Тәжиеваның жауабы шындыққа жанаса ма?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Тәжиеваның жауабы шындыққа жанаса ма?

Тәжиеваның жауабы шындыққа жанаса ма?
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Жалған ақпар берудің ар алдында да, заң алдында да жауабы жеңіл емес. Заң алдында жауап береді дегеніміз, біздің құқықтық-зайырлы мемлекетте әрбір келеңсіз жағдайдың алдын алуға, болған жағдайда жауапқа тартылатынына заң кепіл. Ал, ар алдындағы жауапкершіліктің салмағы тіпті ауыр. Мысалы, өтірік айтып абыройын төккендер көпке дейін елдің бетіне тіке қараудан қалады. Сол себепті де біздің текті халық малын жанының жолында, ал жанын арының алдында құрбан ете салады.

Несін жасырамыз, қазір жоғарыға кететін есепке өтірік араласпайды деп ешкім айта алмайды. Араласпайдыны айтамыз, тіпті кейбір мәліметтердің тұла-бойы тұтастай өтіріктен тұрады емес пе? Кейде адам айтса нанғысыз өтіріктердің шынайы айтылғаны сонша, өзіміз де сеніп қаламыз. Бұл – бүгінгі қоғамның бетпердесін сыпырып тастап, ішіне үңілгенде көрген-түйгеніміз. Бірақ, басқа сала басынан бақайшағына дейін былғанса да, бала тәрбиелейтін білім саласы мұндайдан ада болатын шығар дегенбіз. Сөйтсек...

Біз әлі де жоғарыдағы келеңсіздіктерге адам жанының инженері саналатын білім саласының өкілдерін қиғымыз келмейді. Қимаймыз да. Тек, иә, тек сенімге аздап селкеу түсіретін кейбір көріністерге тап келетініміз болмаса. Мысалы, биылғы оқу жылының басында Білім басқарамасының мамандары Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылында мектептер оқулықпен 100 (!) пайыз қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Біз сенбедік, өйткені жылдағы әдетімен биыл да оқу басталмай жатып «оқулық жетіспейтіні» жайлы арыз-шағымдар қаптап кетті. Мектептерге жетпеген оқулықтар, есесіне, қара базарларда удай қымбатқа сатылып жатты. Балаларымыз мектеп жасында болған соң, қара базардағы сауданың «қызуына» өзіміз де септескеніміз бар. Сала басшылары 100 пайыз қамтылды деген облыста, оның ішінде орталықтағы Шымкентте біз де тұрамыз. Балаларымыз қаладағы №55 мектепте оқиды. Сенесіз бе, 5 сынып оқитын баламызға бес кітап, 3 сыныптағы қызымызға 4 кітап жетпей қалды. Сонда салаға жауапты мамандар «Кітаппен 100 пайыз қамтамасыз еттік» деп кімді алдағысы келеді?

Әділдіктен, шындықтан үмітті болған біз баламызға кітап жетпегенін біле тұра Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиеваға ресми хат жолдадық. Мә, саған... «ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы жаңартылған үлгідегі оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен 2015-2022 жылдарға дейін кезең-кезеңмен мектеп оқушыларын 100 пайыз қамтамасыз ету туралы кестесіне сәйкес 2016-2017 оқу жылына ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығы негізінде 1-8 сыныптардың оқулықтары 100 пайыз, 4 сыныптың «Ағылшын тілі», 9 сыныптарға «Зайырлы этика және дінтану негіздері» оқулықтары және Елбасының атынан 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде сыйға беру үшін «Менің Отаным – Қазақстан» оқулығына сонымен қатар, оқушы санының артуына байланысты қосымша 7 сыныптың оқушыларына 20 пайыз көлемінде қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді», дейді қаланың №1 ұстазы қол қойып, мөр басқан ресми құжат. Сонда кімге сенеміз, бір емес, екі емес әр қайсысы 4-5 кітаптан кем алған алдымыздағы екі оқушыға сенеміз бе, әлде «Кітаппен 100 пайыз қамтамасыз» еткенін қайта-қайта шегелеп айтқан Жанат Тәжиеваға сенеміз бе? Жанат берген жауап, шынында да, шындыққа жанаса ма?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter