ІІМ: "Ауруханада жатқан Есентаеваны суретке түсіріп, желіде таратқан адамды табамыз"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ІІМ: "Ауруханада жатқан Есентаеваны суретке түсіріп, желіде таратқан адамды табамыз"

Фото: kapital.kz

Полицейлер Баян Есентаеваның ауруханадағы фотосын таратып жiберген адамды iздестiрiп жатыр. Бұл туралы журналистерге Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтып берді. Және де министр бұл жағдай соңына дейiн тексерiледi, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Сот күдiктiнi екi айға қамау шешiмiн шығарды. Бұл iстi адам өлтiруге оқталу бабына ауыстырдық. Қалған жағдайды соттан бiлесiздер», - дедi Қасымов.

Ал Баян Есентаеваның ауруханадағы фотосына қатысты жағдайына тоқталған министр суреттi таратқан адамды табатындарын айтты.

«Әрине, ыңғайсыз жағдай болды. Қазiр мұны тексерiп жатырмыз, бұл iстi соңына дейiн жеткiземiз», - дедi министр.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын. Қазір продюсер ауыр халде ауруханада жатыр. Әлдекімдер продюсерді суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Райхан
0 Райхан 15.06.2016 00:26
дурыс айтасыз,суретке тусырген арине сол куны сменде болган мед бике санитаркалар болуы гажап емес.Ойткены денгей томен адамнын ысы болары созсыз. К.Касымовка. рахмет! Калдырмау керек арине.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мәсімов орнынан кетуі мүмкін

Сейсенбі күнгі өзгерістерге қарағанда жуық арада Мәсімов орнын босататын сияқты. Оған себеп – француздардың оны жемқорлық бойынша айыптауы ма, әлде қазақша сөйлей алмайтындығы ма, мүмкін, әкесінің жет...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Елбасы: "Қазақстан Президенті әйел адам болуы мүмкін... Менің де үш қызым бар"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президентінің әйел азаматы бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ...

Korrespondent.kz Саясат

Билік басына ұлтшылдар келсе не болады?

Соңғы кезде орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында «ұлтшыл-патриоттар» мәселесі жиі айтылып жүр. Мұны іліп алып, Ресей басылымдары да тақырыпқа май тамызып отыр. Қазақстанның орыс тілді тұрғындарын...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter