Сорқұдықтың басында
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сорқұдықтың басында

Ресей телеарналары екі елдің ортасына от тастап отыр

Жаңа жылдан бастап Қазақстан аумағына таратылатын шетелдік телеарналарда жарнама көрсетуге тыйым салатын заң күшіне енеді. Ал, 2017 жылдан бастап біздің елде эфирге шыққысы келген шетелдік арналар ресми түрде тіркелуі тиіс.

Орамалдан аттамаған ел едік...

Осы күні бір үйлерге қонаққа бара қалсақ, қолқабыс етуге келген қыз баланы күнібұрын «келін» деп жүргендерін көреміз. Әлі сырға салып, құда түспеген бойжеткенді осылайша алыс-жақынымен таныстырып, кейін араға жылдар салып орамал жауып, бетін ашып жатады. Кейбіреулер келіні мен баласын қатар тұрғызып та беташар өткізіп жүр. Тіпті, омырауында емізулі баласы, етегіне жармасқан ұлы бар келіншектің де беташары болғанын естігенбіз, куәгерлер де жоқ емес. Үйде бір, тойда бір беташар жасау осы күні кейбір жерлерде дәстүрге айнала бастаған көрінеді.

Қайназаров! Уәде Құдайдың аты...

Інжілде Мұса пайғамбар Ысрайыл ұрпағын уәде етілген жерұйыққа 40 жылда жеткізді. Ал, күнгейде Сайрам ауданының билігі жерлігікті халыққа жер уәде еткеніне 9 жыл. Осыншама уақыттан бері Ақсукент халқының біразы қолында шешім бола тұра, жер теліміне жете алмай жүр.

Қазақ қоғамы Құнанбайларға зәру

Өгей әкесінен өлердей қорқатынын айтқан Жаннұр, тұрмысқа ерте шығуға асығатынының себебін осылай түсіндірді. Көздерімді тайдырып әкетіп, жанарымды жеңіммен үйкей салдым. Ал ол болса ауыр күрсініп алды да: «Әкенің жақсысы жездедей-ақ»-деді, қиғаш қасын кере қарап. Бұрындары осы сөзді естісем зығырданым қайнайтын мен де үнсіз қалдым. Өйткені бұл жолы оған сенбеуге де, оны жазғыруға да себеп жоқ еді. 

Оқушылар қаруды қайдан алады? немесе Жасөспірімдерге 4 түрме аздық етіп жатыр

Бұрындары балаларды болашағымыз деп қуанушы едік. Қазір олар ержеткен сайын әке-шешесі «баламның ертеңі қалай болады?» деген алаңдаушылығы басым. Өйткені аптасына кем дегенде бір-екі рет «кәмелекеттік жасқа толмаған жеткіншек мына жерде адам жарақаттапты», «оқушы адам атып кетіпті» деген жағымсыз жайттарды жиі естіп жатамыз. 

Шарикпен «шарить» ететіндер Лохотронмен «лоховать» етіп жүр

Ары-бері ағылып, абыр-сабыр болып жатқан ел. Төрт бұрышты тақтайшаның үстінде төңкерілген төрт кесе зуылдайды. «Тапқан – тапқандыкі, ешкі – баққандыкі» деп тақылдап тұрған кепкілі жігіт бейнебір өзінің жемтігін іздегендей жан-жағына кезек қарайды.

«Биліктің Бұйрығын біз ғана орындауымыз керек пе?»

Таяуда «Отырар» баспасөз орталығына жиналған төлебилік тұрғындар тақырыпты осылайша төтесінен қойды. Олардың айтуынша аудан орталығы – Леңгір қаласынан заман талабына сай жаңа базар ашылған.

Бюджет қаржысын талан-таражға салудың отырарлық супер үлгісі

Биылғы жылдың 12-қарашасында республикалық «Таң» телеарнасының жаңалықтарынан «Отырар ауданы, Ескі Шілік ауылының тұрғындары сапасы төмен су ішуге мәжбүр» атты бейнесюжет берілді. Репортажда «Ескі Шілік ауылының тұрғындары ішуге жарамды ауыз суға қол жеткізе алмағаны» айтылады.

Жіңішке жол, жағада жатқан көліктер...

Алматы мен Шымкенттің ара-қашықтығы 700 шақырымды құрайды. Ал, Шымкент пен Жетісай арасы бар-жоғы 270-ақ шақырым. Бірақ, Алматы –Жетісай бағытына қатынайтын автобус-тар осы екі аралықты он сағат жүретін болса, соның бес сағатын 700 шақырымдағы Шымкентке дейін, қалған бес сағатын Жетісайға дейінгі 270 шақырым жолға шығындайды екен.

Бюджет қаржысын талан-таражға салудың Мақтааралдық супер үлгісі

Халықтың денсаулығы мықты болу үшін жейтін тамағы дұрыс, ішетін суы таза болуы керек. Мұны бабаларымыз пәлен ғасыр бұрын екі ауыз сөзбен түйіндеп қойған. «Ауру астан, дау қарындастан» - деп. Халқының денсаулығын ойлаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізді таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылдаған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес шалғай жатқан талай ауылдар таза ауыз сумен қамтылды. Ал, қаржысы «игеріліп», жұмысы аяқталмаған елдімекендер қаншама?! Мұнан бөлек бюджет қаржысын оңды-солды шашып, құзырлы органдарға ұстатпай жүргендер де жетерлік.

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter