«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшыларды қысқартпақ
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да қызметкерлер саны көп» деп мәлімдеді компанияның бас директоры Парамжит Калон.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да қызметкерлер саны көп» деп мәлімдеді компанияның бас директоры Парамжит Калон.
Қазақстанда соңғы айда азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орта Азия барысына айналып, елдің бәрінен озуға талпынған Қазақстан мұнайдың арқасында талай-талай жоспарлар құрып, қиялдың қанатында ұшып жүргенде көршілер нақты іске көшкен сыңайлы. Өндірісті де, экспортты да жолға қойғанына қарап, тамсанбасқа амалың жоқ. Бүгін біз іргеміздегі байкелер мен әкалардың жағдайына тағы бір үңіліп көруді жөн көрдік.
Қазақтың ыңғайына қай сала қолайлы? Қазақи менталитеті бар, ата-бабадан келе жатқан дәстүрі бар, дала халқына тән даналығы бар, ежелден келе жатқан кәсібі бар, төрт түліктің тілін түсінетін өнері тағы бар дегендей. Бір бойынан осыншама өнер табылатын қазақ кең-байтақ жерді игере алмай жатыр дегенге кім сенеді?
Инвестициялар және даму министрлігі мен қазақстандық автокөлік құрастырушы компаниялар бірлесіп, ескі көліктерді жоюдың тың жобасын түзді.
Ұлттық қор – мемлекеттің негізгі жинаған қоры, қиын күндердегі соңғы үміті. Саналы ел оны қиналған шақта ғана қажетіне жұмсайды. Дегенмен, біздің қордың бүйірі томпаяр түрі жоқ. Жыл сайын азаймаса, көбейген емес. Соған қарағанда көргеніміз тек қиындық пен дағдарыс қана сияқты.
Қазақстан 1 миллиард доллар қарыз алам деп, елді бір шулатты. Ойлағанға аз ақша емес. Сыртқы қарызымыз онсыз да асып-тасып жатқан қысылтаяң шақта тағы да миллиард доллар қарыз алу экономикасы шатқаяқтап тұрған мемлекетті құзға итеру емес пе?
31 жыл бойы Сингапурдың премьер-министрі болған Ли Куан Ю 91 жасқа келіп, өмірден озғанда көзіне жас алмаған адам болмапты. Бұл халықтың Ли мырзаны қадірлеп, құрметтейтіндей жөні бар. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі болған Сингапурды 20 жылда дамудың шыңына шығарған, дамыған елдер көшіне кіргізген осы кісі еді. Біздің билік өзіне үлгі тұтатын Сингапур осы биікті қалай бағындырды?
Өткен жылдың соңында еліміздегі дәрі-дәрмектер бағасы 50-70 пайызға қымбаттады. Бұл көрсеткіш кей өңірлерде 100 пайызға жетіп жығылды. Оны мамандар доллар бағамының өзгеруімен байланыстырады. Өйткені, дәріханалар сөресіндегі дәрі-дәрмектің 80 пайызы шетелден әкелінеді және доллармен сатып алынады. Одан қалыспайын деді ме, отандық дәрі-дәрмектің құны да 5-15 пайызға көтерілді. Себебі, олардың шикізаты, тіпті сыртындағы қорабы мен құтысы да шетелден тасымалданады. Сала мамандарының ойынша, енді тұтынушылар әрбір дәрінің арзанырақ, қолжетімді баламасын іздейтін болады. Соның кесірінен белгілі брендтердің орнын қолдан жасалған жалған әрі арзан дәрі басуы да ғажап емес.
Өмір күннен күнге өзгеріп жатыр. Еліміз үздік 30-дыққа, 50-лікке кіреді, бәрінің алдына шығып дамып барады деп аттандап жүргенде көршілеріміз сол баяғы 90-жылдарда қалып қойғандай көрінуші еді. Расымен солай ма екен?
Error: No articles to display
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
DivideGroup — сайт әзірлеуші |
E-mail: [email protected]
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter