Допинг доптай домалатпасын
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Допинг доптай домалатпасын

  • Айдын СӘТЖАН

Жасыратыны жоқ, қазақ спортшылары қоржынға жүлде салса, артынша жағымсыз қауесет бірге шығатын болып жүр. Ауыр атлеттеріміз қара күшімен қайран қалдырғаны шығар, тіпті ондай жеңістің болуына сиқырлы спорттың «сөлін сығып, суын ішіп» жүргендер де сене алмай әлек. Содан барып «допинг қолданыпты» деген қауесетті оп-оңай шығара қояды.

Соңғы жылдары біздің спортшылар допингтің айналасындағы долбардан көз ашпай қалды. Неге? Әлде, шын мәнінде, спортшылар сол бір пәлекетке құмар ма? 

Рас, толайым табысқа кенелгенін көре алмағандықтан ба, әйтеуір біздің саңлақтарды аяқтан шалатындар да, жетістігінен мін іздейтіндер де көбейіп кетті. Англияда қамауға алынып, кейіннен ақталған таэквондошы Азамат Теңізбаевты алайық. Сәл болмағанда жалалы бола жаздады емес пе? Әлі де ақталып шыққанын айтсайшы... Енді ауыр атлеттеріміз бірінен соң бірі допингтің «құрбаны» болуда. 

Алдымен ауыр атлеттеріміз бақ сынайтын жазғы Олимпиада ойындарының тарихына зер салайық. Қазақ спортшылары 1988 жылға дейін КСРО құрамында өнер көрсетті. 1992 жылдан бастап дербес мемлекет ретінде қатыса бастады. Содан бері алты мәрте жазғы Олимпиадаға куә болыппыз. Енді осынау әлемдік додалардағы ауыр атлеттеріміздің жетістіктерін саралап көрейік.

1996 жылы Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарында марқұм Анатолий Храпатый алтыннан алқа тақты. Араға төрт жыл салып жалауын желбіреткен Афины бәсекесінде Сергей Филимонов күміспен күптелді. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы Қазақстан толағайлары үшін сәтті өрілді. Илья Ильин өз салмағында қарсыластарын қапыда қалдырса, Ирина Некрасова мен Алла Важенина күмісті олжалады. Мария Грабовецкая қоланы қанағат тұтты. Ал 2012 жылы Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында отандастарымыз төрт бірдей алтын медальді иеленіп, айды аспанға бір-ақ шығарды. Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова ел мерейін үстем етті.

Бұл жетістіктер ішіне шынашақ бойламайтындардың ұйқысын қашырды. Қытайлар Зүлфия мен Майяны сыртттай иелене бастады. Орыстар Илья Ильинге көз алартты. «Светлана Ресейден шыққан» деп шала бүлінді. Одан түк шықпаған соң ақыры допинг деген пәлені ойлап тапты. Яғни, Қазақстан атлеттерін дәрі арқылы дәрменсіз етуді көздеді. Және бұл «идеясы» қиянат болса да жүзеге асып келеді. Құйтырқы істің жүзеге асқаны шығар, бүгінде бетке тұтар біраз спортшыларымыз осы бір пәлекеттің құрбаны болып үлгерді. Тым әріге бармайық, осыдан үш жыл бұрын, яғни 2013 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы алдымен «допинг қолданды» деген желеумен Азия чемпионатының қола жүлдегері Евгений Евстафеевті спорттан аластатты. Одан кейін тура сол «айыппен» Александр Зайчиков пен Александра Аборнева қуылды. Кейіннен Ерболат Жоламанов, Майра Файзоллаева, Әсем Сәрсекенова, Айдар Қазов, Ғалымбек Жұбатқанов, Максим Лактионовтар «құрбандыққа» шалынды. Қара тізімге оныншы болып Қазандағы студенттер универсиадасының чемпионы Фархад Харки ілікті. 

Мықтыларды «спорттан аластау» әрекеті мұнымен тоқтаған жоқ. Екатерина Столяренко да екі жылдық «демалыс» алды. Бас-аяғы 11 ауыр атлет үлкен жарыстардан шеттетілді.

Спорт жанкүйерлерінің сөзіне сенсек, допингтің «құрбаны» болып жүргендердің басым бөлігі жастар. Амал не, жұлдыздары енді жанып келе жатқан қыз-жігіттердің жігері осылайша мұқалып, спорттан көңілі қалып барады. Ең өкініштісі, біреудің құйтырқы саясаты ел қазынасына да әжептеуір салмақ болып тұр. Өйткені осы «айыбына» Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы спорттан шеттетілген толағайлар үшін 24 айдың ішінде 500 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Алла қаласа, 2016 жылы Илья Ильин бастаған толағайлар Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Алаштың айбынын тағы да бір асырады деген ниеттеміз. Бұған біздің атлеттердің қарым-қабілеті де жетеді, мүмкіндігі де мол. Тек... 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter