Сіздің елдің азаматы кім?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сіздің елдің азаматы кім?

Амантай АСЫЛБЕК, «Аттан» қозғалысының жетекшісі: «Қазақстанның туын көтеру үшін биік ағаштың басына да шықтым»

«Аттан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбекті жұртшылық түрлі қоғамдық-саяси шараларға белсене араласып, ат үстінен түспей, қазақ қоғамын имандылыққа шақырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге үндеп жүрген азамат ретінде таниды. Ол өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында құрылып, Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысы белсенділерінің бірі болды. Тіпті Семей ядролық полигоны командованиесінің 1991 жылдың 28 тамызынан бастап сынақ алаңында ешқандай жарылыс болмайтыны жайлы мәлімдемесі мен хаттамасында, анықтамасында жауапты тұлғалармен қатар «Аттан» бейбітшілік шеруі қоғамдық комитетінің төрағасы һәм ядролық полигонды жою жөніндегі халықтық штабтың жетекшісі ретінде Амантай қажының да аты аталады.

Нұрхан СҰЛТАНБАЙҰЛЫ, ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты: «Қытайдағы ұйғырлар «сендердікіндей «Қытайдағы ұйғырлар «сендердікіндей бәріміз бір-ақ түнде шекарадан өтіп кетер едік» дейді екен

«КОРРЕСПОНДЕНТТІҢ» анықтамасы:

Нұрхан Сұлтанбайұлы ТОПАНБИ. 1961 жылы 19 сәуірде Қытайдағы Алтай аймағының Жеменей ауданына қарасты Қаржау ауылында дүниеге келген. Әдебиет әлеміне 1980 жылдан араласа бастады. Оның жүзден аса өлеңдері, «Поэзия суреті», «Атан», «Оң қолымды жылан шағып» атты толғаулары мен дастан-поэмалары Қытай Халық Республикасы басылымдарында әр жылдары жарық көрген. Қытай қазақтары жас ақындарының топтама-жинағы – «Үкілі ырғайда» жырлары жарияланып, сыншылардың оң пікіріне ие болды. 1997 жылы Қазақстанға түбегейлі көшіп келген. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасында «Біз осындай» өлеңі үшін жүлде алса, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Желбірей бер көгімде көк байрағым» бәйгесінде «Найзағай намыс» очерк-өлеңдері үшін бірінші орынды иеленді. Нұрекең Шыңжаң (бұрынғы Шығыс Түркістан) өлкелік қазақ тілі және мәдениет ғылыми қоғамның өлкелік және Іле Қазақ облыстық Жазушылар одағының мүшесі болған. «Адасқақ», «Аралдағы жалғыз жан» өлең жинақтары жарық көрген.

Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ, философ, академик: «Алла жаққан отты адам үрлеп сөндіре алмайды»

«Бір түнде әкеміздің қолына кісен салынды»

– Әбдімәлік аға, қазақтың жақсылары мен жайсаңдары жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ешбір сұраусыз атылып, айдалып жатқан шақта жарық дүние есігін ашыпсыз. Білуімізше, осынау қиын-қыстау кезең Сіздің өміріңізде де ізін қалдырған екен.

Қуат ДОМБАЙ: «10-15 жылда пиар-маманға орыс тілін білудің қажеті болмайды»

Қуат Домбай – Қазақстандағы тұңғыш PR-мамандардың бірі. Қазіргі таңда «Қазкоммерцбанк» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаментінің директоры. «Понтсыз пиар» (2009 жылдың бестселлері) және «Абырой-менеджмент: беделді басқару» (2013 жыл) атты кітаптардың авторы.

Шәмшабану ХАМЗАҚЫЗЫ, ақын, ағартушы: «Қытай үкіметі бізді «шеттің шегесі» деп, бақылауда ұстады»

– Адамның тұлға ретінде қалыптасуында оның туып-өскен ортасы ерекше рөл ойнайтыны анық. Немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейміз қысқа қайырып. Әңгімемізді алдымен өзіңіздің түп-төркініңізден тарқатсақ...

Өзгенің өмірін сақтаймын деп өзі өмірмен күресіп келеді

Орда бұзар жасқа келген Арнұрдың атын білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Талай-талай телеарналардың құтты қонағы болған, талай-талай басылымның кейіпкері атанған азаматтың хәлін білейік деп біз де Оңтүстіктен Астанаға қоңырау шалғанбыз. Арманын айта бермейтін Арнұрдың айтқандарын өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік.

Жетімдердің жебеушісі – Ысқақ ата

Бала күнімнен өзіме етене таныс есімнің бірі – Ысқақ Жұмашев. Осыдан он екі жыл бұрын тап осы отбасы жайлы бір жапырақ жұқа кітапты әкеммен бірге оқығаным – әлі есімде. Сондағы оның «Өмірді осындай адамдар көбірек сүруі керек қой...» дегенін қалай ұмытайын. Одан бері осынау арда азаматтың аты аз айтылып жүрген жоқ. Кешегі ел ағасы бүгінде арда тұтар ақсақалға айналған. Өзімді көпке дейін ойландырған кітаптың атын да, авторын да балалықпен байқамасам керек. Көп іздеген «Шаттық ұялаған шаңырақты» да, авторы, журналист Бекжігіт Сердәліні де студенттік жылдарымда қайта «таптым». Әйтсе де күндердің күнінде сол кітаптың кейіпкерінің өз мақалама арқау боларын, кім білген...

Отыз мүгедек балаға тегін аппарат сыйлаған

Ол – 19 мүгедекті жұмыспен қамтып отырған оралдық кәсіпкер. Ол – қос аяғынан отыз бір жасында ойда-жоқта айырылса да, тағдырына дес бермеген бұрынғы полицей. Ол – арқасүйер жар, бес балаға қамқор әке. Ол – сал ауруына шалдыққан отыз балаға бір күнде өзі жасаған отыз аппаратты сутегін үлестіріп берген қайырымды жан. Иә, ол туралы «ОЛдарды» жіпке моншақ тізгендей тізіп шығуға болады. Бәлкім, сізге де етене таныс есім шығар, біз Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бірінші май ауылында туған Біржан Қожақов туралы айтып отырмыз.

Он жетімді бауырына басқан батыр әке

Отбасы да Отан сияқты... Өзегіңнен тепсе де, қазығын тапқан аттай қайта айналып соға бересің. Алайда адам біткен ананың сүтімен бойына жақсылы-жаманды қасиет жиып, әкенің тәрбиесімен ақ-қараны ажыратады емес пе? Алып жердің құшағына адамның бәрі сыйғанмен, адамның құшағына ары кетсе алты бала сыятын кер заманның сиқы мен сықпыты осындай. Алайда бүгінде кер заманды кері айналдырып, он баланы жетімдіктің қамытынан құтқарған Мұрат Қабылбаев туралы айта бергім келеді, айта бергім...

Жараланса да, қылмыскерді құрықтаған Ерасыл

«Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі». Қазақта да ел мен жер жолында жанын қиып, атажаумен алысқан, алыспай беріспеген батырлар қаншама... Азаттық әперіп, қазақты мәре-сәре қылған оларға «батыр», «қаһарман» деген бір ауыз сөзді қалай көп көрейік. Керуендей көшкен күндер, айлар жылдар... Өтпейтін өмір жоқ. Ал бүгінгі алмасқан ұрпақтың арасында бейбіт күннің батырлары бар ма?

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter