Танымал журналист телеарналарға жаңа басшы керектігін айтты
Танымал журналист Арман Сқабылұлы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қазақ телеарналарының басшыларын ауыстырады деген үмітте. Яғни, ол қазақ телевизиясын әнші-жыршылардан тазартатын және де көрерменді шетелдік сериалдарға телмірткен арналарда ауыс-түйіс болуы керек деген ойда. Бұл туралы ойымен журналист әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Егеменге" елін сүйген азамат Дархан Қыдырәлі басшы болып келіпті. Қуанып жатырмыз. Енді мемлекеттік телеарналарға тілін сүйген, ұлттық дəстүрімізді жақсы білетін, əнші - жүргізуші дегендерді "көк жəшіктен" аластайтын, танымдық бағдарламаларға назар аударатын, қалың көрерменді шетел сериалдарына телміртпейтін азаматтар басшылыққа келсе деген арман бар. "Егемендегі" өзгеріс телеарналарға жұғысты болсын, Абаев мырза!"- деп жазды Арман Сқабылұлы. Бұл жазба желі қолданушыларының қолдауына ие болды. Тіпті бірі журналистің айтқаны орындалса, ұрпақ түзелетініне сенім білдірді. Ақпарат ретінде айта кетейік, өткен жұмада ғалым, публицист, тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының тумасы.
- Арман Сқабылұлы
- Дәурен Абаев
- қазақ телевизиясы
- Корреспондент
- қызық ақпарат