Қымыран мешелді жазады
Төрт түліктің қайсысын тұспалдап отыр-ғанымызды түсінген боларсыз. Иә, айта беретін түйе туралы... Етінің ем екенін, өркеш майы анау-мынау ауру-сырқаудан айықтыра алатынын, шұбатының шипасы мол екенін бұған дейін де аз естіп жүрген жоқ шығарсыз. Бірақ, шынын айтқанда, қандай ауруларға шипа болатынын көбіміз біле бермейміз. Содан да шығар, біреулер зәріңді ішсең жазыласың десе, зәрімізді де іше беретін болдық. Осыны шығарып жүргендер шұбатты іш деп неге айтпайды екен? Бүгінгі әңгімеміз түйе жайында, оның еті мен сүтінің пайдасы туралы болмақ. Ұлттық сусынды насихаттағанымыз болсын, әрі бүгінгідей аптап ыстықта түйенің қымыранынан артық сусын жоқ екенін бөліскіміз келді.