Батпаққа батқан балалар әкімнен араша сұрайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Батпаққа батқан балалар әкімнен араша сұрайды

Батпаққа батқан балалар әкімнен араша сұрайды
  • Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

Сарыағаш ауданына қарасты Біртілек ауылына барғанымызда, балалардың батпаққа батып, су тасып жүргеніне куә болдық. Көшелері қысымен лай-батпақтан көз ашпай шықса, жазға қарай шаңға батып жатады. Мысалы, осы округтегі Жолбасшы ауылына қарай жолыңыз түссе, ондағы Көктем көшесіне жаяу жүргінші былай тұрсын, көлікпен кіру де мүмкін емес.

Көлік демекші, бұл ауылдың көшелеріне әзірше есекарбадан артық көлік таппайсыз. Саз балшығы иленіп жатқан тар көшеде ұзыннан ұзақ тізіліп есектер «керуені» кетіп барады. Бақсақ бақа екен дегендей, бұл «керуеннің» күнделікті жұмысы – ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету екен. Сонда біз қай ғасырда өмір сүріп жүрміз?

Рас, арбаға «фляга» артқан есектер керуенін осыдан он-жиырма жыл бұрын шалғайдағы әр ауылдан кездестіруге болатын еді. Одан бері ел экономикасы да біршама оңалды емес пе, тұрғындарды таза ауызсумен толық тақтамасыз ету үшін қайта-қайта бағдарлама қабылдап, мемлекет қазынасынан қыруар ақша шығындағанда жеткен жетістігіміз осы ма? Бұл жерде, бәлкім, түйені түгімен, керуенді жүгімен жұтатын қиял-ғажайып ертегілер еліндегі алып айдаһардың апандай аузы бар шығар, бөлінген ақшаның ізін білдірмей жұтып отыратын? Әлде...

Біздегі «емі жоқ дерттің» зардабы ретінде таза ауызсу шығаруға қазылатын ұңғымалардан су шықпай қалу жиі қайталанады. Мұны облыстың тарихына «алтын әріппен» жазылған бренді деуге болады. Өйткені, мемлекеттің халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуге соңғы 20 шақты жылда бөлген есепсіз қаржысынан жүздеген млн. емес, жүздеген млрд. теңге қаржысы, осы біздің «емі жоқ дерттің» кесірінен суға ақты. Оны сұраған, жауапты басшыны жазалаған, атқарылмаған жұмысқа төленген ақшаны қайтаруды талап еткен кім бар? Балалары батпаққа батып, облыс әкімінен араша сұрайтын Сарыағаштағы ауылдың да «ауруы» немкеттілікпен, жанашырлықтың жоқтығымен үндесіп жатыр десек, өтірік емес. Әйтпесе, осыдан жиырма-отыз жыл бұрын жасалған жоба бойынша ұңғыма қаза ма?! Тендерден ұтып, ауылға су кіргізу тапсырысын алған мердігерлер осыдан 30-40 жыл бұрынғы «картаны» алып, ұңғыма қазуды бастап жібереді. Миллиондаған қаржы құйылады, қаншама күш жұмсалады, алтын уақыт сарп етіледі. Ақырында «су шықпады» деген сылтаумен оңай құтылып кете береді. Егер жұмыс басталмай тұрып, қыруар қаржы желге ұшпай жатып аудан әкімі мердігер компания басшысын шақырып алып «Мемлекеттің шашылып жатқан қаржысы жоқ, басыңмен жауап бересіңді» қатқылдау айтса, бұл сорақылық облыста белең алып кетпеген болар еді. Облыстағы пәлен ауылға таза ауызсу берілді деген мәліметтің шындығын ашық айта алатын адам бар ма? Қазылған ұңғымадан су шықпай қалу «сценариінің» «әртістері» өз рөлдерін сәтті сомдап шығатыны сонша, бәрін «су шықпады» деген сылтаумен оңай жауып тастауға шеберміз. Бір таңқаларлығы, бұл сылтаудың айтылып келе жатқанына бес-алты жыл болып қалса да, «Бұл қалай?» дейтін бір адам табылмай тұр.

Біз сөз етіп отырған Біртілек ауылдық округінің аумағындағы 5 ауылда ұңғыма қазылғанымен, бәрі де «емі жоқ дерттің» ізімен кетеді. Жұрт жемқорлардың жаттанды сөзі мен түбі жоқ уәделерінен тойып біткені ме, сәл де болса депутаттарға үміт артатындай. Жуырда облыстық мәслихаттың депутаты Т.Бүрлібаев Біртілек ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, су тартудың сметалық жобасы жасалынып жатқанын айтып, жұбатқан болды. Ал ауыл әкімінің жауабы «менің қолымда тұрған ештеңе жоқ, ел мұң-зарын жоғарыға айтсыннан» арығы аспайтын сияқты. Балалары балшық кешіп, әбіржіп жүрген кезде де ең алдымен осы ауылдың басшысы ғой, бәлкім, жөні түзу жауап беретін шығар деген үмітпен ауыл округінің әкімін іздедік. Обалы не керек, әкім оңай табылды. Ауылдың мүшкіл жағдайын айтып, жиналып тұрған халықтың алдына өзі келді. Келгенін қайтейік, «бәрін қатырамыз» деген уәдесін тағы қайталап, оңай құтылды. «Ауылды таза ауызсумен толық қамтамасыз ету мақсатында осыдан екі-үш жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2014 жылы сметалық құжаттары жасалған еді. Бірақ ауданнан қаржы бөлінбеуіне байланысты ол құжаттардың мерзімі өтіп кетті. Биыл тағы жасап шықтық. Ауданға ұсындық, мүмкіндік болса, келесі жылы шешіледі деген сенімдеміз», - дейді әкім Нұржан Тойымбетов.

Әкімнің сөзінен ұққанымыз, бәрі де жоғарыда отырған басшылардың мырзалығына байланысты болып тұр ғой. Жарайды, бұл «жоғарыдан» шешілетін мәселе екен. Ал, бір емес, екі емес, 30-дан астам үйдің құжаты әлі күнге дейін рәсімделмей тұрғанына кімді кінәлаймыз? Аталмыш округке қарасты Жолбасшы және Ораз ата елдімекендеріне 2008 жылдары Өзбекстаннан келіп, 20-30 үйден қандастарымыз қоныс тебеді. Туған жерге табаны тиген ағайындар көрер құқайларының әлі алда екенін қайдан білсін. Ауыл әкімі тарапынан берілген үйіргелік учаскелерге он жылдан бері «госакт» берілмегеніне қарап, «түйенің етін жеп қойған жоқ па екен» деген ой келеді. Бүгінде оралман ағайындар не үйіргелік учаскелерінің «госактысын», не салған үйлерінің құжаттарын, не өздерінің сол жерде тұратындығын растайтын тіркеу құжаттарын рәсімдей алмай жүр. Ал ауыл әкімінің жүрісі – анау...

Қай есікке кірсе де, еститіні «Ертең кел, арғы күні кел» болғандықтан, қарапайым тұрғындар әбден шаршағанын айтады. Кезінде ауданға ауыл болып арыз жазып көріпті. «Мәселені шешеміз» деп жауап бергендер кейін оны қаперіне де алмаған. Көшіп келген ағайындар да күн көру керек қой, Сарыағаштың төрт бұрышынан тапқан таныстарының үйіне «паспорттық тіркеуге» тұрып алған олар осылайша бар-жоғы белгісіз күйінше өмір кешіп жатыр. Ал, бейкүнә балалар батпаққа батып, күні бойы су тасумен әлек болып жүр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter