Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Фото: КТК арнасы репортажынан скриншот алынды
Фото: КТК арнасы репортажынан скриншот алынды

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әкелген әскерилердің сөзі. Бұған қыршынынан кеткен Саян Сатыбаевтың туыстары мүлдем сенгісі жоқ. Өйткені, марқұмның денесінде соққы іздері көп, деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Саян Сатыбаевты әскерге бүкіл Рамадан ауылы болып шығарып салыпты. Ал армиядан оралуына небары 5 ай қалғанда әскери камазбен оның өлі денесі келеді деп ешкім күтпеген. Саянның ажал құшқанына соңына дейін сенбеген жақындары табытты көргенде еңіреп қоя берді.

Қарулы күштер сапына өз аяғымен кетіп, табытпен оралған жігітті командирлері «асылып өлді» деп айтқан. Бірақ, сараптамаға да, әскерилердің сөзіне сенбеген марқұмның туыстары мықтап бекітілген табытты ашып, дәлел ретінде барлығын камераға түсіріпті. Сөйтсе, ұлдарының денесі саусағына дейін көк ала қойдай көгерген. Қабырғасы сынып, мойны үзіліп, басы жарылған. Онысын білдіртпеу үшін жіппен тігіп тастапты.

Мұны көріп жағасын ұстаған 22 жастағы Саянның туыстары мен бірге күллі ауыл көтеріліп, мәйітті әкелген әскерилерді сабай жаздады. Бір қызығы, Отардағы бөлім басшылары марқұмның денесін үйіне жеткізуді  мән-жайдан бейхабар, іс-сапардан жаңа оралған адамға тапсырыпты. Тіпті әскери қызметкер "Білсем айтатын едім. Білсем келмейтін едім дұрыс па? Әдейі білмейтін адамдарды жіберген ғой" деп жауап берді.

«Түк білмеймін» деп ат тонын ала қашқан майор Бахтияр Магамедов тіпті сасқанынан кінәні марқұмның күзде үйленбекші боп жүрген қызына  ысырмақ болды. Яғни, соңғы рет ғашығымен телефон сөйлескен соң Саянның көңіл-күйі түсіп кеткен көрінеді.

Сөзінен шатысқан майор кейін сарбаздың әлімжетік құрбаны болғанын ақыры мойындады. Сөйтіп "өз адамдарымды шақырамын" деп тайып тұрған. Алайда әскерилерден 10 күннен бері әлі хабар жоқ. «Асылғанын» ауызша ғана айтып, ортаншы ұлдарының нақты неден өлгенін дәлелдейтін сараптаманы да бермеген. Енді қайғыдан қан жұтқан Саянның ата-анасы кінәлілер жазасыз қала ма деп алаңдап отыр.

-Екі аяқпен жібердік баланы. Көтеріп кіргіздік үйге. Сол өкінішті. Үкіметке беріп отырмыз. Елімізді, Қазақстанды қорғасын деп",-деді марқұмның анасы.

Қазір ел ішінде тәртіпсіздігімен танымал Отардағы 82/796 әскери бөлімінде тексеріс басталды. Марқұмның әке-шешесі ұлдарына командирлері не қызметтестерінің әлімжетік көрсетіп, ұрып өлтіргеніне сенімді. Сондықтан кінәлілерді жазалап, Қорғаныс министрінен істі бақылауға алуын сұрап отыр. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бейбiт
+3 Бейбiт 18.06.2016 01:30
Иманды болсын бакилык болган Жан.Ата-анасына сабыр берсин.
Жауап беру
Ерхат
-1 Ерхат 18.06.2016 03:35
е қазақым ай ...
Жауап беру
Сержант
-1 Сержант 18.06.2016 13:52
Қазақ болсын басқа болсын мұндай жағыдайлар әскерде бұрыннан бар!
Жауап беру
Бакытжан
+4 Бакытжан 18.06.2016 18:43
Данный факт нуждается в тщательном расследовании со стороны правоохранительных органов.
Жауап беру
Бауыр
0 Бауыр 20.06.2016 21:35
Кінәлілер қатаң жазаланып, ол көпшілікке аян болып, өзгелерге сабақ болса.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter