Тінікеевтің «тоқпағы» немесе депутатқа тапсырыс берген кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тінікеевтің «тоқпағы» немесе депутатқа тапсырыс берген кім?

  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

«Не шықса да депутаттардан шығады» деп едік. Бұл құбылыс үрдіске айнала бастаған сыңайлы. Парламент Мәжілісінің тағы бір депутаты елді шулатты. Шулатқанда да бұл жолғысының жөні тіпті бөлек. Бұған дейін «халық қалаулылары» деп атап жүргендеріміз сол халықтың, жұмсартып айтқанда, «қытығына» тиіп қана қойған еді. Бірі «Астананың атын өзгертейік» деп, жампоз-жағыпаздығын өткізе алмай сөзге қалды. Оны «төрт аяқтап» қолдаған екінші депутаттың да халық кім екенін ажырата алмай дал боп жүргенде мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің тірлігі тіпті тұрпайылығымен тітіркендіріп жіберді.

Бұл аптада жұрт жабыла талқылап жатқан тақырып – Тінікеевтің «тоқпағы». Желіде тарап кеткен бейнежазбада Мұхтар Бәкірұлы Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойдың шашынан ұстап, жағынан тартып-тартып жібереді. Арасында әлгіні бір жаққа кіретін-кірмейтінін сұрап жатыр. Таспа тілінің біразы аударуға жатпайтын нормативті емес лексикадан тұрады. Назар аударарлақ тұсы да – осы. «Ер шекіспей бекіспейді» дейді қазақ. Жігіт болған соң шекісіп қалатын кездер болады. Өзіңнің осал емес екеніңді дәлелдеуді қажет ететін жағдайлар туындайды. Ең әрісі, шапалақтан өлген еркекті көргеніміз жоқ. Ондай-ондай боп тұрады. Бірақ, елдің атынан сөз ұстайтын адамның, адам болғанда да қарапайым емес, заң шығарушы органның мүшесі, «по фене ботать» етіп тұрғанын көргенде «сонда біздің билікте бұрынғы бандиттер отыр ма?» деген ойға қаласың. Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ, білетіндердің айтуынша, «ондайлар» жүрген жерінде темір тәртіп орнатып қояды екен. Ал, біздегі мемлекеттік органдағы ахуалды айтпай-ақ жұрт біліп жүр.

Интернеттен шыққан сөз отыз рулы елге тарайтын мына заманда депутаттың даулы видеосы дүйім жұртты дүрліктіріп жіберді. Онсыз да бас жақтың әрекетіне қарны тоймай, тиісерге қара таппай жүрген бұқара депутатты бір пәсте қиялы мен тіл байлығы жеткен жерге дейін апарып тастады. Ал, сол жазбаның соңғы жағына қарай өзін адам қылған сол Мұхтар Бәкірұлы екені айтып, ағынан жарылған қарағандылық экс-депутаттың сөздерін халық «қарға қарғаның көзін шұқымайдыға» жорыды. Тек бетінен шапалақпен ғана ұрады екен. Бұл көріністі осыдан екі жыл бұрын болғанын айтқан Мұхтар Тінікеевтің уәжін табан астында жоққа шығарғандар да табыла кетті. Оқиға болып жатқан орындағы теледидардан көрсетіліп жатқан көріністің осыдан ары кетсе апта бұрын болғанын да дәлелдеп шықты. Тағы бір назар аударатыны – осы тұс.

Бейнежазба пайда болы-сымен-ақ, оны жілік-жілікке шағып, әр сөзін сараптап, әр әрекетті әспеттеушілер көпке естілмеген бұйрық шыққандай Мұхтар Тінікеевке жабыла кетті. Ақыры, депутат ауруханадан бір-ақ шықты. Таспаның кездейсоқ пайда болмағанын біраз адам түсінді. Әрі ондағы әр секундта болып жатқан оқиғаларды талдаушы «сарапшылардың» сөзінен кейін мұның бәрі белгілі бір адамның беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған диверсияға ұқсап кетті. Тіпті биліктің жоғарғы сатысында жүргендердің өздері де осыған ұқсас пікірін айтып қалды. Егер ел тізгінін ұстаған азаматтар сондай ойда болса, демек, бізде «көзге жауыр» болған адамға қарсы әртүрлі қитұрқы әрекеттердің ұйымдастырылатыны рас болғаны. Жақпай қалған адамға жала жауып, алдымен оны абыройынан айыру үйреншікті іс болғаны ма? Ал, беделден жұрдай болғанның белін сындыру түк емес. Әрі оны жек көріп кеткен жұрт іздемейді де, жоқтамайды да.

Сонда Мұхтар Тінікеев несімен ұнамай қалуы мүмкін? Талай жылдан бері Мәжілісте жүрген оның Үкімет мүшелеріне ыңғайсыз сауал жолдап, біраз заң жобаларының шикі тұсын айтып, «антихалықтық» деп кері қайтарылуына себеп болғаны баршаның есінде шығар. Кешегі «Коллекторлар туралы» заңды еске алыңыз. Егер сол күйінде қабылданып кеткенде, борышкерді қалай болса солай бопсалап, банк алдындағы қарызын өндіріп, оның жартысын өзіне алып қалатын коллекторлардың қалай байып шыға келетінін елестетіңіз. Бұл – Тінікеев «теріске» шығарып тастаған заң жобасының біреуі ғана. Ал, Мәжіліс есігінің арғы жағында біз біле бермейтін талай құжаттар қаралып жатыр.

Кеңес одағына шабуыл жасамас бұрын Германия Сталин жүргізген репрессияны ұтымды пайдаланып, КСРО-дағы жансыздары арқылы ел басына күн туса, қарсы тұра алатын, халықты біріктіре алатын тұлғалардың сыртынан «бөтен елдің тыңшысы» деген домалақ арыз ұйымдастырып, көзін құртқанын растайтын құжаттар жетерлік. Біздегі жағдай да соны елестетеді. Билік эшелонында жүріп, «ортақ өгіз» туралы жобаларды сынаған біраз адамдар бүгінде саясат сахнасында көп көрінбейді. Мәжілісте өзгелерден көбірек белсенді боп жүрген Мұхтар Тінікеев те сондай «ойынның» құрбаны болуы мүмкін ғой?! Әйтпесе, сондай беделі бар азаматтың ерсі қылығын таспаға түсіріп, оны ғаламторда жариялау кімге керек болды? Кімнің батылы барды екен? Осы жағы назардан тыс қалып отыр. Бір топ бастап беріп еді, мәселенің байыбын жан-жақты зерделеп алмай, «жығылғанға» жабылдық та кеттік.

Осының өзі көп нәрсенің бетін ашып берді. Ең бірінші, елді басқару мен кадр тағайындау және сайлау саясатында түбегейлі өзгерістер қажет екені көрінді. Алдымен, ел тізгінін ұстар азаматты тағайындаудың алдында әбден зерттеп алу керек шығар. Қала берді, бір саланы басқарып отырып, онда «бүлдіріп» қойған адамды екінші жерге тағайындау тәжірибесін де тоқтату керек. Әкімдер мен министрлердің қызметін де сайланбалы ету қажет сияқты. Әйтпесе, басшылық қызметте көп отырып, өзін теңдессіз менеджер сезініп кеткен дөкейлеріміз қой ғана көтеретін «семіздікті» көтере алмай қалып жүр. 

Бізде – президенттік билік және мемлекеттегі негізгі лауазымға кандидаттарды да Елбасы ұсынады, Парламент келісімін береді. Соңғы кезде ерсі қылығымен ел көзіне түсіп қалғандардың біразы Президент тағайындаған адамдары болған соң, оның барлық жаман аты да соған тиіп жатыр. Айналып келгенде, билік басындағылар бірдеңе бүлдірсе, оның кесірі тұтас мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретіні – айтпаса да түсінікті нәрсе.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter