Қарақат пен Қыдырәлінің Астанадағы концертіне жалған билеттер сатылған болып шықты
Қазақстандық "АБК" және "Ұлытау Ұлы" тобының Елорда күніне орай Астанада өткен концертінің арты дауға айналды. Себебі думанды кешті тамашалауға келгендердің кейбірі билетке қатысты шу шығарды. Концертке келген адамдар қолдарындағы билет мүлде болмаған орынға немесе бір билет екінші рет сатылғанын көріп таң қалған. Бұл туралы Today.kz жазды.