Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі жұмыстан кетті
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі жұмыстан кетті

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы болып Қуандық Салыбекұлы Құлажанов тағайындалды.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, Қуандық Салыбекұлы 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы математика пәнінің мұғалімі, заңгер. 
Еңбек жолын Төлеби ауданы Абай ауылы орта мектебінің қарапайым мұғалімі болып бастаған. Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратында жауапты қызметтер атқарған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, тәртіптхатшылығының меңгерушісі болған.

2015 жылғы қазаннан бастап облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келеді.

Ақпарат ретінде айта кетейік, білім басқармасына бұған дейін Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұxтарxан Ділдәбековтің әйелі Альбина Елшиева басшылық еткен. Ол бұл қызметке 2011 жылдың тамызында тағайындалған.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Сабр
0 Сабр 25.02.2016 23:39
Калеке, кутты болсын. Осы багытыныздан кайтпаныз. Талабыныз мыкты.
Жауап беру
Ас
0 Ас 26.02.2016 02:08
Жаксы баскарса неге алып тастаган екен
Жауап беру
Фатима
0 Фатима 05.03.2016 11:29
Облыстың Бірінші мұғалімі боп жүргенде Елшиеваның қызмет атқару барысындағы кемшіліктері туралы БАҚ -да талай шыншыл сын мақалалар жарияланған. Сол кемшіліктерді жоюдың орнына ол журналистерді сотқа беріп іскерлік беделін қорғаған. Іскерлік беделді сотта емес қызметін адал, заңды орындауда дәлелдеу керек емес пе? Жаңадан оның орнын алған Қ.Құлажанов осыны ескерсе екен...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter