Әнші Төреғали Дастан Оразбеков құрған топ жігіттерін «шайтанға» теңеді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Әнші Төреғали Дастан Оразбеков құрған топ жігіттерін «шайтанға» теңеді

Әнші Төреғали Дастан Оразбеков құрған топ жігіттерін «шайтанға» теңеді

Қазақстандық жас әнші Төреғали Төреәлі өнердегі әріптесі Дастан Оразбековтің сәлемдемесіне жауап қайтарды. Яғни, жігіттерден құралған топқа жетекшілік ететін әнші Дастанның «Төреғали Төреәлі секілділер тыңдарманды алдағанын қойсын. Өмірде сыйлаймын, араласамын. Бірақ өнерге келгенде халықты алдағанын қаламаймын. Бүкіл хиттері өзге елдің әні. Соны тек сөзін жазып шығарып жатыр» деген пікірі жас әншіге ұнамай қалған сияқты. Бұны қазақи болмыстағы өнери иеcі Төреғалидің «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатынан байқауға болады.

 

«Қазақтың жігіттері осыншама ұсақталып, бір-біріне видеосәлемдеме жолдайтын болған ба?.. Ұрламайық па, онда стиль ұрлауды да қояйық. Кореяға еліктеуді де қояйық түбегейлі. Қазақсың ба, қазақтың әнін жаз. Айтасың ба, «т» әрпін «тэ» демей, "жүрек» дегенді жуйрек» демей шірімей, дұрыстап сөздерін айтсын... Жалпы еркекке сын келетін нәрсе біреудің сыртынан әңгіме айту. Бір жағынан ол да жаны ашып айтқан шығар. Шет елдің әнін ұрламайық деп жатқан шығар» деген әнші Төреғали Төреәлі. Онымен қоймай, «Төрешің» деп ән салған өнер иесі Дастан Оразбеков құрған топ мүшелерінің кейпі «шайтанның» түріне келетінін де ашына айтқан.

«Шайтан дегенді қалай елестетуге болады? Шайтан дегенді кішкентайымыздан естіп келе жатырмыз ғой, солардың түрі сол жігіттердің жасаған топтарынан білінетін сияқты бір кейпінен... О заманда бұ заман, сырғаны еркек таға ма? Ауын салбыратып кие ме бұтына "жіберіп" қойған адам ұқсап? Осыны қояйық»,-деді бірнеше хит әндердің орындаушысы Т.Төреәлі. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Kurmet
0 Kurmet 01.03.2016 20:18
Toregaliga kosylam. Shaitannyn ozi korkatyn shygar.bulardan
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter