ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Фото марқұмның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Фото марқұмның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Бұл оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ошақты ауылында орын алған. №107 Ю.Сареми атындағы мектепте оқыған түлек сынақтан небәрі 53 балл жинаған (оның сегізі орыс тілі пәнінен жинаған) қыз он жеті жасқа толған күннің ертеңінде мал қорада асылып қалған. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Маханов растады. Тіпті қыздың психологиялық күйзеліске түсіп жүргенінен де хабардар екен. Алайда басқа мәлімет беруден бас тартып, «Білемін, сіздерге сенсация керек. Бірақ, қызды көміп алайық алдымен. Ертең хабарласыңыз» деп қысқа қайырды.  

Айта кетейік, бойжеткеннің күйзелісте жүргенін айналасындағылар да байқаған. Бұл тестілеу сынағына дейін орын алған. Осыдан кейін психологтар ҰБТ-ға қатыстырмай-ақ қойсақ қайтеді деген көрінеді. Білім бөліміндегілер психологтардың ұсынысын қабылдамай, ақыры сынаққа қатыстырыпты. Алайда бұл ақпаратты ауданның бас педагогы растамады.  

Аиданың денесін 21 маусым күні, таңғы уақытта ағасы өз үйлерінің мал қорасынан тауып алған. Бұл іс Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының 1 бөлімінде тіркелген. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter