Сорқұдықтың басында
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сорқұдықтың басында

Өзін-өзі әшкерелеу немесе Иқаннан су шығара алмағандардың тағы бір әлегі

Газетіміздің 29 қаңтардағы №05 санында «Ауыз су одиссеясы немесе Иқаннан су шығара алмағандардың әлегі» атты мақала жариялаған едік. Онда Түркістан іргесіндегі Ескі Иқан ауылындағы ауызсуға қатысты ахуал айтылған болатын. 

Аты жоқ ауыл, жарықсыз кітапхана...

Иә, басқасын былай қойғанда жарықты ауадай қажет ететін кітапханада «свет жоқ» дегенге сенгің келмейді. Бірақ бір кем дүние емес пе, озық отыз елдің қатарынан көрінуге үмітті біздің елде жылуы мен жарығы жоқ, жертөледен де жаман жерге орналасып, елге қызмет жасап отырған мекемелер бар.

Қазақтың қызыл миясын, қытайға қалай қиясың?!

Оңтүстік Қазақстан облысында (Glycrrhiza glara) жылтыр қызыл мия деген өсімдік бар. Елімізде тіпті дүниежүзінде өте сирек кездесетін өсімдік. Сол мияға бүгіндері тосыннан «жау» тиді. Заңсыз топ өкілдері қазіргі таңда Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты Үшқайық, Сауран елдімекендерінде өңірлік Сырдария Түркістан қорығының жерлерінде ұрын қазып кету жағдайлары орын алып отыр. 

Жаңғырту бағдарламасы жарытпай тұр

Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, 1-шағынаудан тұрғындары соттан шақырту алған. Олар мардымсыз жүргізілген жөндеу жұмыстарына көңілі толмағандықтан, ай-сайын ақысын бөліп төлеуден бас тартқан. Зағиптар тұратын әрқайсысы қырық пәтерлік үш үйге былтыр жаңғырту бағдарламасымен миллиондаған қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілген екен. Құрылыстың сапасыз болғаны өз алдына, тұрғындар оны жасауға тіпті келісімін де бермеген.

Үйге газ кіргізу удай қымбат

Бұл мәселе бүгінде көмір жағып, күл шығарып отырған көптеген тұрғындардың көкейінде жүр. Біздің редакцияға қоңырау шалушылар мен хат жазушылардың арасында да осы мәселеге байланысты түрлі сұрақ қойып жатады. Әсіресе, көгілдір отынды үйге кіргізу құнының әр ауданда әрқилы екендігіне байланысты айтылатын шағым көп. Біз оқырман сұрақтарын негізге ала отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚО өндірістік филиалы басшыларына хат жолдадық. Хатқа жауап жазған директордың бірінші орынбасары С. Исмайлов мырза біздің сұрақтарды дұрыс түсінбеген бе, әлде біздің сауалдар шын мәнінде ауырлау болды ма, әйтеуір айналдырған алты сұрақтың барлығы дерлік өз «шеңберінен» ауытқып кетіп отырған. Сенбесеңіз, біздің қойған сұрақтар мен олардың берген жауаптарын салыстырып көруіңізге болады. Дегенмен оның өзі газ кіргізу үшін қайда бару керек, не істеу керек деп жүргендердің бір кәдесіне жарап қалатын шығар деген оймен барынша ықшамдап назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Тығылып жазған хаттама – пара алуға бастама!

Әмбебап полицейлердің жұмысына байланысты қоғамда қызу пікірталастар жүріп жатқаны жасырын емес. Бірі көшедегі көлік кептелісінің кемігенін айтса, енді бірі «ала таяқты» ағайындардың асыра сілтеп жүргеніне қынжылыс білдіруде. Қалт етсе құдды аспаннан түскендей болып қасыңнан табыла кететін «әмбебаптықтардың» бұл әрекеті, бәлкім, тәртіпті ретке келтіру үшін керек те шығар, бірақ олар шын мәнінде өздерінің қалта қамын жасап кетпесе деңіз.

Ханқорғандықтар қол жинап жатыр

Тап қазір елде қол жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Әрине, алдағы болатын сайлауға дайындық. Бірақ біздің сөз еткелі отырған Сайрам ауданындағы Көлкент ауылдық округіне қарасты Ханқорған ауылының тұрғындары бастаған қол жинау науқаны саяси дода – сайлаудың сыбысы шықпай жатып-ақ басталған еді. Елден бұрын іске кіріскен ханқорғандықтарың бұл әрекетін пысықтыққа балап, алдағы болатын сайлауға дайындық екен деп болжасаңыз – қатты қателесесіз. 

Ауыз су одиссеясы немесе Иқаннан су шығара алмағандардың әлегі

Қазақстандағы елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ауыз су» бағдарламасы қабылданып еді. 2002 жылы қолға алынған бұл бастаманы іске асыруға республикалық қазынадан 335 миллиард теңге бөлінді. Оның 195 миллиарды ауылдық аймаққа таза ішер су жеткізуге жұмсалды. 8 жылға жалғасқан жоба аяқталғанда елдегі 7002 ауылдық мекеннің жартысынан астамында сапалы ауыз су жүйесі сол күйі жасалынбаған болатын.    

 

Қайтпасқа жерасты жолы керек

Көшелері көлік кепте-лісінен көз ашпайтын қалалы жерлерде жерасты жолдарының маңызы зор. Әсіресе мектеп, балабақша сияқты балалардың көп жүретін жерлеріне бұл дегенің керек-ақ. Жол ережесін жақсы білмейтін баласын мектепке жіберіп, қашан келгенше уайым шегіп отыратын ата-аналардың сөзімен айтсақ: «Жерасты жолы – жанның тыныштығы ғой!».

Табан ет, маңдай тердің өтеуін ала-алмай жүр

Бiрнеше айдан берi өздерінің ақ-адал еңбегінің ақысын ала алмай жүрген «СтройТехМонтаж-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері таяуда өздерінің шыдамы әбден сарқылғанын айтып, арызданып келді. Алды алты айдан бері айлық алмаған қызметкерлердің кейбірі бүгінде банктен алған несиесін төлей алмай, қарызға белшеден батқанын айтады. Тығырыққа тірелгені соншалық қызметкерлердің біраз бөлігі өз еркімен жұмыстан кетіп жатқан көрінеді. Бірақ, жұмыстан босаған қызметкерлермен қолданыстағы заңға сәйкес есеп айырысу әлі күнге дейін кешігіп келеді. Басшылардың ауызша уәдесіне әбден тойған олар енді құзырлы органдарға арызданудан басқа амалының қалмағанын жеткізді. 

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter