 Ардак 20.09.2016 16:23
Прописка іле ауданынан Қарасай ауданына келдім. Куйеуім атында жер бар сол жерге уй салуға жәрдемақы ала алам ба? Қаладан осы ауылға жұмысқа орналатым.
Жауап беру
Ардак
-1 Ардак 20.09.2016 16:23
Прописка іле ауданынан Қарасай ауданына келдім. Куйеуім атында жер бар сол жерге уй салуға жәрдемақы ала алам ба? Қаладан осы ауылға жұмысқа орналатым.
Жауап беру
Илияс
+3 Илияс 29.09.2016 10:33
Əптен, осы несиены быздын онтустык казакстанда алу мүмүкын емес, 3 жылдан беры журм алалмаи, тек бастыгы танысы барлар гана алады, онында 400 000 мынын оздеры алады. Карапаим халык армандамасада болады, сонда бул багдарламалары тек бастыктар оз жагдаиларын одан ары жаксылауга шыгарганба?
Жауап беру
Аноним
+3 Аноним 04.10.2016 00:41
Салеметсизбе!мен Шыгыс Казакстаннан боламын. Мен диплом мен ауылга багдарламасымен 5жыл болды жумыс истеп жургениме, менде алгаш барганда документымды кабылдамай, бюджетте акша калган жок, келеси жылы келиниз деген. Содан мен осы создерин жазбаша турде талап еттим. Нур отанга апарамын жазбаша бериниз жауабынызды деп. Сосын маган. неге нур отанга бардыныз деп коркактап сол жерде документимди кабылдады, сол сиякты жазбаша турде талап етиниз жауаптарын. Керек десениз Нур отанга барыныз. Олар сиздин бир тиынынызды алуга кукысы жок. Саттилик сизге!
Жауап беру
Гүлфайрус
0 Гүлфайрус 19.10.2016 13:23
Мейірбикелерге қай жақта жұмыс бар?
Жауап беру
Арай
+1 Арай 10.12.2016 22:07
Сонда уй бердиме саган
Жауап беру
Аноним.
0 Аноним. 04.10.2016 00:43
Нур отанга барыныз. Жол корсетеди.
Жауап беру
Коркем
0 Коркем 29.09.2016 13:41
темiр жол дипломымен аулда не жумыс бар
Жауап беру
Коркем
0 Коркем 29.09.2016 13:42
темир жол дипломымен аулда кандай жумыс бар
Жауап беру
айнұр
0 айнұр 01.11.2016 12:36
салеметсізбе дипломен ауылға бағдарламасы тек мұғалімдер мен дәрігерлерге арналғанба меніңмамандығым төтенше жағдайлар бағытына барма
Жауап беру
Бексултан
0 Бексултан 04.11.2016 21:10
Сəлеметсіздерме? Мен көрсетілген құжаттарды жинап, оны кімге?, қайда апарамын? Цонға ма, əкімшілікке ме əлде гараноға ма?
Жауап беру
Арай
-2 Арай 10.12.2016 22:04
Мен даригер боп жумыс истеймин киргениме 6ай болды барак мен дикретныйдын орында журмин и маган уй бермей отыр сен уакытша отырсын деп бастык бемей отыр енди не истеуге болады.озим мед акдемияны битиргем
Жауап беру
Аноним
+4 Аноним 11.01.2017 22:38
Мед.акАдемияны бітіргеніңіз байқалып тұр, дикретный емес декретный... дипломмен ауылға!...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter