Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Фото: www.kursiv.kz

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Оның үстінен ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі және 99-бабы бойынша (адам денсаулығына зиян келтіру және өміріне қастандық ойлау) баптары бойынша іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, Есентаев 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Басқа ақпарат тергеуге қатысты жария етілмейді. Белгілісі, продюсерді Алматы әуежайынан күтіп алу үшін күйеуі Бақытбек жиен інісі екеуі Chevrolet Cruzeкөлігімен барған.  Ол қатты мас болғандықтан көлікті жиен інісі жүргізген. Бақытбек Есентаев әуежайға суық қару алып барған. Баян Мақсатқызын күтіп алған бойы күйеуі оны жұлқылап, көлікке отырғызып, сабаған. Біраз уақыт өктен соң інісін көліктен түсіріп жіберіп, әйелін пышақтай бастайды. Бұл кезде Есентаевтың туысы ерлі-зайыптылардың үлкен қызы Айсәулеге хабарласып, мән-жайды жеткізіпті. Оқиға орнына дереу жеткен Айсәуле Бақытбек ата-анасын ажыратып алады. Айта кетейік, 10 маусым күні күндізгі уақытта танымал продюсер ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына түсті. Ол бас сүйегінен жарақат алып, мұрны сынған. Сонымен қатар ішінен пышақ жарақатын алған.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергіл...

Korrespondent.kz Қоғам

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астана тұрғыны жаңа әжетхананың ашылуына қала әкімі Жақсыбеков келеді деген сенімде

Астаналық тұрғын Азамат Көшенов бас қаладағы Жастар сарайы маңында жаңа әжетхананың ашылуы болатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Тіпті ол дәрет сындыратын орынның ашылуына әкімнің өзі қатысатын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter