Күнгей мен көлеңке
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Күнгей мен көлеңке

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: «Барлығын топтастыратын, барлығы соған келісетін идеология – жемқорлық»

Шынын айту керек, ағымдағы жылдың алғашқы жартысы ешкімнің «ішін пыстырған» жоқ. Халықтың да, биліктің де. Жер кодексі төңірегіндегі қызу пікірталастар мен шерулер, Ақтөбедегі террорлық шабуыл, Тоқтар Төлешовтің билікті құлатуға ұмтылуы туралы ақпараттың кенеттен гу ете қалуы... Бәрімізді әрі-сәрі етіп қойды. Әр нәрсені өз атымен атап үйренген, аузы дуалы сарапшылар тіпті Қазақстанның дәл қазір шиеленіскен саяси дағдарысты бастан кешіп отырғанын ашық айтуда. Саяси дағдарыс демекші, онсыз да ел ішіндегі оқиғалардың көрігі қызып жатқандықтан ба, әлде «ораза, намаз – тоқтықта» ма, «жаһандық дағдарыс» дейтін тақырыптар да жайына қалған. Бұл ненің белгісі? «Көп қорқытады, терең батырадыны» елемеудің салдары ма, әлде ұлттық идея һәм мемлекеттік идеологияның әлсіздігі ме? Осы сауалдарды танымал саясаттанушы Расул Жұмалыға қойып көрдік.

Черчилль мұсылман болған ба?

«Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогы» деген Уинстон Черчилль туралы ел аузында әңгіме көп. Бірі оның ұлы саясаткер екенін алға тартса, енді бірі белгілі журналист, бірі әуесқой суретші ретінде атағын аспандата атайды. Тіпті соғыс кезінде де мәдениетке қаржы қарастырып, БАҚ өкілдеріне үлкен құрметпен қарай білген оның өмірінде тағылымға толы жайттар жетерлік. Ең бастысы, Черчилль өткен ғасырдың бірінші жартысында әлемдегі ең атақты тұлғалардың бірі болатын.

Кун Цюдан Ұлы Конфуцийға дейін

Он бесінде оқуға ден қойып, білімге бет бұрған, отызында өз бетінше өмір сүре бастаған, қырықында күдік пен күмәннан арылған Конфуций елуде Аспанның әмірін танып, алпыста ақиқатты жалғаннан айырды, жетпісінде жүрегінің қалауымен өмір сүріп, байыпқа түсті. Шыр етіп өмірге келгенінде ұлға мұқтаж болған әке, уақыт өте келе перзентінің әлемге мәшһүр боларын білмесе керек. Осы тұлғаның туылғаннан көз жұмғанға дейінгі өмірінің айрықша атап өтер тұстарын 10 топтамаға жіктеп өздеріңізге ұсынамыз.

Адамзаттың ары болған Толстой

«Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деген хәкім Абайдың да, «Тәртіпке бағынған құл болмайдыны» айтқан Бауыржан Момышұлының да өзі-өзіне көңілі толмағанын жақсы білеміз. Ал әлемдік әдебиеттің жауһарларын өмірге әкелген сөз суреткері Толстойға не жорық? Ол да өз-өзін сынады. 

«Жамантайды жаман деп айта алмаймыз, алайда...»

Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың билік тізгінін қолына алғанына әлі бір жыл да болған жоқ. Дегенмен, Жамантай Қанайұлы бұл аудан үшін бөтен емес. Наурыздың екінші онкүндігінде 58 жасқа толатын әкім осы ауданның тумасы. Мақтаралдың өсіп-өркендеуіне талай жыл еңбегі сіңген. Қарапайым мысал, әкімдік қызметке отырмас бұрын Бейсенбаев 11 жыл аудан орталығы Жетісай қаласын басқарған. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары да лауазымын атқарған. Қысқасы, мақталы өңірдің қыр-сырын бес саусағындай меңгеріп-ақ алған. Бірақ... 

6 жыл әкім болса да...

Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері Қайрат Әбдуәлиевтің Түлкібас ауданына әкім болып барғанына алты жылға жуықтады. Қайрат Аманкелдіұлы «екінші Швейцария» атанып кеткен ауданның билік тізгінін ұстағанда жергілікті халық қуанғаны белгілі. Өйткені жаңа әкім түлкібастықтар үшін жат емес. Сол аймақтың тумасы әрі бұған дейін де Түлкібастың өсіп-өнуіне атсалысып жүрген азамат тұғын. Облыс басшысының көзіне түскен ол бағы жанып, өз жерлестері тұратын ауданға әкім болып барды.

Полатов және Отырар

Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан Отырар ауданы 1935 жылы құрылған. Аудан орталығы – Шәуілдір ауылы. 2013 жылдың 28 шілдесінен бері ауданға Салыхан Полатов басшылық етеді.

«Қатырған дымың жоқ»

Ордабасы ауданының әкімі Самат Сапарбаев 1962 жылы 31 желтоқсанда ОҚО, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1985 жылы Шымкенттегі Қазақ химия технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter