Олимпиада киімі сын көтермейді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Олимпиада киімі сын көтермейді

Олимпиада киімі сын көтермейді
  • Айдын СӘТЖАН

Астанада Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылған болатын. Бұл жаңалық жарыққа шықпай жатып-ақ сынға ұшырады.

Қазақстандық актер әрі режиссер Нұртас Адамбаевтың айтуынша тігілген киімнің түсі суық, бір қараған адамға жақсы әсер қалдырмайды. Яғни, ескі киімдерді еске түсіреді. Әлем назары ауатын дүбірлі додада Қазақстан спортшылары киімімен де көз тартып тұруы тиіс. Адамбаевтың пікірін қолдайтындар да көп. Соның бірі өзінің әлеуметтік парақшасында «Мен бұл 90-жылдары түсірілген сурет екен деп ойладым, бұл біздің құрама екен ғой», - десе, тағы бірі киім қандай болса, нәтиже де сондай болатынын болжайды.

Айта кетейік, модельдермен жұмыс бойынша арнайы комиссия құрылып, оған Олимпиада чемпиондары кірді. Жеңілатлет Ольга Шишигина спорт киіміне сын айтпады, бірақ шеруге киіп шығатын нұсқасына көңілі толмайтынын да жасырып қалмады. Оның айтуынша, олар ұсынған идеяларды өндірушілер іске асыра алмаған, сондықтан әйелдерге арналған жейдеше мен белдемшені жетілдіру керек деп кеңес айтты. Шеруге арналған форманың концепциясын компания жетекшісі айтып берді. 

Біраз жылдан бері спорт киімдерін тігумен айналысып келе жатқан компания басшылығы көпшілік тарапынан болған сынды жоққа шығара алмады. «Біз ұлттық байрақтың мотивін түстер реңіне қолданбадық. Біз басқаша істейміз. Түсі көк және ашық. Олар жақсы үйлеседі. Шалбар ақшыл сары. Аяқ киімді таңдадық. Материалы − лавсаны бар жүн. Қолайлы болуы үшін арнайы солай жасадық», −деді «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» компаниясының директоры Айбек Бектұрғанов.

− Сынға келер болсақ, мен бір мәселені түсіндім, он адам, он пікір. Бірінші нұсқасы ретінде олар көйлекті таңдады, енді оларға ұнамай қалды... Екіншісі жақсырақ екен. Қазір енді өзгертеміз». 

Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter