Мәдениет
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Мәдениет

«Алты ай бойы Отырарды ала алмау...» немесе Қайыр ханға бір ескерткіш қимағанымыз қалай?

Төске өрлеген даңқы мен 200 мың әскері бар жауға тойтарыс берген кіп-кішкентай Отырардың біз білмейтін құпиялары қалды ма? Тек жеңiспен көзiн ашқан Шыңғыс ханның ұрпағының сүйегiне зор таңба, намысына сызат түсірген Отырардың алты ай бойы алынбауының астарында не бар? Неге төтеден келген шапқыншыларға жарты жыл төтеп берген Қайыр ханның елімізде бірде-бір ескерткіші жоқ? Бізді толғандырған осындай сансыз сауал, бәлкім, сіздерді де бейжай қалдыра қоймас...

Баба түкті Шашты Әзіз

Күш атасы Қажымұқан додаға түсерінде: «Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіз»,-деп айбарланатын әулие осы. Бүгінге ғасырларды аттап өтіп аты жеткен, бейітіне сан мың адам ағылатын кесене  Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы, Жылыбұлақ жерінде орналасқан. Кезінде әулие осы Жылыбұлақты қара кетпенмен өз қолымен қазған екен.

Домалақ ана

Балаларымен бірге оқып жүрген Нұриланы Бәйдібек би неге әйелдікке алды? Он бес жасар бойжеткен неге үшінші әйел болуға бел байлады? Сексеннен асқан қарт ананы неге балалары жазық далаға жерледі? Осындай сансыз сауалдар төңірегіндегі аңыз-әңгімелерге арқау болған Домалақ ана мазары бүгінгі Оңтүстіктің Қаратау беткейінде жатыр. Немересі Дулат Бұхарадан арнайы Абдулла Шері шеберді шақыртып, салдырған төрт күмбезді кесенеге күн сайын келушілер көбеймесе, азайған емес.

Ер Дәуіт

Пайғамбар ретінде етене таныс Ер Дәуіт әулие екі жерге жерленген бе? Отызында патша тағына жайғасқан ол қырқында қалай Пайғамбар атанды? Отыз ұлға әке атанып, отызынан да айырылғанда қайғының қамытынан қалай құтылды? Осындай сан сауалға жауап беретін тағдырлы жанға Тәңір темір қорыту өнерін дарытса, баһадүрді бүгінгі ұрпақ қолбасшылық пен ұсталықтың пірі ретінде біледі.

Сахнаның киесі ақыры бір ұрады

Жұлдыздар жарқырайды... Йә, жарқырау аспан мен жердегі жұлдыздарға жарасымды-ақ. Бірақ жарқырау дегенді жалаңаш денесін жарқ еткізу деп түсінетіндердің қатары көбейе бастағанға ұқсайды. Олай болса бүгінгі біздің қазақ эстрадасында да күн өткен сайын тәнін жарқырата түсетін жұлдыздардың қарасы көбейіп келеді.

Кеңес заманындағыдай қазақ фильмін емге таппайсың

КСРО тарқағалы түсірілген жібі түзу қазақ киносы бар ма? Жасыратыны жоқ, кешегі Кеңес Одағы тарқағанға дейін қазақ киносының тасы өрге домалап тұрды. Ресейге бағына тұра қазақылықтың иісі аңқып тұратын туындылар түсірген елдің бүгінгі киноиндустриясы кімге жалтақтап жүр? Жалтақтамаса неге орысша шүлдірлейді, неге  ұлттық болмыстан жұрдай?

Құрсақ көтермегендер қайда барады?

Неге құрсағына бала бітпейтін әйелдер көбейіп кетті? Жаз жетті, енді алысты-жақынды жерлерден Оңтүстікке ағылатындар көбейеді. Қаланың көркіне көз тойдыру үшін емес әрине, шерлі кеудені шерменде мұңнан арылту үшін... Осылай жыл сайын әулие-әмбие аралайтындардың базынасын тыңдасаңыз бір перзентке зар аналардың қамыққан көңіліндегі қылаң берген үміт сізді де күрсіндірмей қоймас, сірә...

Мұндайда алдымен «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың» деген хакім Абайдың сөзін ауызға алуға асықпыз. Бірақ басындағы халі бөлек ата-ана осындайда қол қусырып, байыз тауып отыра алуы мүмкін бе? Түсінбейсің, Құдай басқа бермегесін...

Алпамыс пен Қобыландыдан Нұрсұлтанға дейін...

Біз не десек те қазақ үшін бұл күні бүгін байқалған қарекет емес. «Алпамыс батыр» мен «Қобыландыны» оқып өспеген қазақ баласы кемде-кем шығар. Сондағы «Байбөрі деген бай бопты, Бір перзентке зар бопты» деген Байбөрі  мен  Аналық «Самарқандағы сансыз баб» пен Бұқарадағы «Баһауәдин Нақишбент» сынды әулиелердің басына зиярат етіп жүріп Алпамысты тілемеп па еді?

«Түнейді үш күн Байбөрі

Әзіретті сұлтанға.

Түркістанда түмен бап,

Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап,

Бабалардың бабын сұрасаң,

Ең үлкені Арыстан бап.

Әулие қоймай қыдырып,

Бабалардың бәрін қылды сап», – деген жолдар бала сұрайтын әулиелердің аты мен түр-түсін өлеңмен түстеп берсе керек-ті. Бала аңсаған Тоқтарбай мен оның жары да жырда қартайған шағында Қобыландысын Баба-Түктi мен Шашты Әзiм әулиеге келiп түнеп, тілеген еді.

Ал осыдан жетпіс алты жыл бұрын отыз жетіге шығып, ел ағасы атана бастаған шағында Әбіш ұлды болды. Жары Әлжанмен Райымбек бабаның басына түнеп, Алладан бала сұраған олар: «Ұлыңның ғұмыры ұзақ, бірақ қиыншылыққа толы болады»,-деп сәуегейлікті қоса естіген болса, сол бала бүгінгі елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.

Құдайдан бала сұрағандар баратын орындар

Үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау деген сөзі бар қазақтың ұлан-байтақ жерінде енді қанша әулие барына жорамал жасап көріңіз. Аз емес. Олай болса, перзентсіз жүргендер қайда барып алақан жайып Алладан рахым күтіп, бала сұрайды? Ендеше, барғандар балалы болыпты деген бірнеше әулиелерді атап көрелік...

Ақмешіт үңгірі. Оңтүстіктің Бәйдібек ауданындағы «Ақмешіт» үңгіріне де бала сұрап бет бұратындар баршылық. Шымкенттен 70-80 шақырымда жатқан жерге шамамен 1,5 сағатта жетіп барасыз. Осыдан 60-70 жыл бұрын 200 метр болған үңгір 1966 жылғы Ташкенттегі жер сілкіністің кесірінен қазір 120 метрге қысқарып, шөгіпті.

Үңгір туралы ел аузында аңыз-әңгімелер көп, соның бірі Есіркеп Қойкелді батырға қатысты. Батыр қалмаққа қарсы жорыққа шығарда нөсер жауын құйып кеткен соң 10 мыңнан астам сарбаздарымен осы үңгірде таңғы намазға жығылыпты. Кейіннен осы үңгірді оның атымен атамақ болғанда ол бәрін таң намазға тік тұрғызған аппақ тастары бар жерді Ақмешіт атаған екен. Сол Ақмешіт перзент сұрағанға - перзент, шаршап келгендерге – дем беріп, шын ниеттенгендерді ниетіне жеткізетін көрінеді. Сондай-ақ тіл мен көзден, дуадан құтқаратыны тағы бар деседі.

Үңгірдің оң жақ қабырғасында жоғарыға қарай қиғаш салынған 7-8 метрдей жырық бар. Сонымен адамдар еңбектей көтеріліп, жырықтың басында адам еркін сыйып кететін ойыққа отырып, Алладан тілек тілейді.

Бекет ата. Адамдар түрлі мақсатпен баратын Бекет ата Маңғыстаудың маңғаз даласында жатыр. Біреу денсаулығындағы кінәраттан құтылуға, енді бірі амандық-саулық сұрауға, ал сабыр мен төзімді талғажау еткен ұрпақсыздар өлмеген үмітін сүйретіп барар киелі жердің бірі. Мұндағы «таксистердің» айтуынша, сәби сұрап келгендердің жыл өткен соң перзентті болып, ризашылықтарын білдіру үшін қайта келетіндері көп. Алайда Бекет атаға бет алғандардың бәріне бірдей онда жету мүмкін емес. Кейбір жол ортасында көлігі бұзылып, кейін қайтқандарды «Бекет ата қабылдамаған ғой»,- дейді мұндағы көзкөргендер.

Ең қызығы, күніне жүздеген адам тәу етіп келетін мұнда аяғыңызға жыландар оратыла бастаса қорқудың қажеті жоқ. Жол-жөнекей тауешкі көрсеңіз тіпті жақсы! Өйткені  жан-жануарлар көзіңізге түссе, ол сізді Бекет атаның өзі қарсы алғанының белгісі көрінеді. Ал қазір атына берілген мешітті кезінде Бекет атаның өзі жартастан ойып асқан қиындықпен көтерген деген сөз де бар. Бұл оның Аллаға деген мойынұсынуы мен құлшылығының көрінісі екен. Жартастан ойып салынған мешіттің құрылысына кезінде  қолғабыс еткен көршілері күнара ауысып көмектеседі. Тек Байсал дейтiн кiсi ғана бастан-аяқ үн-түнсіз тас шауып жүре береді. Өңi солыңқы оған Бекет-Ата бір күнi: “Назарыңды сындырған қайғыны таныдым. Алла-тағаланың көзiме көрсеткенi – мың кiсiге татырлық бiр ұлың болар, атын Мыңкiсi қой, ендi елiңе қайт” – деп үйіне қайтарған деседі. Күні бүгінге дейін ауыздан-ауызға жеткен аңызға сенгендер бүгінде Бекет ата барып бала сұрауды үрдіске айналдырғандай...

Жылаған ата. Кентаудан алпыс шақырым әрі жатқан Ақсерке үңгірін ел «Жылаған ата» деп те атайды. Аңызға сенсек, ертеде өмір сүрген Құрышхан атты хан мен сүйіп қосылған жары Шаш анадан перзент болмаған. Баласыз өмірдің мәнісі жоғын ұққан қос мұңлық бар дүниесін Алла жолына сарп етіп, әулие аралайды. Табанынан тозғаны соншалық «қос дуана» атанған олар Шеңгелді әулиеге жеткенде әйелі  құрсақ көтереді. Алайда айы-күні жетіп босанған Шаш ана перделі баланы өмірге әкеледі. «Құдайға не жаздық?», - деп қамыққан олар месті арқалап, үш жыл тау-тасты кезіп кетеді. Содан үш жылдан асқанда әлгі мес жарылып, ішінен шыққан бала: «Сіздер мені жеті жыл арқалауға шыдағандарыңызда мен сіздерге де, халыққа да құт әкелетін перзент болар ем. Енді ешкімге де жоқпын, бірақ арғы дүниеде сіздерге ұл боламын», - деп қаша жөнеледі. Тұра қуған әке-шешесіне бөгет болсын деп үш жасар бала үлкен қара тасты көтеріп жолға қояды. Сонда да перзент аңсаған ата-ана барын салып қуғанда жетуге таяу қалады. Сонда ол: «Қара тас, жарыл!», - деп айқайлайды. Сол уақытта таудан үңгір пайда болып, бала соған кіріп, жоқ болып кеткен екен. Шыдамсыздық танытқан баланың әке-шешесі үңгірдің екі жағынан екеуі баласын шақырып зар жылап, екі көзден айырылыпты.

Қазір ол үңгірдің жарқабағында жылтыр тастан анда-санда сорғалап құйылып, қайта жоқ болатын су бар. Бұл суды ел «Атаның көз жасы» дейді. Ал төмендегі бұлақ  «Ана бұлағы» деп аталады. Әулиенің қасиеттілігі де осы жылтыр тастан тамшылайтын суда деседі ел. Егер барған адам жылтыр тастан құйылып тұрған суды көріп ішсе немесе жуынса, онда тілегі қабыл болатынға ұқсайды.

Қарахан мен Айша бибі кесенесі

Әулиеата жерінде орналасқан қос кесене туралы газетіміздің өткен сандарында толықтай жазған болатынбыз. Өмірден өткен Айшамен некесін қидырған Қарахан туралы аңыз бүгінде көпшілікке мәлім. Сол Қарахан басына барып, Алладан перзент сұрап ұлды болғандар туралы да аз естіп жүрген жоқпыз. Бұл шынымен әулиенің киелілігі ме, жоқ әлде Алланың бұйыртқан күнімен сәйкестік пе, ол енді Аллаға аян...

Қазақтың ұлаң-ғайыр даласынан шұрайлы жер іздеген Асан қайғы аяқ басқан жерінің бәрінің де артықшылығын жіпке тізген еді. Демек әр өңірдің өз артықшылықтары жетерлік. Сол сынды әр өңірде өмір сүрген әулиелер де аз емес. Түркістан маңындағы  Ясауи мен Гауһар ана, Қаратаудағы Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Тараздағы Қарахан, Айша бибі мен Бабаджа Хатун, Қызылордадағы Қорқыт Ата кесенелерінің өзі Оңтүстіктің иен даласында әулиелердің көптігінің көрінісі болса керек.

Мұхаммедтен (с.ғ.с) пайғамбардың: «Құдай Тағаланың адамдар арасында досы, жаратқандары арасында сүйгені болады» деген хадисі бар. Осы хадиске  иек артқандар осы әулиелердің киелілігіне сенген. Бүгінде ел ішінде Ясауи, Арыстанбаб, Үкаша ата сынды тақуалығымен Алланың назарына іліккен жандарды жұрт «әулие» атап, тәу етіп келеді. Ал олар жатқан мазарды қасиетті санайды. Ал енді жалған өмірде жылдар бойы бір перзентке зар болғандардың жанайқайын, баласыз қамыққандардың көз жасын Аллаға жеткізуге осы әулиелер қаншалықты қауқарлы? Үйде отырып бала сұрау мен кесененің басына барып алақан жаюдың айырмашылығы қандай? Шынымен әулие аралап балалы болғандардың перзент сүюі әулиелердің қасиетінің дәлелі ме, әлде жәй ғана сәйкестік пе? Әзірге бұл шешімі жоқ жұмбақ іспетті...

Ақорда жеті ғасыр жасай ма? Немесе жаны сірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

XIV ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен XXI ғасырда бой көтерген Ақорданың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Ортағасырлық кесене 1396-1399 жылдары, яғни үш жыл бойы салынса, 2001 жылы басталған Ақорданың құрылысы төрт жылда бітіпті. Жеті ғасырдан қаз-қалпында аман жеткен кесененің ерлігін Ақорда қайталай ала ма? Бүгін біз Астана мен рухани астанадағы қос алып ғимараттың ара-жігін ажыратып, өзара үндестігін іздейтін боламыз. 

Қыз қууға қырын қарап жүрген кімдер?

Қазаққа салт-дәстүр неге керек? Ғасырлар бойы жинақталып, уақыт туғызған ғұрыптардың ескірмесіне кім кепіл? Бүгінгі таңда ұлттық ойындарымыздың дәріптелуі сын көтере ме? Солай делік, онда неге соңғы жылдары қыз қуудың қарасы көрінбейді? Сонда құрылғанына он жылдан астам уақыт болған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы оны дәріптемей ай қарап отыр ма? Осындай қаз-қатар ойлардың жауабын таппай дал болған соң қауымдастықтың сайтына бас сұқтық.

Есімі ұран болған Қарабура

Қойнауы қазынаға толы қарт Қаратауды «Теріскей» деп таниды ел. «Мыңжылқы, Шолаққорған, Келіншектау, Қызылкөл босамайды қонақтардан...» деп әндетіп жүрген Шәмшінің «Теріскейі» төрінде Қарабура әулиенің кесенесі барын кім біледі? Мұны бес саусақтай білсеңіз, өз заманында Арыстанбаб пен Ясауидің замандасы, Әулие-Атадағы Қараханның серігі болған оның неге Қожа Ахмет Ясауидің денесін жуғанын білесіз бе? Ал Ақтан софы болған ол қалай Қарабура атанды? Қарабураның Қарахандық билеуші Хасан Боғра хан болуы бек мүмкін бе? Бұл сұрақтардың жауабына қоса ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегім ана да бүгінгі тақырыбымызға арқау болмақ.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter