2017 жылы көлік 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

2017 жылы көлік 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін

2017 жылы көлік 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін
  • Жан КЕНЖЕ

Біздің басты одақтасымыз, қазақстандықтарды көлікпен қамтушы елдердің бірі – Ресейде келесі жылы жаңа көлік бағасы 10-15 пайызға дейін өседі деп күтілуде. Дилерлердің айтуынша, оған рубль девальвациясы мәжбүр етіп отыр. Сондай-ақ, ЭРА-ГЛОНАСС қауіпсіздік жүйесін енгізу де қымбатқа түсуде. Жалпы, соңғы екі жылда көлік бағасы 44 пайызға қымбаттаған екен. Биылдың өзінде жапондық Mazda (10 пайыз), Toyota (11 пайыз), Skoda (10 пайыз) мен Ford (9 пайыз) құны айтарлықтай өскен.

Қазақстандық автоәуесқойлар Ресейдің көлігін жиі сатып алатындықтан, ондағы бағаның өсуі бізге де әсер етеді. Оның үстіне, Қазақстанға келгенше ол көліктің құнына үстеме ақы қосылатыны тағы бар. Бұлай деуімізге «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автокөлік саласы кәсіпорындарының Одағы» басқарма төрағасы Олег Алферовтың сөзі себеп болып отыр. Оның болжамынша, жеңіл көлік бағасы бізде де дәл солай 10-15 пайызға қымбаттайды.

«Біздегі жағдай Ресейдегі ахуалмен бірдей болады, тек айырмашылығы – теңге курсының рубль курсынан ажырауында. Егер теңге бұрынғыдай рубльге байланатын болса, баға 10-15 пайызға көтеріледі» дейді О. Алферов КазТАГ-қа берген сұхбатында.

Оның сөзінше, қазақстандық мазмұн автомобиль бағасының 20-30 пайызын қалыптастырады. Ал қалған үлесі «теңге-рубль», «теңге-доллар», «теңге-йена», «теңге-вона» жұптары бойынша курстық айырмашылық есебінен қалыптасады.

Баға қымбаттағанымен, сұраныс азаюда. Оның азайғанына – осымен төртінші жыл. Сосын өндірушілер амалсыз бағаны көтеруге мәжбүр. «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басшысы бұны жоққа шығармады. Олег Алферовтың айтуынша, соңғы 11 айда 38 мың 800 отандық жеңіл көлік өз иесін тапқан. Ал 2015 жылы халықтың сұранысы бұдан екі есе көп болған екен. Мамандар көлік нарығындағы дағдарысты доллар бағамының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Сондықтан соңғы бір жылда көлік өндірісінің көлемі де айтарлықтай азайған. Атап айтқанда, жыл басынан бері Өскемен, Қостанай қалаларындағы зауыттардан бар-жоғы 10 мыңнан астам автомобиль шығарылыпты.

- Жылдың екінші жартысында еліміздегі қаржы нарығы тұрақтала бастады. Сондықтан қазан айынан бастап көлік саудасы да біраз жанданды. Төртінші тоқсанда шамамен 12 мың отандық машина сатылды. Осылайша жыл соңына дейін өткізілген көлік саны 42 мыңға жетеді деп болжануда. Бірақ бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе аз, - дейді ол.

Көліктің қымбаттауына әсер ететін тағы бір фактор бар. Кедендік одақтың «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» регламентінің талаптарына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап М санатты (төрт дөңгелекті, жолаушы тасымалдауға арналған) және N санатты (жүк тасушы) көліктерге жедел оперативті қызметті автоматты түрде шақыратын құрылғы орнатылуы тиіс. Қазақстанда бұл құрылғының аты – «ЭВАК» болса, Ресейде — «ЭРА-ГЛОНАСС», Беларусьте — «ЭРА-РБ» деп аталады. Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден көлік әкелгісі келген кез келген адам осы жүйені орнату үшін қосымша шығынданатын болды. Шенеуніктердің айтуынша, «ЭВАК» жүйесін орнатуға шамамен 90 мың теңге кетеді.

Әрине, 1 қаңтардан бастап салондағы барлық автомобильдер SOS кнопкасымен жабдықталады деп ойлауға әлі ерте. Оның үстіне, kolesa.kz сайтының жазуынша, көптеген компаниялар ақылдаса келе бұл талапты кейінге қалдыру, яғни

2020 жылдан бастап қана күшіне енгізу туралы келісімге келуі мүмкін.

Одан бөлек, шетелден әкелінетін көліктер үшін кедендік салықтар, тіркеу мен қалдықтарды кәдеге жарату алымы бар. Мысалы, қазақстандықтар жиі сатып алатын, жоғары сұраныстағы машина – қозғалтқыш көлемі 2 литрден аспайтын, аса қымбат емес шағын көлік. Мұндай автомобиль үшін кәдеге жарату алымы – 742 350 теңге. Сосын әлгі «ЭВАК» жүйесін орнатуға 90 мың теңге қажет. Тіркеу салығы да аз емес. Сонымен, сайып келгенде, көліктің құнына екі есе үстеме қосылатындай екен.

Дегенмен, «Қазавтобизнес» қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьев «алдын ала байбалам салып, жамандық шақырудың қажеті жоқ» деген пікірде.

«Біз барлық өндірушілерді, дилерлер мен дистрибьюторларды күн сайын қадағалап, мониторинг жасап отырмыз. Осы күнге дейін Қазақстанға жеткізіліп қойған немесе мәшине құрастыру үшін бөлшек күйінде жеткізілген көліктің барлығының бағасы сол қалпында қалады, өзгермейді. Ол анық. Баға қымбаттайтын болса, алдын ала білетін боламыз» дейді А. Лаврентьев.

Кім не десе де, келесі жылы көлік құны қаншалықты өзгеретінін толық сеніммен айту мүмкін емес. Себебі, доллар курсы қалай құбылатынын ешкім білмейді. Нарықтағы қаржылық-валюталық жағдай тұрақты емес. Қазірдің өзінде мамандар еуро мен доллардың құны келесі жылы шамамен 7 пайызға өсетінін болжады. Статистикалық мәліметке сенсек, соңғы 5 жылда отандық автомобиль өндірісі тек кері кетумен болды. Бүкіл айналымдағы көліктің 60-70 пайызы – шетелдік маркалар екенін ескерсек, өз көлігімізге деген қызығушылық аз деген сөз. Ресейге салынған санкциялардың кесірінен сапалы автоның отаны – Германия және Италиядан келетін көліктердің құны аспандап кетті. Сондықтан, сарапшылар 2017 жылы шетелдік көліктің құны міндетті түрде қымбаттайтынын сенімділікпен айтып отыр.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (7252) 53 08 14

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter