Показать содержимое по тегу: Бауыржан Байбек
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Алматы әкімі: "Біз Нью-Йорк пен Ыстамбұл болғымыз келмейді"

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһарды Копенгагенге де, Нью-Йоркке де ұқсатпайтынын жеткізді – деп жазады BAQ.kz.

"Біз Копенгаген, Нью-Йорк, Ыстамбұл қалалары сияқты болғымыз келмейді. Біз өзіндік бірегей қаламыз, тауларымыздың өзі ерекше. Біз жақында туризм туралы әңгімелескен болатынбыз. Расында да табиғат бізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Алматы туристік орталықтардың үздік бестігінде тұр. Бірақ біз қалған мәселелерді шешуіміз керек", - деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Әкімнің айтуынша, Алматы қаласы үшін ең негізгі жұмыстардың бірі - көлік реформасын жүргізу. "Алматы көліктерге арналған қала емес, керісінше, тұрғындарға арналған қала екенін білеміз. Бізде екі негізгі өлшем бар: экология мен көлік саласы. Сіздер қаланың ластануының 80 пайызы осы көліктерден болатынын білесіздер. Сондықтан біздің басты мақсат - көлік реформасын жүргізу. Тұрғындардың көпшілігі қоғамдық көлікпен жүруі үшін автокөліктердің санын азайтуы керек", - деген ұстанымда екенін жеткізді қала басшысы. 

Подробнее ...

Коттедждерді балабақшаға айналдырсақ...

Сәрсенбі күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өткен жылы атақарылған жұмыстары туралы жұртшылық алдында есеп берді. Алып шаһардың дамуы жөнінде сөз еткен әкім коттедж үйлері бар азаматтарды баспанасын балабақшаға айналдыруға шақырды. 

Подробнее ...

Алматының әкімі қызметтік көлігін тастап, велосипед мінетінін айтты

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек астындағы автокөліктен бас тартатын болды. Алматының экологиялық ахуалына алаңдаған әкім бүгін өзінің есеп беру жиынында астындағы машинасын тастап, велосипедке мінуді ойлап жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

"Әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке отырады. Өзім де отырам. Барлық көлікті газға ауыстырамыз" - деді әкім. 

Шенеунік осылайша әбден ластанған ауаны аз да болса түтіннен тазартпақшы. Өйткені, ауадағы көмірқышқыл газының 80 пайызы кептелістегі көліктерден шығады екен. Осылайша тосыннан жаңа джипі мен қызметтік «Мерседесіне» мінуден бас тартқан Байбек басқаларды да көліктен түсіп, жаяу жүруге шақырды. Сонда тұрақ мәселесіне бас қатырып жатпаймыз дейді әкім. Кейінгі кездері қалада көліктердің тым көбейіп кеткенін алға тартқан ол кілең шетелдік қымбат машиналарды тізгіндеген студенттерге де шүйлікті. Себебі, оқу орнына бас-басына біреуден мініп келетіндердің темір тұлпарлары төңірекке сыймай, оқу орнының алдына дейін көліктерін тіреп қоятын болған. Бұл жайтқа алаңдаған басшы студенттерді жаяу немесе велосипедпен жүруге шақырды.                                            

 

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

Билік «Қожанасырлардан» құтылып, өтірігіне иландыра алатын «Алдар Көселер» табуы керек

Сәт сайын құбылған дәл қазіргі аласапыран заманда Қазақстанның аса күрделі, қиын кезеңге аяқ басқанын ешкім жоққа шығара алмас. Уақыттың беталысы алабөтен. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санк...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

"Шымкенттіктер туралы теріс пікірден арылатын кез жетті"

Әр саланың «жілігін шағып, майын ішетін» өз адамдары болады. Болатбек ТӨЛЕГЕНДІ көпшілік ішкі саясат саласының жұмысын бес саусақтай білетін маман деп есептейді. Өйткені, ол осы салада 21 жасынан қы...

Korrespondent.kz Саясат

Денсаулығы кінәратты шенеунік «АП-ның» «спецпроверкасынан» қалай сау шығады?

Біздегі билік басында жүрген шенділердің біразын «камикадзе» деуге болады екен. Ауру екенін біле тұра қызметін жалғастыра берсе, бар қарымын қызметіне жұмсап жүріп ажал құшқандарды басқа қалай атайс...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

Жемқорлықтың кесірінен инвестиция азайып барады

«Қазақстан экономикасы рецессияға ұшырады» деп дабыл қағатындай-ақ бар. Экспорт пен импорт, Қазақстанға құйылған инвестиция құлдырап кетті. Ал біз болмашы тақырыптарды қаузап, басты мәселені назарда...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter