Атыраулық әжелер таэквондоға қатысып жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 3 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Атыраулық әжелер таэквондоға қатысып жүр

Фото: azh.kz

Атырауда егд жастағы жандар таэквондомен шұғылдануға жаппай қызып жатыр. Бұл туралы azh.kz жазды. 

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, үшінші дан қара белдігінің иесі Қабибек МҰХИТОВ «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Людмила ЛИГЕ таэквандо секциясын ашуды ұсынғанда шәкірттері осындай қарт адамдар болатынын болжамаған да болар.

- Басында балаларды жинау керек деген ойда болғанбыз, алайда Людмила Валентиновамен сөйлескеннен кейін мен олардың бірлестіктерінде үлкен адамдардан жиналған белсенді ұжым – «Саранг» аталар мен әжелер хоры бар екенін білдім. Осылайша әңгіме барысында осы адамдардың денсаулығын көне кәріс соғыс өнерін үйрену негізінде жақсартуға жағдай жасау идеясы туындады. «Сарангте» бұл ойды қуана құп көрді. Бұл топ бір айдан бері жаттығып жатыр, әзірге 17 адам, болашақта бұдан да көбейеді деп ойлаймын,- дейді Қ. Мұхитов.

Әсіресе әжелер бұған құлшына кірісті. Әзірге тек екі ата ғана бар. Топтың ең жас қатысушысының жасы 60-та, ең үлкені – 79-да. Алайда, олардың айтуынша, жастары бұл жаттығулар кезінде еш кедергі келтірмейді екен.

- Мен таэквандомен айналысуға мүмкіндік бар екенін білгенде, бірден жазылдым. Бірінші кезекте өзім үшін, өз көңіл-күйім мен денсаулығыма пайдалы. Жаттығулардан қуат аламын, шыққаннан кейін өзімді тау қопаратындай сезінемін,- дейді Людмила Николаевна ТЯН.

Осы бір ереке топтың жаттықтырушысы өз тарапынан шәкірттерінің жаңа бір әсер беретінін айтты:

- Мен көбіне жастармен және балалармен жұмыс жасаймын. Ал мұнда үлкен жастағы адамдар. Олар жастардан еш қалыспайтындығын айтқым келеді. Олардың тәртібі мен ынталарына таң қаласың. Сенесіздер ме, соларға жаттығу жасатып жүріп, өзімнің екінші тынысым ашылғандай болды.

Қазір осы топтың қатысушылары ресми түрде клуб ретінде тіркеліп, атыраулықтар ортасында саламатты өмірді қалыптастыруды насихаттаумен айналысу туралы ойланып жүр. Олардың бұл үлгісі адамдар жылы қабылдайды деп ойлаймын!

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО әкімі лезгинка биін билеп, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады (фото+видео)

Бүгін республика бойынша тұңғыш рет Алғыс айту күні кеңінен атап өтілді. Аталған датаға орай оңтүстікқазақстандық жамағат «Түркістан» сарайы ғимаратының алдына жиналды. Онда түрлі ұлттың мәдени орталы...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік журналист Назарбаевтан уәдесінде тұруын сұрады

Әділетсіздіктен әбден шаршап, қазақ тілі үшін шырылдаған шымкенттік журналист Елбасыдан араша сұрады. Бұл туралы sn.kz жазды. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де қазақшаға орыс тілінде ж...

Korrespondent.kz Қоғам

Елбасы әріптестерінен кешірім сұрады

Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтілуде. Айтулы күнге орай Астанада өтіп жатқан мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Ол қазақстандықтарды осынау мейр...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter