Күнгейлік жұлдызшы қыс қатты болмайтынын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Күнгейлік жұлдызшы қыс қатты болмайтынын айтты

Күнгейлік жұлдызшы қыс қатты болмайтынын айтты
  • Жан КЕНЖЕ

«Қазан айынан бастап қар жауып, қарашада алғашқы аязды көрген Оңтүстік халқы биыл қыс қатты болады деген еді. Бірақ табиғат заңдарына сүйеніп жорамал жасаушы шымкенттік Нұрғабыл Қозыбай ел аузындағы бұл сөздермен келіспейтінін білдірді» деп жазады «Замана» басылымы.

«Рас, биыл қыс ерте басталды. Ұзаққа созылуы да мүмкін. Бірақ қыс қатты болмайды. Мен мұны өзім жасаған болжамдарға сүйеніп айтып отырмын. Жауын-шашын көп болады. Қар жауған күндері температура 0 градусқа дейін төмендегенімен кейін жылынып кетіп отырады. Менің болжамым бойынша 19-25-желтоқсан күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Мұндай ауа райы 28-30-желтоқсан күндері де қайталанады. Өйткені бұл кездер өлараға сәйкес келеді. Басқа кездері күн бұлтты болғанымен жаңбыр да, қар да жаумайды», - деген жорамалшы қаңтар айының да жауын-шашынды болатынын айтады.

«Жаңа ай 31 желтоқсанда көрінеді. Бұл өлараның жүру кезеңі болғандықтан жауынды болмақ. Ай бірінші көрінген күні ауа райы қалай болса, сол айдың ауа райы да сондай болады деген дәлелді сөз бар. Демек, қаңтар жауын-шашынды болмақ. Күн бұлтты, тұманды, бірақ ауа райы жылы болады.

1-5 қаңтар күндері өлараның жалғасы, демек, жаңбырдың соңы қарға ұласады. 5-10-қаңтар аралығында ауа бұлтты болғанымен күндер жауынсыз өтеді. Сосын 15 қаңтарға дейін айдың басындағыдай ауа райы болуы мүмкін.

Жалпы, қаңтар мен ақпанда да жауын-шашын көп болады. Тіпті наурызда да қар жаууы мүмкін. Бірақ күн аса суытпайды. Қайталап айтайын, менің болжамымша, бұл қыс қатты болмайды. Хабарласып, ауа райын сұраушылардың барлығына да мен алдағы қыс шаруаға жайлы болатынын айтып жүрмін», - дейді Нұрғабыл Қозыбай.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter