Елбасының қазақ тіліне не үшін шүйліккені белгілі болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Елбасының қазақ тіліне не үшін шүйліккені белгілі болды

Фото: gdb.rferl.org
Фото: gdb.rferl.org

Белгілі журналист Марат Тоқашбаев Елбасы Н.Назарбаевтың орыс тілінде сауал жолдаған азаматтарға өзге тілде жауап берген мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан қуылатыны туралы мәлімдемесіне қатысты өз пікірімен бөлісті. Қаламы қарымды журналистің пайымы бойынша, оған орыс тілді қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтің Қазақстанның Орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде «Орыс тіліне атүсті қарайтындар Қазақстан бірлігіне қарсы жұмыс істейтіндер» деп кесіп айтқаны себеп болыпты. Бұл туралы Марат Тоқашбаев «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Елбасыдан бірнеше рет Алғыс хат алған журналист желі арқылы жеткізген ойын «АЛЖАС АМАРОВИЧКЕ АЛҒЫС» деген тақырыппен бастаған.

 

«Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі Алматыда 16-ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы «Егер азамат орыс тілінде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмысты қуу керек» дегені бәріміздің есімізде. Осындай мәлімдемеге не себеп болды екен деп біраз жұрт бас қатырған» деп ой бөліскен М. Тоқашбаев. Тіпті өз болжамына белгілі бір басылымдардың бірінен оқыған мақаласын байланыстырыпты.

«Кеше «Казачий курьер» деген газетсымаққа көзім түсіп, қарап отырсам, онда ақпан айының басында өткен Қазақстанның Орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде сөз сөйлеген Олжас Омарович Сүлейменов былай депті: «Также я очень внимательно слушал всех вступающих. И многому поразался, потому что многое, что касается отношения между языками, мне было не так хорошо известно. И я согласен с теми кто сказал, что пренебрежительное отношение к русскому языку работает против единения казахстанского народа. Такое отношение нарушает движение к тем самым целям, к которым мы каждый день себя призываем: мир, стабильность, межнациональное согласие. По сути дела, те «мелкие» чиновники, не зависимо от рангов, «мелкие» политики, которые нарушает Закон о языках, выступает против Казахстана, против нашей независимости, против нашего будущего. А это значит, что большая мина заложена под Казахстаном и часы тикают. Это я почуствовал и это не может остановить нас равнодушными. 
...Я доведу до Главы государства все вопросы, которые вы справедливо здесь поднимаете». («Казачий курьер», №2 (130) февраль 2016 г, 13-стр)» деген пост авторы. Сөйтіп «Елбасы оны 12-ақпанда қабылдады. 16-ақпанда Елбасы «орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу» туралы тапсырма берді.
Өзінің Ата тілін қорғаған Алжас Амаровичке біз шексіз алғысымызды білдіреміз!» деп өз ойын түйіндеген ол.

Жазба астындағы пікірлерден журналист көзқарасымен көбінің келісетінін байқауға болады. Бірі «Бәсе сондай бір нәрсе түрткі болған. Пәле Алжастан келді деген сәуегей жігіттер де болды. Рас екен.» деп пікір қалдырса, келесі бірі «Алжас Амаровичті орнына қою керек, Ұлттың жауы атағын беру керек!»  деп те наразылығын жеткізген. Пікір қалдырушылардың қатарында орыс тілді ақынның алжығанына күмән келтірмегені де бар. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпан күні Елбасы Алматыға жасаған сапары барысында кейбір мамандар заңнан озып, ел тұрғындарының бәрін қазақша сөйлеткісі келетінін айтып, ашуланған еді. «Менің байқағаным, біреу орысша сұраса, біздің мамандар оған қазақша жауап беріп жатады. Сонда прокуратура қайда қарап отыр? Егер азамат орыс тілінде өтінім берсе, оған орысша жауап беру керек. Егер орыс тілінде сұраған азаматқа қазақша жауап берсе, ондай қызметкерді жұмыстан қуу керек!» - деп атап өткен болатын Н.Назарбаев.

 

(Скриншот М.Тоқашбаевтың "фэйсбуктағы" парақшасынан алынды)

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бақыт
+7 Бақыт 25.02.2016 12:24
Тілін қорлайтындар сөйлеуге ниет те білдірмейтіндер ұлт үшін өте қауіпті. Ал Елбасының қазақ тілін қорлаңдар деген ниетте емес, орыс болсын басқа да ұлттың тілін болса да құрметпен қараңдар деп айтқысы келген еді. Жалпы миында тек қаралауды ғана білетін біздің санамыз тек бір адамды ұстап алып соны ғана айыптағанға үйреніп қалған ғой. Өзі ана тілін құрметтеген адам ешқашан орыс тілінде сұрақ қоймайды қазақша жауап алуы үшін.
Жауап беру
Алдияр Нурманов
+7 Алдияр Нурманов 25.02.2016 14:17
Казак адебиетинин айдынында жургендер осы Олжас Сулейменовти алгы шеп улги етеди... Не ушин? Кандай кызмети ушин? Казак зиялылары соншама кокке
котеретиндейказакка не истеди?
Жауап беру
Төлеген
+15 Төлеген 25.02.2016 15:52
Алжас Амарович өлген жағдайда сүйегін Ресейге қойсын жаңағы Орыс,Казак славян ұйымдары..,
Жауап беру
Казакаын
+8 Казакаын 25.02.2016 19:21
Токаев, сулейменов жане тагы баскалар казак тилин курметтемек тугили казакша болады дегеннен коркатындар, жогарыда отыргандардын коби, "зиялы" деген атка иелер казакшаны кажет етпей отырган солар, сондыктан казак тили кайдан алга жылжысын? Тил болмаса - улт болмайды, олардын калаганы осы, казактын кажети не деп, казакстандык болгысы келетиндер
Жауап беру
turarbek jakau
+8 turarbek jakau 26.02.2016 02:13
Казакстанда туратын ар бир уыт окилдери Казак тiлiн бiлуi тиiс . Озге Тiлдiн барiн бiл . Оз тiлiнды курметте. Деген соз бар
Жауап беру
Назгүл
+9 Назгүл 26.02.2016 19:18
жақсы, орыс тілінде қойылған сұраққа орысша -ақ жауап алайық. Ал егер мен сұрақты ана тілімде қойсам жауапты қазақша алатыныма сенімдімін бе!
Жауап беру
Kurmet
+5 Kurmet 26.02.2016 22:20
Suleimenovty jek korip kettim
Жауап беру
Албан
+5 Албан 28.02.2016 09:10
Балык басынан шiридi.Тан калмадым.Оз тiлiмiз ошудiн алдында турганда олмес тiлдiн сойылын соккан ел агаларына не деймiз. Коргендерiнен корерлерi аз калганда булары несi? Бiздiн балаларымыз оларды калай мактаныш етпек.? Соракылык, Сокырлык , Акымактык.
Жауап беру
Албан
+5 Албан 28.02.2016 09:44
Олардын "бiр жерлерiн" канша жаласандар да .Сендер олардын " улт мактанышы" бола алмайсындар.керiсiнше оз ултарыннын"улт жiйркенiшi" болып шыга келулерiн гажап емес..Бул заман да отер КАЗАК ултынын басына будан да жаксы кундер туар.сонда аттарын тарихта жаман болып калса , сол кайгы емес па?
Жауап беру
Алжас
+2 Алжас 29.02.2016 07:29
Сулейменов КСРО нын тарап кеткенiн умытып калган, карiлiк кой.Олардын барi картайды ендi олар сандрактай бередi.Ренжiмендер.шыдандар аз ак калды! Не кормеген казакпыз бiр- екi алжыган шалдарга бола жуйкемiздi тоздырмайык.
Жауап беру
Жанболат
+3 Жанболат 29.02.2016 22:18
Қуандық ағамызға толық қосыламын,Алжас сияқты ағаларымыз айтты екен деп бас шұлғый бермей,өз тілімізде сөйлеуіміз керек,
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қазығұрт асуындағы қыз

Қазығұрт асуынан ары-бері өткен көліктерге қол бұлғап тұратын қыз жайлы бұған дейін де аз айтылып жүрген жоқ. Түн жамылып жолға шығатын қыз таяуда тағы бір көлікті тоқтатады. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Әкімдер рейтингінде Көшербаев қай жетістігі үшін көш бастап тұр?

«Саясат-Monitoring» ай сайын әкімдердің рейтингін жасайды. Бұл біраздан бері келе жатқан үрдіс. Сондықтан болар, оған атқамінерлердің де үйреніп қалғаны соншама, алаңдап тұрады екен. Тіпті облыс басшы...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

800 000 теңге бала «сыйлай» ала ма?

Талай шаңырақтың шайқалуы – бедеуліктің кесірі. Алайда медицинаның қарыштаған уағында «тағдыр деп, қолдан келер қайран жоқ» деп көнбістік танытып қарап отырғанды құп көретіндер азайып келеді. Байыз та...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

Елді ұйыстырар идеологиямыз қайсы?

Халықты билеу үшін алдымен оның санасын билеу керек. Бұл қағиданы билікті уысында ұстағанның барлығы біледі. Тек, қарашаның санасына қалай жол табу керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Соның кесір...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

Байланыс телефоны:  +7 (702) 5361474

E-mail: korrespondent-kz@mail.ru

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter