«Даллестің доктринасы» түбімізге жетпесін...
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

«Даллестің доктринасы» түбімізге жетпесін...

«Даллестің доктринасы» түбімізге жетпесін...

Осыдан жетпіс жыл бұрын Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасы тасталысымен-ақ іле-шала АҚШ-тың басты идеологы Аллен Даллес шайтанның батасына ие болған, жойымпаздық қуаты жағынан бірнеше атом бомбасына татитын усойқы ойын өмірге әкеліп, оны өз мемлекетінің ең басты саясатына айналдырып еді. Ізгілік атаулыға қарсы бағытталған осынау сұрықсыз сұрқия құжатқа «Даллестің доктринасы» деген айдар тағылған-тұғын. Онда мынадай жолдар бар: «Біз үшін өзге елдерді тез арада жаулап алудың бірден-бір төте жолы – олардың халқының санасын мән-мазмұны өте төмен даңғаза музыкамен, теріс жолды уағыздайтын кинофильмдермен және әдебиеттермен барынша улай түсуіміз қажет».

«Данышпен» Даллестің осы бір керемет «көрегендігінің» тәтті жемісі – КСРО-дай мәңгі-бақи мызғымастай көрінетін алып империяның қабырғасы қақырап күйреуі болды десек біздің бұл пікірімізді саясаттың майын ішкен сараман ағайындар сірә теріске де шығара қоймас. Осынау тарихи мысалды алға тартуымызға не түрткі? Енді осыған аз-кем тоқтала кетейік.

«Ақырзаман таяғанда азаншы көбейеді» дегендей, бүгіндері дүниетанымымызға тірек болар дәстүрлі ән өнеріміз далада қалып, даңғаза да дүбәра музыкасымақтардың айы оңынан туып тұр. Бұл жайт саз саласында ғана болса бір сәрі-ау, өнер атаулының баршасын әзәзіл иектеп алғанын көріп те жүрміз. Осылайша мерейіңді үстем етер муза жарықтық мүсәпірдің күйін кешуде. Осы бір оғаштықты көзге шұқып көрсетудегі мақсатымыз осылайша әй дейтін әже, қой дейті қожа болмай, бетіміз ауған жақа кете беретін болсақ көп өтпей-ақ КСРО-ның кебін киеріміз айдан анық-ақ. Тілімізге тиек болып отырған теріс тенденцияның соңы неге апарып соғатынын шамалаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаеваның марқұм Фариза Оңғарсыновамен осыдан бірер жыл бұрын жүргізген бір сұхбаты есімізге түсіп отыр. Онда ақын апамыз: «...Қазір ұлттық идеология тоқырап, мүсәпір күй кешуде. Сондықтан бүгінгі қазақтың жас баласының реңі одан сайын бұзыла ма деп үрейлену Мұрат Мөңкеұлы заманынан бері мына бізге тән. Телевизия арқылы ұлтсыздану өршіп барады. Көптеген шетелдің, кәрістің пластикалық операция жасатып, суреттегідей сұлуланып алған актерлерін көріп біздің жастарымыз аузының суы ағып жүр. Құдды ең әдемі, ең сұлу қыз-жігіт соларда ғана бардай еліктейді. Бәрін сол сұлу күйінде қабылдайды. Шетел асып, қайтып келе алмай жүрген жастар міне соларға еліктегендер. Бөтендерге жаппай еліте берсек ұлттығымыздан айырылып, аз халық ассимиляцияға ұшырап, мәңгүрт, тобыр болып кетпейміз бе? Асқынған дерттей осынша жатбауырланудың, бөтенге шырмалудың бетін қайтарудың амалы қайсы? Қазақтың ең осал мінезі қайсы? «Жайсаңдарды қашан да жақсы құртқан».

Екеуара әңгіме осы тұсқа келгенде Айгүл ақын апасына тағы бір сұрақ қояды. «Баяғыда марқұм анам: «Ақыр заман болғанда жер бетін қара қытай қаптайды деседі ғұламалар», - деп отыратын.

Ақынның жауабы: - Біздің жалпақшешейлігіміз, ұлттың ары мен намысы үшін емес, жеке атымызды шығару, сөйтіп әлем алдында бедел жинауға күш салуымыз, әр нәрсеге еліктеп-солықтауға әзір тұратынымыз, билік мәртебесіне келгенде өзімізден өзгені көрмей жер бауырлап жатып алатынымыз, биліктегілердің қара халықты мұрнына иіс бармайтын тобыр деп ойлайтыны... Айта берсең көп қой жетіспей жатқан жерлеріміз. Қандай иіс болса да бойымызға сіңіріп, сорып алатынымыз дара қазақтықты құртып бітіруге айналды. Дерттің бетін қайтарудың басты амалы мемлекет басшыларының ұлт тағдыры туралы ұстанымына байланысты. Біз басшы айтса бас шұлғи беретін тобырға айналудамыз. Халық деген ұлы күшті аяқасты, дарынды тұлғаларды көптің бірі, қолдың кірі етіп көрсету бұл күнде әдеттегідей іс болды. Мұның бәрін жұрт көріп те, біліп те отыр. Бірақ даусын шығаруға қорқады. Мен Ангола ақыны, ұлт күрескері Агостипьо Нетоның бір топ жырларын аударып едім.

«Арада үрей жүр тегі,

Қарауылдар әр бұрыштан сығалап

Көздерімен тінтеді.

Әрбір үйде сыналап

Құлып қағып, дыбыс шықса үркеді

Үрей жайлап ортаны

Адам кейде өзін-өзі тыңдауға да қорқады.

Өйткені бұл күндері

Ауада да күдікті үрей жортады».

Міне, осындай үрей бізде де үстемдік етіп тұр. Оның үстіне ғаламдану деген тажал әлемді шарлап келеді. Ғаламдану деген – ұлттық бедерді сүртіп кететін ғаламат, ал түбінде адамзатты мәңгүрт етеді.

Ақиық ақын апамыз Айгүлдей арлы сіңлісіне осылайша ағынан жарылыпты. Ендеше, Алаштың әрбір азаматына аманат ретінде айтылған ақын ойы саналарда сілкініс тудырғай...

Бекен ҚОЖАМҚҰЛОВ,

Шымкент қаласы       

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter