Бас редактор бағаны
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бас редактор бағаны

Бұл бір сұмдық заман болды...

Қариялардың аузынан осы сөзді жиі естисің. Алайда, отыздан енді асқан мен қатарлас жастар бұл сөздің мәнін соншалықты терең түсіне қоюы қиын. Себебі біз осы заманнан басқаны көргеніміз жоқ. Ал олар көрді. Көргенде де заманның көкесін көрді. Сонда да бұл заманды сұмдық дейді. Неге?

Өз басыңызға май жақсаңызшы, Әссанди мырза!

Әссанди деген қазақтың аты бола ма? Мен кездестірмеппін. Арабтың ба, парсының ба, татардың ба аты шығар деп ойлаймын. Негізі татардың атына көбірек келеді-ау. Жарайды, мәселе онда емес. Осы Әссәнди деген біреу, аты Әсет, «Фейсбук» әлеуметтік желісіне менің қазақтығыма күмән келтіріп, бірнәрселер жазған деп естідім. Естігенге аса көп мән бермеуші едім, сосын жолдас жігіттер жаңағы жазбаның скриншотын түсіріп әкеп берді. Расымен де бірдеңелер жазыпты.

Кедейге ылғи дағдарыс

Қазір елдің аузындағы ең әйдік сөз не екенін білесіз бе? Иә, дәл сол – қу дағдарыс. Біреу естігесін, біреу шынымен кесірін көргесін айтып жүр. Бірақ, осы дағдарыс кімді дағдартып тұр? Айлығы шайлығынан артылып көрмеген, отбасын әзер асырап келген қарапайым еңбекшіні ме әлде пара алып, қазынаны ұрлап, небір қулық-сұмдықпен байыған, сол байлығын ертеңіме салған инвестициям болсын деп неше түрлі ойын-сауық орталықтары мен бизнес ашып тастап, енді саудасы мен қолы онша жүріңкіремей, мазасы қашқан жаңа қазақты ма?

Хан ұрпағы қайда жүр?

Биыл жыл басынан бері ел болып, қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл да болса өткенге көз жүгіртіп, тарихты тірілтіп, жалпақ әлемге паш етіп, біздің де ілгеріде ұлы мемлекет болғанымызды дәлелдейтін тұс. Алайда, сол хандықты құрғандар турасында Кеңес үкіметі билік еткен жылдары аз айтылып келді. Ұрпақтары жайлы деректер тіптен аз. Неге бұлай? Хан ұрпақтары қайда? Неге оларды іздемейміз?

Бұл заман – өрекпіген одашылардың заманы

Расын айту керек, қазіргі ақындар оқырманның кінәмшіл жүрегіне от жағып, дем беріп, басу айтудың, өмірге құштар етудің орнына оқырман оның өзін аяйтын, мүсіркейтін жағдайға жетті. Қоғамның, нарықтың, ең дұрысы адамдардың қаталданып, жаннан гөрі тән қалауын іздейтіндердің көбейгеніне қапа болғаннан ба, әлде жолының болмай, біткен жерім, жеткен жерім осы дей ме, әйтеуір қазаққа біткен жас ақындардың дені көп «жылайтынды» шығарды. Жылап, сықтап басыла қойса мейлі ғой, өзімен қосып елді де жылататынын қайтерсіз. Қойшы, кім жыламай жүр мына өмірде. Еңкейгеннен еңбектегенге дейін жылау «модаға» айналған заман ғой дейсің. Осылайша ақындарды ақтап аламыз.

Екі дүркін қашан шығады?

   Біздің қазақ спортшыларында бір тенденция байқалады. Олимпиадаға қатысу, лажы болса алтын не күміс алып келу. Содан соң ана жақтан, өзімізден алатын ақшамен жағдайын, тұрмысын дұрыстап алып, спорт мектебінің, не спорт басқармасының бастығы, болмаса әкім болып, «шенеунікше» өмір сүру.

Көкпарға шашылғанша...

Той-томалаққа, шашылып-төгілуге құмар қазекемнің қайғылы қазаның өзін қызықшылыққа айналдырып жіберетін «мінезі» бар. Үйлену, бесік той, сүндет той болса бір сәрі, атпалдай азаматтың немесе аяулы ананың, әкенің қайтыс болғанына арнап ас беру, ас бергені мейлі ғой, сол астың аяғында дүркіреген той секілді етіп, ағайынға арнап көкпар беру, ондаған темір тұлпар, миллиондаған теңге тігіп, бата берген қариядан бет сипаған балаға шейін ат мінгізіп шашылу – осы күнгі бай-бағландардың өзара жарысына айналып кеткен. Бір қараған адамға әкенің немесе шешенің әруағы деген тек сылтау сияқты. Асты желеу етіп, жылдар бойы жиған-терген атақ-абыройын, бедел-билігін, мал-дүниесін, ақша-сабанын қалың елге паш ету, мақтану, көрсету, шашылу, бір сөзбен айтқанда – ысырап.

Қонақ үй салу меценаттық емес

Былтыр желтоқсанның басында Шымкентке Елбасы келіп, түшкіріп қалса атшаптырымнан жәрәкімаллалайтын оншақты «дежурный» шал-шауқанымен, осындағы уәзірлерімен кездескен болатын. Мейлі, мұндайға әбден көндігіп қалған халықпыз ғой, оның үстіне күнде теледидардан көріп жүрген Нұрсұлтан Әбішұлы емес пе?! Түркменстаннан келе жатып, жолай соға кеткен. Аса қауырт шаруамен келмегені көрініп тұрды. Енді Елбасының сол кезде не үшін келгенін айтайық.

"Халыққа қызмет еткім келді"

Осыдан бірер жыл бұрын облыстық мәслихаттың бір депутатымен сұхабттасқаным бар. Сөз арасында «осы депутат болуға неге сонша құмар боласыздар» деп сұрадым. Әдеттегі әуенмен «халыққа қызмет еткім келді, жігіт ағасы болған шағымда елге бір пайдам тисе екен деген оймен...», - деп көкірегін кере жауап берген еді.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter