Сорқұдықтың басында
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сорқұдықтың басында

Он үш жасар ана... кімге пана?

Соңғы алты айдың жүзінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар үйіне тастанды балалар келіп түспеген екен. Әрине, іштей шүкірлік ететін жайт. Бірақ бұл біз өмір сүріп отырған қоғамдағы дерттен іргемізді аулақ салдық, басы бүтін айықтық деген сөз емес. Есесіне Шымкентте жаңадан ашылған «Аналар үйінің» есігін қағып, барар жері, басар тауы қалмаған ана мен баланың саны артқан. 

Отымен кіріп, күлімен шығып...

Елбасымыз Н.Назарбаев 2020 жылға дейін елді толық газбен қамтамасыз ету керек екендігі жөнінде үкімет басшыларына тапсырма бергені бар. Тапсырманы қаншалықты орындалып жатқанын талдап-таразылауға әлі ертерек шығар, дегенмен бүгінгі таңда бұл жұмыстың қалай атқарылып жатқаны жайлы азды-кем әңгіме етсек артықтық етпес. Оның үстіне бұл тақырыпқа байланысты ел ішінде әртүрлі қауесеттің желдей есіп жүргені де жасырын емес. 

«Суточный квартиралардан» қашан құтқарасыз?

Сонау бір жылдары Оңтүстіктің бас мешіті болған – Қошқаратаның жанындағы жабайы моншаларды жезөкшелер қаптап, ондаған жыл бойы қызыл жағалылар олардың көзін құртуға шамалары жетпей келіп еді. Кейін құдайдан қорықты ма, әлде билік тарапынан қатаң қадағалау жасалды ма, әйтеуір Алла үйінің маңы жын-ойнақтан тазаланған-ды. Бүгіндері шымкенттіктердің бас ауруы басқа. Қаланың қақ ортасындағы ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың атындағы көше мен 8 шағынаудан, темір жол вокзалы маңында тұратындардың тыныштығын бір түндік пәтерлерге келетін «клиенттер» ұрлап жатыр.

Атыңды «Shymkent Mall» деп кім қойды екен?

Құдайға шүкір, тірлік істеп, қыбырлап, асымды адал тапсам дейтін ниеті барға елімізде барлық жағдай жасалған. Мемлекет жеке кәсіпкер атанғысы келген кісіні оқытудан бастап, бинес жоспарыңды жасауға дейін көмектеседі. Тіпті былтыр қызды-қыздымен 9 ай бойы кәсіпкерлерді тексерістен де босатты. Бірақ бар ғой, осындай жағдай жасалса да кәсіп ашқандардың кей тірлігі дандайсуға, білмсіздік пен парықсыздыққа ұқсап кетеді.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter