Сорқұдықтың басында
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сорқұдықтың басында

Жолкірені қымбаттатқандарды жауапқа тартуды сұрады

Бүгінде қоғам белсенділерінің қарқыны жаман емес. Кешегі жерді шетелдіктерге жалға беру туралы мәселе көтерілгенде де, олар қарап отыра алмады. Енді, міне, Шымкентте жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде жолкіре қымбаттағанына қарсылық білдіріп, бұл қымбатшылық қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғатынын айтып, жауапты мекемені сотқа берген көрінеді.

Қазақстан су тапшылығынан зардап шегуі мүмкін бе?

Су тапшылығы, басқасын айтпағанда, жері негізінен шөлейтті болып келетін біздің ел үшін өте өзекті мәселе болып тұр. Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жүргізілген зерттеулерде елдегі су қоры 126 мың текше шақырым деп есептелсе, қазір ол 100 мың текше шақырымға азайған. Оның себебі, тіршілік көзін тұтынушылар саны жыл өткен сайын артып келеді.

Халықтар Ассамблеясы би билеп, ән айтқаннан басқа не бітіріп жүр?

2015 жыл Қазақстан Халықтар Ассамблеясының жылы болды. Соның аясында 30 мыңнан астам іс-шара өткізіліпті. Оған ел аумағындағы 5426 елдімекендерден 9 миллионға жуық қазақстандық қатысқан. Соғыс ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында 413 миллион теңгеге 300 шақты қайырымдылық шара ұйымдастырылған. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған 2 мыңнан астам сарбаздың моласы абаттандырылып, 15 ескерткіш пен мемориалдық кешен қалпына келтіріліпті.

«Даллестің доктринасы» түбімізге жетпесін...

Осыдан жетпіс жыл бұрын Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасы тасталысымен-ақ іле-шала АҚШ-тың басты идеологы Аллен Даллес шайтанның батасына ие болған, жойымпаздық қуаты жағынан бірнеше атом бомбасына татитын усойқы ойын өмірге әкеліп, оны өз мемлекетінің ең басты саясатына айналдырып еді. Ізгілік атаулыға қарсы бағытталған осынау сұрықсыз сұрқия құжатқа «Даллестің доктринасы» деген айдар тағылған-тұғын. Онда мынадай жолдар бар: «Біз үшін өзге елдерді тез арада жаулап алудың бірден-бір төте жолы – олардың халқының санасын мән-мазмұны өте төмен даңғаза музыкамен, теріс жолды уағыздайтын кинофильмдермен және әдебиеттермен барынша улай түсуіміз қажет».

Мұғалім – тәжірибе жасалатын қоян емес

Жуырда ғана алдағы оқу жылынан бастап ұстаздарымыз әмбебаптық қызметке кірісетіні сөз болған еді. Бірнеше пәннен бір мұғалімнің сабақ беруін ата-аналардың бірі қостаса, енді бірі баланың білімінен ақша үнемдеуге көшкен биліктен қаймыға бастағанын да жеткізді. Кім не десе де, әй-шайға қарамаған Білім министрлігі өзінің кезекті реформасын 1-ші сыныптардан бастайтынын жария етіп кеп жіберді.

Жемқор басшы, қиюы қашқан тәрбие...

Қоғамды адамдар құрайтыны белгілі. Сондықтан қоғамның қоғам болмағы, адамның адам болуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ бүгінгі қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерге бәріміз де кінәлі болып шығамыз. Себебі, көре тұра көрмеген, сезе тұра сезбеген болуға құмбылмыз. Адамдар иманды болып, қоғамды қатыгездіктен сақтаса – оның игілігін ең алдымен өзіміз көреміз. Ал, жемқорлық пен парақорлық жайлаған қоғамда жең ұшынан жалғасушылық, әлжуаз топтың ақысын жеу, көрер көзге қиянат жасау, адамдардың бір-біріне тырнақ батыру сияқты қатыгездігі қылаң береді.

Гүлстан – шөлстанға айналып барады

Шыбық қадасаң шынар шығатын қазақтың құнарлы жері бүгінде шөлейтті аймаққа айналып барады. Бір кездері белуардан шөп өскен шүйгін жерлердің тозып, тоқырауға ұшырауына не себеп? Еліміздің батыс аймағына қарай жолаушылап шықсаңыз Қызылордадан ары қарай иен даланы көресіз. Ұшы-қиырына көз жетпейтін маң дала бейне бір ұйқыдағы дию сияқты. 

Созақтықтар уранның «сорпасын» ішіп отыр

1997 жылы Қазақстан уран өндіруде әлемде небары 13-орыннан табылса, 2009 жылы бірінші орынға көтерілді. Содан бері осы межеден түскен емес. Ел бюджетіне мұнайдан кейін мол пайда түсіретін – осы уран. Елімізде 20-дан астам кен орны жұмыс істеп тұр. Соның басым бөлігі ОҚО-дағы Созақ ауданында орналасқан. «Қазатомпром» Ұлттық компаниясына тиесілі 16 кен орны осында орын тепкен. 

Дағдарысты сылтау етіп, жұмыстан қысқарту көбейді

Жыл басталғалы 4 ай енді өтті. Сол аралықта 11,5 мың адам қысқартуға ұшырап, жұмыссыз қалған. Бұл жұмысшылар көбінде өнеркәсіп орындарында, құрылыс компанияларында, ғылым, сауда, әкімшілік қызмет көрсету және мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істеген. 

Қазақтың жатырында қытай жатыр

Ақиқат, әрине, ащы болады. Біздің бұл сөзіміз базбір көркөкіректер мен жалғаннамыстылардың шымбайына бататынын білеміз. Азаматтық некені әсірелеп, батыстың адам ақылына сыйыспайтын дәстүрлерін дәріптеп жүретіндерге жақпай қалатынымыз да рас. Бірақ, ұнамай қалады деп бүгежектей беруге тағы болмайды. Әр нәрсенің шегі мен шеті, жөні мен жосығы болады. Баяғыда бір байғұс: «Ақырын айтсам ақым кетіп барады, қатты айтсам қарындастың көңілі қалады» деп шырылдаған екен. Сол айтқандай, ар мен намыстың алдында даулайтын ақымыз жоқ, есесіне көңіліне қарағыштайтын қарындас та қалмай барады. Бұл жерде біз «Әр қазақ менің жалғызым!» деген Сабыр ақынның принципін ұстанып отырмыз, әйтпесе арын бәрінен биік ұстап жүрген қарындастар да баршылық. Олардың бір тал шашының жолында жанымыз да садаға...

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter