Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 2 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды

Фото: icdn.lenta.ru

Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінде шенді қызметкерлер темір тұлпарды тізгіндегендер керемет нәтиже көрсеткенін жасыра алмады.

 

Бұл эксперименттік шарада мамандар әдейі жедел жәрдем қызметінің көлігін жол бойына жібереді және денсаулық сақтау автокөлігінің ішіне  камера орнатқан. Роликтен байқағанымыздай, дабылқағышын қосқан жедел жәрдем көлігі кептеліске тап береді. Ал осы сәтте өзге жүргізушілер кезегімен жолды ашып, қысқасы медицина мекемесінің көлігіне жол берген.

Ұйымдастырушылар мұндай ролик көлік тізгіндегендерді көмекке мұқтаж жандарға қолдарынан келгенше көмектесуге, жолда әдепті болуға шақырады дейді.

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Нурбол
0 Нурбол 18.02.2016 09:48
Эксперимент емес, дайындалған деуге болады ғой, көздеріңді ашып қарасаңыздаршы, арғы көшеде бір екі машина ғана жүріп жүр, ал именно скорый жүрген көшеде машина кептеліс орын алуда. Күлкім келеді, формальность деген осы. Бірақ халыққа үлкен сабақ ролик деп білемін.
Жауап беру
Серғали
+1 Серғали 18.02.2016 22:26
Мен де солай ойлағам, бірақ шынайы сияқты. жолдың мәшинеге толып тұрған себебі алдыңғы жақта көлік апаты орын алып кептеліс туған сияқты
Жауап беру
Сұлушаш апай
+3 Сұлушаш апай 18.02.2016 14:24
Сол жерде тұрып жатқан адам ретінде айтарым,
рас, тек Шымкент емес, Шымкент облысының аумағында ондай жағдайда (егер қолдарынан келіп жатса) көмектен қашпайды.
Жауап беру
Эльмира
+4 Эльмира 18.02.2016 14:40
Нұрбол арине дайындалған, айтып тұр ғой эксперимент деп, кептелісті арнай жасап жүргізушілерді тексеріп тұр ғой, осы жағдайда жол береді ма жоқ па деп! Жаңалық ашқандай жаздыңыз ғой)))
Жауап беру
Нуртас
0 Нуртас 20.02.2016 08:37
таң қалдым осы видеоға,көлігіме сирена қосып алайынба деп ойлап қалдым!))))
Жауап беру
Мұхтар
0 Мұхтар 26.02.2016 08:06
Мен ШЫмкенттің Самал-3 де тұрамын. Бұл өтегенов көшесі. Ол көшеде ешқандай ондай кептеліс болмайды. Бір соғылған машинаны әкеліп қойып, машинаның бәрін тоқтатып жинап алып спектакль қойып жатыр ғой.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Үлгермегенімді келесі әкім орындайды»

Жұртшылық жақында ғана атыраулықтарға өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әне-міне қызметінен кетіп қалады-ау деген сыбыс таратып жүр. Оған өзіндік себе...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Жас отбасыларға - 216 пәтер

Үйсіздің күйі оңушы ма еді, қазіргі таңда елімізде баспана мәселесімен бас қатырып жүрген жастардың мәселесі артқан сайын, оның шешімін табу жолдары да қарастырылуда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарл...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

Лотереядан түскен ақша қайда кетіп жатыр?

Өркениетті елдерде лотерея қызметі мемлекеттің қатаң бақылауында. Лотереядан түскен табыстың бір бөлігі қайырымдылық шараларына және әлеуметтік жобаларға жұмсалады. Ал бізде қалай? Лотереямен айналысу...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Талмау тұс

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter