Әлем
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әлем

Ислам әлемі біріге ме?

Түркияда өткен Ислам әріптестік ұйымының кезекті саммитіне жиналған 57 елдің өкілдері мұсылман елдері татуласуы тиіс және жікке бөлінбеуі керек деп бәтуаласты. Әрине, әр үлкен саяси жиынның қорытынды құжатында терроризммен күресу туралы бір бап жүретіні бүгінгі күннің «модасына» айналды. Күллі әлем көз тіккен жиынды неге қазақстандық БАҚ сырттай шолумен шектелді? 

Табиғаттың тосын «тірлігі»

Эквадорда бірнеше жойқын зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 530 дан асты. Бір күн бұрын мұнда тағы да қуаты 6,2 балдық жер сілкінісі болды.

Суға батқан босқындар көбейіп барады

Жерорта теңізінде 16 сәуірде аударылып кеткен кемеде 500 адам болуы ықтимал. БҰҰ жоғарғы комиссар Басқармасының өкілі осылай дейді. Ливия мен Италия аралығында суға кеткен кемеде қанша адамның болғаны нақты белгісіз. Бірақ, куәгерлер онда шамамен 500-дей босқынның болғанын айтады. Соңғы уақытта солтүстік Африкадан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өткісі келгендердің қарасы күрт өскен. Бұл айдынға қайық салу маусымының басталуы ғана. Жазға қарай босқындар қарасы мүлдем артуы ықтимал. Ливия билігі Сомали, Эфиопия, Египет, Судан секілді елдерден батысқа өтпек болған талай адамды тоқтатқанымен, олардың ағыны азаяр емес. 

Брейвик сотта жеңіп шықты

Норвегиялық террорист Андерс Брейвик өз мемлекетімен соттасып, жеңіп шықты. Ослоның аумақтық соты түрмеде жазасын өтеп жатқан Брейвиктің құқығы бұзылғанын мойындады.

Батыс әлемі Путинді неге жек көреді?

Ресей мен оның президенті Путин төңірегінде сөз қозғағанда батыс саясаткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының сөзінен жек көрушілік болмаса да салқын леп еседі. Соңғы кездері Ресейдің әлем алдындағы беделі төмендеп кетті. Ресей дегенде көңілге Пушкин мен Толстой емес Путин мен айналасындағылар алдымен оралатын жағдайға жетті.

Қарабақтағы даудың артында Ресей жасырынып тұруы мүмкін

Өткен сенбіде соңғы 25 жыл бойы «бықсып» жатқан Қап тауындағы шоқ қайта тұтанды. Таулы Қарабаққа таласып жүрген Әзірбайжан мен Армения әскері тағы да бір-біріне оқ жаудырды. Бұл жолы кәдімгідей соғысты. Екі жақта да адам шығыны бар. 

Бомбылап болған сияқты...

Сарбаздары Сириядағы міндетін орындап болғанын мәлімдеген Ресей президенті Путин 15 наурыздан бастап оларды еліне қайтаруды бұйырды. Жарты жылға созылған миссия кезінде орыс ұшақтары 9 мың рет әуеге көтерілген. 

Түріктер мен күрдтердің қақтығысы кімге керек?

Наурыздың 13-і күні Түркияда болған жарлыстан 30 адам оқиға орнында қаза болды. Тағы жетеуі ауруханада жан тәсілім етті. Қазір емдеу мекемесінде 120-дан астам адам дәрігер бақылауында. Соның он алтысының жағдайы тым ауыр.

«Таяу Шығыстағы қантөгіске АҚШ себепкер»

«Сирия күрділерінің «Демократиялық одақ» партиясы мен оның Халықтық қорғаныс күші әскери қанатын террористік деп танудан бас тарту арқылы АҚШ Таяу Шығыстағы қантөгістің ушығуына себепкер болып отыр». 

АҚШ сенаты Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады

Шектеу шараларының бір парасы КХДР-ға жаппай қырып-жою қаруын жасауға көмектесетін кез келген елге де қолданылады. Санкцияның тағы бір тармағы Ким Чен Ын мен Солтүстік Корея билігінің өзге де өкілдерінің өзге елде жасырған қаржыларынан қағуды да қарастырады. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter